Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК Акадмиясының білім беру қызметін ұйымдастыру туралы ақпарат

ҰҚК Академиясы арнаулы, көп көпбейінді оқу орыны, ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ғылыми және әдістемелік орталық  болып табылады.

 

1997 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ҰҚК Институтын одан әрі нығайту қажеттілігі мен маңыздылығын ескерте отырып, республиканың элиталық жоғарғы оқу орындарының қатарына енгізілу құқығына ие оқу орыны ретінде бағалады.

 

ҰҚК Академиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  жоғарғы оқу орыны ретіндегі тарихын Алматы қаласында ұдайы әрекет ететін КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдары басшы және жедел құрамының біліктілігін жетілдіру курстары  1974 жылдан бастады. 5 жылдан кейін оқу орыны КСРО МҚК Кадрлар біліктілігін арттыру курстары болып қайта құрылып, 1983 жылы оған КСРО МҚК Жоғары курстары мәртебесі берілді.


Қазақстан ұлттық егемендігін жариялағаннан кейін ел басшылығының шешімімен 1994 жылы  оқу орыны Қазақстан Республикасы ҰҚК институты болып қайта құрылды. Оған ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін жоғарғы арнаулы білім туралы диплом берумен жедел-іс-қимыл қызметінің барлық бағыттары бойынша  даярлау және қайта даярлау міндеті жүктелді.  

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылғы 6 мамырдағы  Жарлығымен Институт Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта ол еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарының арасында лайықты орынға ие. 

Бүгінгі таңда Академия Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін отандық кадрлар шеберханасы болып табылады.

ҰҚК Академиясында жоғарғы оқу орыны және жоғарғы оқу орынынан кейінгі кәсіби білім беру, кадрлар даярлау 2007 жылғы «Білім беру туралы» ҚР Заңына сәйкес 2009 жылдан бастап, сондай-ақ оқу қызметін реттейтін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР ҰҚК нормативтік құқықтық актілері аясында ұйымдастырылып, іске асырылады.   

ҰҚК Академиясында оқыту білім беруді ұйымдастырудың мынадай формалары мен бағыттары бойынша жүргізіледі: 

1. Жоғарғы оқу орындық:

 

- бакалавриат, жоғарғы білім негізінде оқытудың қысқартылған мерзімімен  2,5 жыл. Бакалавр академиялық санатын және «екі шет тілді білетін жедел қызметкер» білігін берумен.


2. Жоғарғы оқу орынынан кейінгі:

 

- магистратура;

- бейінді магистратура, магистр академиялық дәрежесін берумен 1 жыл оқу мерзімімен;

- ғылыми-педагогикалық магистратура, магистр академиялық дәрежесін берумен 2 жыл оқу мерзімімен;

- ғылыми-педагогикалық  бағыттағы докторантура, философия докторы ғылыми дәрежесін берумен (PhD) 3 жыл оқу мерзімімен.


Академия алдында тұрған негізгі міндет ретінде жедел-іс-қимыл қызметінің озық тәжірибесін жинақтау және тарату, ұлттық қауіпсіздік органдарының нақты бөлімшелерімен өзара байланыс негізінде әдістемелік көмек көрсету болып табылады. 

Академия тыңдаушыларын оқыту үдерісінің ерекшелігі барлық оқыту курстарының жүргізу кезінде кешенді көзқарасты қалыптастырады және Комитеттің нақты бөлімшелерімен тығыз өзара әрекеттестікке себептеседі, білім беру үдерісінің мазмұндық бөлігін жедел тәжірибе қажеттіліктеріне барынша жақындату мақсатында теориялық және ғылыми ақпарат арасындағы өзара тәуелділік ескеріледі.    

Білім беру үдерісін жүргізу үшін ҚР ҰҚК Академиясында штат бойынша профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамның 200 астам қызметкерінен құралады, олардың ішінде 14 ғылым докторы және 62 ғылым кандидаты бар.     

Кәсіби шеберліктің негізін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын арнаулы факультет қалайды. 


Арнаулы сабақтар курсанттар мен тыңдаушыларда жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар жүйесіндегі жедел қызметтің рөлі мен орны туралы нақты түсінік қалыптастыруға арналған. Олар білім алушыларда табысты жұмысқа қажетті патриотизм, интернационализм, қырағылық және кез келген қылмыстық әрекетке деген шыдамсыздықты тәрбиелеуге, таңдаған кәсібінің маңызын түсінуге, болашақ жедел қызметкерде жеке және кәсіби сапаларды қалыптастыруға көмегін тигізеді.    

Арнаулы факультетте психологиялық пәндерді оқытуға маңызды көңіл бөлінеді және бұл курсанттарда талқылау жүргізе білу, сұхбаттасын сендіру, жеке тұлғаға психологиялық әсер ету, қалыпсыз және экстремалды жағдайларда батыл қимылдау сияқты маңызды сапалардың қалыптасуына себепкер болады. 

Арнаулы тіл дайындығы факультеті мемлекеттік және шет тілдерді оқытуды жүзеге асырады және оқытуды бейіндеу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Оқытудың негізгі мақсаты тілді қызметтік, кәсіби міндеттерді орындау, ашық және жабық ақпарат көздерімен жұмыс дағдыларын сіңіру құралы ретінде  игеру болып табылады.

 

Құқықтық және гуманитарлық дайындық факультеті негізгі заң пәндерін кәсіби бағытталған оқытуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар оқу үдерісінің мазмұны Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің жедел тәжірибелік қажеттіліктеріне барынша жақындатылған. Нәтижесінде Академияның курсанттары мен тыңдаушылары мамандықтары бойынша қажетті құқықтық білім, ептілік пен дағдылар алады.


Ақпараттық-талдау дайындығы факультетінде болашақ кәсіби қызмет үшін курсанттар мен тыңдаушылар заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық жүйелерді әкімгерлеу және дамыту; ақпаратты талдау және бағалау, талдау құжаттарын құрастыру; негізделген шешімдер қабылдау, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында басқару жүйесін құру бойынша білім, дағдылар мен машықтарға алады. Факультеттің оқу сыныптары заманауи компьютерлік құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған.   

ҰҚК Академиясы ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен, есірткі мафиясымен және басқа да құқыққа қарсы әрекеттермен күреске арналған ерекше салалардағы жұмыс үшін кадрлар даярлайды. Сондықтан жоғарғы оқу орнында тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.


Курсанттар мен тыңдаушыларда жедел қызметкердің кәсіби ептілігі мен  дағдылары қалыптасуымен қатар Академияда олардың физикалық және әскери дайындығына, түрлі климаттық жағдайларда жедел-қызметтік, әскери және арнаулы міндеттерді шешуде әскери-қолданбалы дағдыларды қолдану машығына аса көңіл бөлінеді. Жоғарғы оқу орнында волейбол, футбол, ату, қоян-қолтық күрес, жеңіл және ауыр атлетика, спорттық бағдарлау және жүзу бойынша секциялар құрылып, жұмыс істейді. ҰҚК Академиясы негізінде Қазақстанның қуатты құрылымдары курсанттарының арасында қоян-қолтық күрестен жыл сайынғы республикалық турнир жүргізу ұйымдастырылды.       

ҰҚК Академиясындағы оқу-тәрбие үдерісі ұлттық қауіпсіздік органдарындағы нақты қызметпен тығыз өзара байланыста құрылған. Сондықтан сабақ жүргізуге жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар басшылары, қуатты құрылымдар мамандары тартылады, бұл оқу-тәрбие жұмысына еліміздегі және әлемдегі саяси және жедел жағдай  таңатын шындыққа түзетулер енгізе отырып, оның нәтижесін арттыруға септігін тигізеді


Академияда жас мамандарды даярлаудың және тәрбиелеудің сапасын арттыруға септігін тигізетін курсанттар мен тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Курсанттарды ғылыми-зерттеу жұмысқа тарту болашақта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдында тұрған міндеттерді шешуде олардың шығармашылық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді 

ҰҚК Академисы бөлімшелерінің ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметі олардың мамандануарына сәйкес жүзеге асырылады және ғылыми зерттеулерді басқарумен үйлестіріледі. Ол ҰҚК органдары жұмысының тиімділігін арттыруда оның ұзақ мерзімді мүдделерін іске асыруға, қарсы барлау қызметінің формалары мен әдістерін жетілдіру бойынша болжамдық бағалау және тәжірибелік ұсынымдар, Комитеттің барлық басқарушы және орындаушы буындарының жұмыс істеу механизмдерін әзірлеуге бағынышты. 

ҰҚК Академиясындағы ғылыми-зерттеу қызметтің құрамдас бөлігі магистратура және докторантура түлектерінің оқу үдерісінде және тәжірибелік жұмыста ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша диссертациялық жұмыстар дайндау болып табылады. 

Академия қызметінде өзінің жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау маңызды бағыт болып табылады. Профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми біліктілігін арттыруға 1996 жылдан бастап жұмыс істей бастаған Академия адъюнктурасы себепкер болды.  Оның жұмысының нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі және жедел психологияның өзекті мәселелері бойынша ғылым кандидаттары және докторлары ғылыми дәрежелерін іздеуге арналған 100 астам диссертация қорғалды. 2010 жылғы желтоқсанда ғылыми кадрларды даярлаудың дәстүрлу жүйесінің жабылуына байланысты, қазіргі уақытта ғылыми кадрларды даярлау магистратура және докторантураның жоғарғы оқу орнынан кейінгі бағдарламалары бойынша үш деңгейлі оқыту жүйесі аясында жүзеге асырылады.

 

Курсанттарда тиісті мәдени деңгейді дамыту мақсатында қаланың театрлары мен мұражайларына барумен, белгілі қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен, мәдениет адамдарымен кездесулермен байланысты кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.


Академия клубында вокалды-аспапты студия, актерлік шеберлік және түрлену мәдениеті секциялары жұмыс істейді. Академия курсанттары ҚР Қорғаныс министрлігі Жастар бастамалары бүкіләскерлік орталығының бастамасымен Алматы қаласында өткізілетін «Жас Ұлан» жал сайынғы республикалық конкурсының, сондай-ақ жоғарғы оқу орнының өкілдері үнемі жоғары орындар, дипломдар мен грамоталар алатын «Студенттер Наурызы» (халық, фольклорлық музыка конкурсы) студенттік фестиваль-конкурсына тұрақты қатысушылар болып табылады. 

Жоғарыда аталған курсанттармен және тыңдаушылармен жұмыстың барлық формаларының мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының дәстүрлі және жаңа түрлерін жетілдіру, өз Отанының шынайы патриотын, интернационалист, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының лайықты офицерін қалыптастыру үшін қажеттінің бәрін жасау.

ҰҚК Академиясы дүниежізілік қауымдастыққа төнетін қауіп-қатерлер проблематикасы бойынша конференциялар ұйымдастырылатын Қазақстанның ғылыми-әдістемелік орталықтарының бірі болып табылады.  Осылайша, Академия негізінде «Религиозный экстремизм: истоки, реальность и социально-правовые превенции», «Теоретические и прикладные проблемы обеспечения национальной безопасности» және т.б. ғылыми конференциялар өткізілді.


ҰҚК Академиясының басқа мемлекеттер арнаулы қызметтерінің оқу орындарымен әріптестік байланыстар орнатқан және бұл оқытушылық қызметтің тәжірибесімен алмасу үшін олардың мүмкіншіліктерін пайдалануға мүмкіндік береді. ҰҚК Академиясы Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия және басқа да мемлекеттер арнайы қызметтерне олардың қызметкерлерін оқытуда көмек көрсетеді.   

ҰҚК органдары үшін кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау, ғылыми-зерттеу қызметімен толыққанды айналысу қажетті материалдық-техникалық негіздің болғанында ғана мүмкін екендігі белгілі. Бұл ретте Академияда оқу-әкімшілік және лекция залдарымен оқу-лабораториялық корпустар және 100 мыңнан астам кітап қорымен, лингафон кабинеттерімен екі кітапхана (жалпы және арнайы) бар.  Оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологиялар ендіріледі. Олар – Интернет, серіктік теледидар, электронды кітапхана. Жоғарғы оқу орнында заманауи спортзал, стадион және спорт алаңдары бар.

Бүтіндей алғанда Академия жұмысы өз ісінің кәсіби шеберлерін даярлауға негізделген, өйткені, Қазақстан Республикасы ҰҚК бөлімшелері мен органдарының азаматтарға, қоғамға және мемлекетке заңға қайшы қол сұғушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қызметінің тиімділігі ең алдымен арнаулы қызметтің кадрлық құрамына байланысты.   

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған уақытынан бастап, Жоғарғы курстар, одан кейін ҰҚК Институты және Академияны генерал-лейтенант В.Т. Шевченко, философия ғылымдары докторы генерал-майор Т.Н. Нұрахметов,  заң ғылымдары докторы генерал-майор С.Қ. Әбсаметов, заң ғылымдары кандидаты генерал-майор Ш.Ш.Отарбаев, саяси ғылымдар докторы генерал-лейтенант Н.Н. Дүтбаев, заң ғылымдары кандидаты генерал-майор Н.Н.Бекмұхамбетов, генерал-лейтенант Ә.Ш.Шаяхметов басқарды.

 

2013 жылдан бастап ҰҚК Академиясының бастығы болып генерал-майор Қ.Б. Нұрбеков тағайындалды

 

Толық ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алатау кенті, Мәди көшесі, 1а.

 

Байланыс телефоны: Академия кезекшісі –  8 (727) 299-09-79.

Артқа