Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Академия мақтанышы

2007 жылдың 14 қыркүйегінде ҚР ҰҚК Академиясының стадионында курсанттар мен тыңдаушылар Кеңесінің бекітілген жоспары бойынша ҚР ІІМ Академиясы өзгермелі құрамымен футболдан жолдастық кездесу матчын өткізу ұйымдастырылды. Матчты ҚР ҰҚК Академиясы бастығының бірінші орынбасары полковник З.Ғ.Қазиев және кеңесші-сарапшы полковник Б.С.Абсатаров сөз сөйлеп ашты.

 

Ойынның нәтижесінде, матч 8:1 есебімен қожайындар пайдасына шешілді. Кездесу соңында полковник Б.С.Абсатаров қонақтарға ескерткіш кәдесыйлар тапсырып, бұл ойын жоғарғы оқу орындары арасында жалғасын табатынына сенім білдірді.

 

Республикалық қоғамдық жастар бірлестігі ұйымдастырған «Қазақша КВН» жартылай финалы мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттауды тағы да үлгі етті. Алматы қаласында Н.Сац атындағы театрда қыркүйектің 29-30 күні мемлекеттік тілде өткізілген тапқырлар сайысына ҚР ҰҚК Академиясының «Қауіпсіз жағдай» КВН құрама командасы да қатысып мемлекеттік тілге, салт-дәстүрге деген құрметтері мен ой ұшқырлығын, білімін көрермендерге паш етті. Еліміздің 4 облысынан 8 команда қатысқан жартылай финалда Академияның КВН құрама командасы қазылар алқасының шешімі бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталды. Енді «Қауіпсіз жағдай» командасы Республикалық КВН Одағының шешімі бойынша «Қазақша КВН» премьер-лигасының ақтық сайысында өнер көрсететін болады.

 

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спортпен айналысуға үгіттеу мақсатында үстіміздегі жылдың 1-2 қазанында футболдан «Қорғау» зейнетақы қоры ұйымдастырған Алматы қаласының әскери оқу орындары арасында болған сайыста ҚР ҰҚК Академиясының құрама командасы 1-орынға және ауыспалы кубокқа ие болды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа