Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК Академиясында жас лейтенанттарды шығарып салу салтанатты жиыны өтті

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР ҰҚК Академиясында жас лейтенанттарды шығарып салу салтанатты жиыны өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының тарихы 1974 жылы Алматы қаласында «КСРО МҚК басшы және оперативтік құрамын жетілдіру курстары» құрылған кезден басталады.

 

1994 жылдың 26 қаңтарында Министрлер Кабинетінің қаулысымен ҰҚК Жоғары курстары базасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институты құрылды. Ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар даярлау мәселесінің мемлекеттік деңгейдегі сұранысына орай 1999 жылдың 6 мамырына ҰҚК Институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҰҚК Академиясы болып қайта құрылды.

 

Академия ұлттық қауіпсіздік органдары үшін мамандар даярлауды жүзеге асырады.

 

Басшы және оперативтік құрамның біліктілігін арттырып, қайта даярлауды жүргізеді.

 

81 түлегіміз «лейтенант» алғашқы офицер шенін және ҚР ҰҚК Академиясын бітіргендігі жөнінде диплом алады. Олардың 14-і үздік дипломмен бітіріп отыр. Жас офицерлер тиісті демалысынан кейін жолдама берілген болашақ қызмет орыңдарына бет алады.

 

Мерекелік шараны ҚР ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев ашып, жас лейтенанттарға Тәуелсіз Қазақстанның киелі топырағын қастерлеп, Отанға адал қызмет етіңіздер деп жүрек жарды тілегін білдіріп, үздік деп танылғандарға алғашқы лейтенант әскери шенін салтанатты түрде табыстады.

 

Сонымен қатар, салтанатты жиынға ҚР ҰҚК басшылығы, ұлттық қауіпсіздік оргаңдарының және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен түлектеріміздің ата-аналары қатысты. Мерекелік іс-шара Академия өнерпаздарының арнайы дайындаған концертімен жалғасты.

 

ҰҚК Академиясының 13-түлектері қанат қақты

Хабар, 24.06.2011

 

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамы жас мамандармен толықты. Бүгін Алматыда Академияның он үшінші түлектері қанат қағып, дипломмен бірге «лейтенант» алғашқы офицер шенін алды.

Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын 81 адам аяқтады. Олардың он төрті оқу орнын үздік дипломмен бітіріп отыр. Салтанатты жиынға комитет төрағасы Нұртай Әбіқаев, ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысып, жас мамандарға ақ жол тіледі.


Нұртай Әбіқаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

-ҰҚК Академиясын табысты аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына офицер атанып мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне жолдама алу түлектерімізге айрықша маңыз беруде. Бүгін ҰҚК органдары жаңа заман талабына сай білікті де білімді жас кадрлармен толықты деп сенемін.

 

Оқу озаттарына диплом мен арнайы төсбелгіні төрағаның өзі тапсырды. «Бізге жақсы әрі жауапты қызмет ету аздық етеді. Біз әрбір оқиғаны сараптап, сыни көзбен бағалап, шұғыл шешім қабылдап, сыртқы және ішкі қауіптердің алдын-алуымыз қажет»-деді Нұртай Әбіқаев. Бұл үшін комитет қызметкерлеріне жеткілікті өкілеттілік берілген.


Ернат Жеңсебаев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі:

-Бес жылдап армандап өскен, лейтенанттық атағымызды алдық. Енді ҚР, Отанымызға, Президентімізге адал қызмет ету болып табылады біздің ең басты міндетіміз.


Вячеслав Бровко, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі:

-Үлкен арманмен келіп едім осы жаққа. Романтика деген. Өте қуаныштымыз. Көп нәрсе үйрендік бес жыл бойы. Білім нәрін алған оқу ордасын енді бітіріп, өте қуаныштымын. Отанды қорғауға алғашқы қадамымызды жасап отырмыз.

 

Академияның жазылмаған заңдарының бірі салтанатты шараға келген қонақтармен бірге суретке түсу. Содан соң аспанға тиыннан шашу шашылады.

 

Бұл да түлектер арасында дәстүрге айналған. Тек осыдан кейін ғана төменгі курс курсанттары мен ата-аналардың алаңға шығып түлектерді құттықтауына рұқсат. Жас офицерлер тиісті демалысынан кейін жолдама берілген болашақ қызмет орындарына бет алады.

Артқа