Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ү.ж. 29 маусымда ҚР ҰҚК Академиясын бітірген жас жедел қызметкерлерге дипломдар берілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел қызметкерлерінің қатары толықты. Осы жылы 43 түлек ҰҚК Академиясын бітірді, олардың бәріне ұлттық қауіпсіздік органдары лейтенанты деген арнаулы офицер атағы берілді.

 

Түлектерге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Нұртай Әбіқаев тілегін айтып, оқу үздіктеріне диплом тапсырды.

 

Ол Академия түлектерінің жедел қызметтің тәжірибелік дағдыларын табысты игеретіндіктеріне сенім білдірді.

 

Нұртай Әбіқаев бүгін еліміздің бас арнаулы қызметінің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің, Отанымыздың ұлттық қауіпсіздігінің өмірлік маңызы бар мүдделеріне кері әсер ету ұмтылыстарының алдын алу жолында жұмыс істеуі керектігін атап айтты.

 

ҰҚК Академиясы 1999 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды, ол - ҰҚК институтының құқықтық мұрагері. Қазіргі уақытта Академия республикамыздың элиталық оқу орындарының қатарында лайықты орын алған. Осы оқу орнының арқасында қазақстандық арнаулы қызметтің кадрлық әлеуеті жыл сайын шет телдерін игерген және халықаралық құқыққа маманданған жас жедел қызметкерлермен толығады.

 

1999 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті институты ҚР ҰҚК Академиясы болып қайта құрылды, бүгін оқу орнында 6 факультет, 22 кафедра бар, оның 13-і арнаулы болып табылады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа