Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҰҚК Әскери Академия түлектері

Хабар, 28.06.2010 ж.

 

Мемлекеттік шекараны күзету - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі. Күні кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметкерлерінің қатары 66 жас офицермен толықты. Олардың 20-дан астамы Академияны үздік дипломмен тәмамдады. Әскери академия түлектеріне лейтенанттық шендер мен диплом тапсыру салтанаты әдеттегідей, қуаныш пен көңіл толқытқан сәтке айналды. Академия түлектері осылайша, еліміздің мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға, құрылықта, теңіз мен өзендерде оның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғудың алдын алу мен жолын кесуге арналған арнаулы қызметке белсене кірісіп, еліме қызмет етеміз,-деді. Ұлттық қауіпсіздік кометінің төрағасы Әділ Шаяхметов өз кезегінде жас офицерлердің отанына адал қызмет ететініне сенім білдірді. Офицерлер дайындауда оқу ордасының маңызы ерекше,-деді ол.

 

Әділ Шаяхметов, ҚР ҰҚК төрағасы:


- Біздің ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлектері ең біріншіден қазір осы оқу орындарын бітіргеннен кейін облыстарға шекараға жұмыстарға барады.
Олардың ең үлкен жұмыстары біздің қауіпсіздікті қорғау мәселесі.

 

Артқа