Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК шекара академиясының құрылғанына 80 жыл

Хабар, 27.04.2012ж.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясының құрылғанына 80 жыл толды. Бүгін академияға ТМД мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен шекара қызметінің ардагерлері мен офицерлері жиналды. Оларды курсанттар нағыз әскери шерумен қарсы алды.

Көптен күткен кездесу, достық лебіздер ақтарылып, құшақтар айқасқан күн. Бүгін көп жылдан кейін бір кездері осы оқу ордасынан білім алып, түлеп ұшқан, көп жылдар бойы Отан шекарасын қырағы күзеткен академия түлектері бас қосты. Бір кездері «генерал болуды армандаған сарбаздар» бүгіндері түрлі шекара ведомстволарын басқарады. Отан алдындағы борышы курастастарды бұрынғы кеңес одағының әр қиырына жібергенімен, Алматыдағы академия бәріне бірдей ыстық.

Николай ЛУКАШЕВИЧ, ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИК (РЕСЕЙ):

- Осында өзіммен бірге оқыған екі жолдасымды кезіктірдім. Олардың бірі бүгінде жастарға тәлім беріп жүрген полковник Таратута, екіншісі полковник Поливанов. Олардың балалары да полковник болды. Училищеде бірге оқыған достарымды көріп қуанып тұрмын. Менімен бірге 16 ардагер ұшып келді. Олардың 6-уы генерал-полковник. 5-еуі шекара қызметінің бас қолбасшысының орынбасары болған кісілер.

Тұрсын АЙЖҰЛОВ, «ҚР ҰҚК ОРГАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл академия белгілі оқу орныны көп азаматтар дайындаған. Көп Кеңес одағы батырлары бар. Сондықтан, бұл үлкен той.

Бұл жоғарғы әскери оқу мекемесінің негізі 1931 жылы Харьковте қаланған. Ұлы Отан соғысы кезінде Ташкентке, кейіннен Алматы қаласына көшірілді. Ол кезде академия Дзержинский атындағы жоғарғы командалық шекара училищесі деп аталатын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін білім ордасы Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің шекара академиясы болып қайта құрылды. Бірақ оқу орнының атауы өзгергенімен, ондағы әскери үрдіс сақталып қалды. Академия шәкірттерінен жоғары кәсібилік, отансүйгіштік пен батылдық, шекара күзетінде қырағылық талап етіледі.

Нұржан МЫРЗАЛИЕВ, ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сексен жылда осы академиядан 300 генерал шықты. Сонымен қатар, 50 совет үкіметінің халық қаһарманы болды. Осы акалдемиядан барлық мемлекттердің шекара қызметі басшылары әкеп құттықтап жатыр. Академияны оқып жатқан түлектер ертең Қазақстан шекарасын қорғауға шығады. Мен ойлаймын, түлектер өз үлесін қосады деп ойлаймын

Ардагерлер мен мерейтой қонақтары академияны аралап, оның бүгінгі тыныс-тіршілігімен, әскери техника және заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

Артқа