Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Еліміздің ҰҚК Шекара академиясы есірткіге қарсы күрес мамандарын даярлауда

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара Академиясы есірткіге қарсы күрес мамандарын даярлауда үлкен жұмыстар атқарып келеді. Осыған қатысты 2008 жылдан бері академияда АҚШ елшілігінің арнайы халықаралық INL бағдарламасы негізінде дәрістер жүргізілуде.

Бүгін аталған академияға АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилд келіп, әскери оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Атап айтқанда, INL халықаралық бағдарламасы оқу бағдарламасына қосылғалы шекара академиясында 21 шара өтіпті. Оның 14-і профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін толықтыруға арналған. Бағдарлама аясында академияның 70 маманы АҚШ, Австрия, Бельгия, Түркия және Ресейге барып тәжірибе алмасып оралды. Сондай-ақ, академияның ұйымдастыруымен есірткі заттарын іздестіру шаралары бойынша Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан шекарашылар ведомстволары кинолог мамандары арасында түрлі жарыстар өтіп тұрады.

Нұрлан Уажанов, ҚР ҰҚК Шекара академиясының баспасөз хатшысы:

- Бұл қарым-қатынас 2008 жылдан бастап белсенді жұмыс істеп келе жатыр. Өйткені, INL деген бағдарлама бар, сол бағдарлама бойынша біздің оқу орынымыз және АҚШ, Германия, Австриядағы оқу орындары өзара қарым-қатынас өткізеді. Мысалы, біздің кейбір мұғалімдер сол мемлекеттерге барып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасып келіп жатыр.

Артқа