Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Жас офицерлер жолдама алды

Гүлфайруз Құтынова, Айқын, 01.07.2008ж.

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты кезекті түлектерін ұядан ұшырды. Жоғары әскери оқу орнын бітірген жас офицерлер шекара қызметінің әртүрлі мамандықтары бойынша, ел іргесін қорғау үшін шекара отрядтарына, заставаларына қарай жол тартты.

Ата-бабамыздан қалған ұлы мұра – кең-байтақ қазақ жерінің біртұтастығын, ел іргесінің тыныштығын қорғауға, 75 жылдан астам тарихы бар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтының қосқан үлесі өте зор. Сексен рет жас жауынгерлерді тәрбиелеп, қыран қылып самғатқан Әскери институттың мақтанарлықтай жөні бар. Оқу орнын бітіріп шыққан 40 офицер мен 5 қызметкер Кеңес Одағының батыры деген құрметті атаққа ие болды. Олардың ішіндегі біреуі екі мәрте батыр атанды, ал тағы біреуі Ресей Федерациясының батыры атағын алды. Соңғы 75 жылдың ішінде осы оқу орнын бітіріп шыққан түлектердің 300-ден астамы жоғары әскери шен – генерал атағына дейін көтерілді.

– Бүгінгі күн – Әскери институт өміріндегі ерекше күндердің бірі. Өйткені қалыптасқан дәстүр бойынша түлектеріміз оқуын аяқтап, офицер атағын алып жатыр. Сондықтан салтанатпен өткеріп жатқан бұл мереке – институтымызда білім алып жатқан курсанттар үшін де, оқытушылар мен қызметкерлер үшін де үлкен мейрам. Отанымызға 75 жылдан астам уақыт бойы офицер кадрларды дайындап келе жатқан Әскери институттың бұл дәстүрлі мерекесіне бізді білетін әрбір адам ортақтасады деп ойдаймын, – дейді Әскери институттың бастығы, генерал-майор Бауыржан Елубаев.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты жыл сайын "Шекара қызметінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерін басқару", "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кинологиялық қызметін басқару", "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылауын басқару", "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарын басқарушы мамандықтары бойынша жүздеген офицерлерді дайындап шығарады. Шекара офицері мамандығы – төзімділікті, алдын ала болжай білуді, тез арада дұрыс шешімді қабылдауды, адамдармен жұмыс істей білуді талап ететін жауапты да, абыройлы мамандық.

Артқа