Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Курсанттардың шекара офицерлерімен кездесуі

Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институтында проффессорлық-оқытушылық құрамның және 3, 4 курс студенттерінің шекара офицерлерімен кездесуі болып өтті. Курсанттарға қонаққа генерал-майор Т.Есетовтың бастауымен «Оңтүстік» аймақтық басқармасының басшылығы келді. Жиналғандар алдында шекара офицерлері оңтүстік шекарадағы жағдайды, осы күрделі аймақтағы Мемлекеттік шекараны қорғаудың табыстары мен мәселелерін сөз етті.

 

Курсанттар көптеген сұрақтар қойды, өйткені олардың кейбірі Әскери институтты аяқтаған соң «Оңтүстік» аймақтық басқармасының бөлімдері мен бөлімшелерінде қызмет етпек. Болашақ офицерлерді шекара шеберлігінің құпиялары, қалайша тезірек кәсіби маман болу, офицерлік қызметтің табысты қалыптасуына қандай қадамдар жасау керектігі қызықтырды. Сондай-ақ, болашақ шекарашылар шекарадағы өмір мен тұрмыс мәселелері жөнінде де сұрады.

 

Мұндай кездесу өте жақсы тәжірибе және болашақ офицерлерді нағыз қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге өзінің оң әсерін тигізеді. ҚР ҰҚК Әскери институтының басшылығы шекара офицерлерімен кездесу тәжірибесін одан ары жалғастыратын болады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа