Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Алматыдағы ҚР ҰҚК Әскери институтында жас офицерлердің оқу бітіріу рәсімі өтеді

Раушан Төленқызы, ҚазАқпарат, 16.06.2006 ж.

Алдағы жексенбі күні ҚР ҰҚК Әскери институтында жас офицерлердің кезекті түлектерінің оқу бітіру рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Институттың ақпараттық-сараптама бөлімінің басшысы Игорь Гавриштің айтуынша, жыл сайын лек-лек болып оқу орнынан түлеп ұшатын жас офицерлердің әрбірінің орны бөлек. Дегенмен, биыл ҚР ҰҚК Әскери институтын бітіретіндер үшін аса маңызды жыл. Себебі - институттың құрылғанына 75 жыл толады.

Бұл институт КСРО кезіндегі ең беделді оқу орындарының бірі болатын. Әскери институттың түлектері Отан соғысы кезінде, Ауғанстан мен Тәжікстанда интернационалдық борышын өтеу барысында азаматтық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Ашылғалы бері мұнда 50 мың офицер тәлім алған. Ал еліміз егемендік алғалы 5 мыңнан астам офицер диплом алып шықты.

Биылғы диплом тапсыру салтанатына ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің және Шекара қызметінің басшылары мен басқа да әскери өкілдер қатыспақ.

ҚР ҰҚК Әскери институтының 75 жылдығын тойлау аясында АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвей шекараны күзетуге арналған арнаулы құрлығыларды тапсырады деп күтілуде.

Артқа