Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҰҚК Әскери институтының түлектері

Хабар, 26.06.2010

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметкерлерінің қатары бүгін 156 жас офицерге толықты. Әскери институттың түлектеріне диплом мен лейтенант погондарын Ұлттық қауіпсіздік кометінің төрағасы, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов тапсырды. Мемлекеттік шекараны күзету ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымдықты бағыттарының бірі. Қазір бұл салада қорғаныс жүйесін жетілдіру, заманауи шекара инфро-құрылымдарын қалыптастыру жұмыстары жүруде. Комитет басшысы жас офицерлердің ардагерлер салған дәстурге берік, отанына адал қызмет ететініне сенім білдірді. Офицерлік кадрларды дайындауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институтының маңызы ерекше. Жас офицерлер тиісті демалыстарынан кейін жолдама берілген болашақ қызмет орындарына бет алады.

Әділ Шаяхметов, ҚР ҰҚК төрағасы:

- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бүгінгі 19 шығарылымы болып жатыр. Біздің ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының және осы Әскери институттың түлектері ең біріншіден қазір осы оқу орындарын бітіргеннен кейін облыстарға шекраға жұмыстарға барады. Олардың ең үлкен жұмыстары біздің қауіпсіздікті қорғау мәселесі.

Артқа