Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жас лейтенанттармен толықты

Хабар, 25.06.2011

 

Бүгін Алматыда жас офицерлерге оқу орнын бітіргендіктері туралы диплом тапсырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара институты 2011 жылдың наурыз айынан бастап академия мәртебесіне ие.

 

ҰҚК Шекара Академиясы түлектерін шығарып салу рәсімі қашан да қызықты өтеді. Әннен шашу шашылып, би биленеді. Іс-шараның құрметті қонақтары: ардагерлер мен ата-аналарға академия курсанттары әскери өнерлерін де көрсетеді. Биыл аталған оқу орнын үш жүзден астам түлек аяқтап отыр. Лейтенант шенін алғандардың ішінде Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары да бар.


Нұртай Әбіқаев, ҚР ҰҚК төрағасы:

 

-Биыл Тәуелсіздігімізге 20 жыл. ҰҚК Шекара қызметі осы 20 жылда мемлекеттік шекарамызды қырағылықпен қорғап, ел тыныштығын жоғарғы деңгейде қамтамасыз етіп келеді.


Нұрлан Уажанов, ҚР ҰҚК шекара академиясының майоры:

 

-Шекара Академиясының басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы осы биыл біздің бітіріп отырған жас түлектерден шекарада өздерінің білімдерін көрсететініне, біліктіліктерін көрсететініне және жалпы алғанда ҚР шекара қызметінің беделін көтеруге өздерінің зор үлесін қосады деп сенеміз.

 

79 жылдық тарихы бар академияның білікті офицер кадрлерді даярлаудағы орны ерекше. Түлектер шекара қорғау және бақылау қағидаларын толық меңгерген. Әскери ұжымды тиімді басқарып, өз қызметтерінде заманауи және арнайы техниканы еркін пайдалана алады.


Досбол Ермаханов, ҚР ҰҚК шекара академиясының түлегі:

 

-Мен бақыттымын. Мемлекеттің шекарасын күзетіп осы елімізді қорғайтыныма. Менде отдел офицера деген лауазым беріліп тұр. Мен негізі өзімнің мамандғым бойынша компьютер саласы жағынан маман боламын.


Ерболат Бақи, қонақ:

 

-Мен ағамды құттықтауға келдім. Менде үлкен болғанда осындай шекарашы болғым келеді.

 

Курсанттар аға буынды үлгі тұтып, даңқты дәстүрді жалғастырып келеді. Жалпы Шекара академиясының қабырғасынан 45 Кеңес Одағының батыры, 300-ден астам генарал шыққан. Биыл 26 желтоқсанда Шекара Академиясы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Артқа