Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК Шекара қызметі жас офицерлермен толықты

Бүгін, 30 маусымда, Алматыда Шекара академиясын бітірген 263 жас лейтенантқа салтанатты түрде дипломдар берілді. Академия қабырғасында ТМД азаматтары білім алады. Осы жылы Қырғызстан Республикасы және Тәжікстан шекаралық ведомстволары Шекара академиясын бітірген 34 түлекпен толығады.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Нұртай Әбіқаев үздіктерге дипломдар мен офицерлік погондар тапсыра отырып, мемлекеттік шекараны қорғау - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі басым бағыт екендігін атап айтты.

 

Жас офицерлер әскери борышын адал және риясыз атқарып, әскери антқа, аға буын шекарашылардың кәсіби дәстүрлеріне адал болуға міндетті.

 

ҰҚК төрағасы мамыр айының аяғында "Арқанкерген" шекара бекетінде болған қайғылы оқиға тақырыбын қозғап, ұлттық қауіпсіздік органдары басшылығының 14 шекарашының өліміне әкелген осындай қайғылы оқиғаны енді болдырмау жолында бар қолдан келгенді істейтіндіктерін атап айтты.

 

Шекара ведомствосының кадрлық саясатындағы қателіктер мен кемшіліктер бүгін мұқият зерделеніп, тиісті қорытындылар шығарылады. Осы мәселелер бойынша ведомствоаралық топ жұмыс істеуде деп атап айтты ҰҚК басшысы.

 

Таяуда ү.ж. 28 маусымда ҰҚК Төрағасы Шекара қызметі Әскери кеңесінің отырысын өткізді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа