Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институтына 75 толды

Хабар, 25.12.20006 жыл

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініңәскери институтына 75 жыл толды. Бүгінде шекарашы-офицерлерді дайындайтын еліміздегі жалғыз оқу орны өзінің құрметті жасымен ғана емес, бай дәстүрімен де танымал. Әр жылдары мемлекеттің жүргізген саясатына қарай институттың аты ғана емес, міндеттері де талай рет өзгерген болатын. Ал бүгін егеменді Қазақстан шекарашыларының алдында одан дажауапты міндеттер тұр. 75 жыл ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институты 10 мыңнан астам шекарашы-офицерді дайындап сапқа тұрғызды. Олардың 50-ден астамы Кеңес Одағының батыры атанып, 300-ге жуығы генерал болды. Өз тарихында институттың аты талай рет өзгеріпті. Әр жылдары ол училище, тіпті мектеп те атанған. Ұлы державалар бір-біріне қабақ шытқан жылдары шекара құлыптаулы болып, шет едермен қандай да бір келіссөздер тек жоғарғы дипломатиялық деңгейде ғана шешілетін. Қазір егеменді еліміз көп векторлық, бейбіт саясат жүргізетіндіктен, шекарашылардың міндеттері мен жауапкершілігі анағұрлым арта түсті. Контрабандамен күрес те жан-жақты білімділікті қажет етеді.

 

Бауыржан Елубаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институты:

 

Оның бәрін құжаттарға түсіру үшін, оған шешім қабылдау үшін ол білімді азамат болу керек. Содан кейін шетелдіктер келгенде бірінші шекарашымен кездеседі. Ол өте мәдениетті азамат болу керек. Одан кейін шекарашылар өздерінің әріптестерімен шекарада, Қытай, Россия болсын, Өзбекстан болсын өздері қарым-қатынас жасайды шекараға байланысты. Ол дипломаттық жұмыс деген сөз.

 

Мереке қарсаңында әскери институт 2 бірдей қуанышты оқиғаны атап өтті. Атақты генерал шекарашы Матвей Меркуловқа ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды. Мұндағы жәдігерлер шекара қызметінің тарихы мен бүгінгі кезеңін айқын бейнелейді. Оның үстіне, соңғы жылдары ғылыми жұмыстарға да жіті көңіл бөліне бастады. Шекараға заман талабына сай білікті мамандар ауадай қажет.

 

Ержан Исақұлов, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

 

- Біздің еліміздің шекарасы 14 мың км асады, сондықтан да біз барлық шекарамызды қорғауға тиістіміз, сондықтан да біздің осы институттың түлектері еліміздің барлық шекарасында қызмет жасап жатыр. Сондықтан біз осы институт түлектерін өте қажет деп санаймыз.

 

Келесі жылы тағы 300-ге жуық түлек әскери институтты бітіріп, шекара бөлімшелеріне аттанады.

 

Артқа