Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 590 бұйрығы

№__ дана

 

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының  арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының  2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 10-бабына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

2.«Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 6998, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілері жинағының 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 6 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2011 жылғы 30 наурыздағы №111 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық және өзге де органдарының басшылары Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

4.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Комитет Төрағасы                                                    Н. Әбіқаев

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

_________________ Б. Жұмағұлов

2012 жылғы « 20 » желтоқсан

Қабылдау қағидалары. doc

Артқа