Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Маңғыстау облысында мұнай құйылған төрт теміржол цистернасын ұрлау әрекетінің жолы кесілді

Ақтау. 2-ақпан. Kazakhstan today. Маңғыстау облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мұнай құйылған төрт теміржол цистернасын ұрлау әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan today агенттігінің тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, күш құрылымдарының қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытына жөнелтуге дайындалған шикі мұнай құйылған цистерналарын Жаңаөзен қаласындағы «Әлия» ЖШС теміржол тұйықтамасында құрықтады.

Тексеру барысында, цистерналардың «Энергорезерв-Петролеум» ЖШС тиесілі екендігі және де аталмыш тауардың жолдама құжаттары жоқ екендігі анықталды. «Энергорезерв-Петролеум» ЖШС пен «Pipeline» ЖШС құрған есеп шот фактурасына сәйкес, цистерналарға құйылған шикі мұнайдың бағасы 4,6 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, цистерналар әшкереленгеннен кейін «Энергорезерв-Петролеум» ЖШС басшылары пара бермек болған. «Қазақстан Республикасының ҰҚК қызметкерлері М.С. Садыбеков пен В.В. Руденконы 700 мың теңге көлемінде пара беру үстінде құрықтады. Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 312-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында, «Энергорезерв-Петролеум» ЖШС директоры Садыбеков М.С. пен оның серіктесі Руденко В.В. мұнай өндіруші компания қызметкерлерімен сөз байласып, солардың көмегімен шикі мұнайды ұрлаған. Мұнай өндіруші компания қызметкерлерінің аты-жөні анықталған жоқ. «Энергорезерв-Петролеум» ЖШС директоры М.Садыбеков пен оның серіктесі В.Руденконы және мұнай өндіру компаниясының белгісіз лауазымды тұлғаларының әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының «б» тармақшасында қарастырылатын (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру, ір көлемде жасалған) қылмысқа жатады», - деп көрсеткен баспасөз қызметі.

Артқа