Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 992 Жарлығы

                                                                                           

 Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс  

      1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
     1. Қоса беріліп отырған «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
     2. Қағидаларға сәйкес «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де адамдар наградталсын.
     3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
       Президенті                          Н.Назарбаев

Артқа