Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 қаулысы

 

 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі 
іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар:
      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
      2) 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындыққа және оны өткізуге бөлінген қаражатты қаржыландыруға және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шараларды қаржыландыру 2015 жылға арналған республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелер – бағдарламалар әкімшілеріне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының Үкіметі Іс-шаралар жоспарын бекіткен күнінен бастап бір ай мерзімде 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі тиісті өңірлік жоспарларды бекітсін және оларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                            К. Мәсімов

Артқа