Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Алтыңға бергісіз қызыл жұлдыз

Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері, Алматы облысының, Ленинград облысындағы Любань қала- сының Құрметті азаматы, Александр Невский, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Туы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі», І дәрежелі Отан соғысы, І дәрежелі «Даңқ», «Құрмет» ордендерінің кавалері, «За оборону Ленинграда», «За отвагу» сияқты 20-дан астам Кеңес Одағының, Қазақстан Республикасының медальдарының ие- гері, 93 жастағы отставкадағы полковник Шаймұхан Мұқановтың тағдыры, 8мір жолы ерлік пен батырлықтың, патриотизмнің нағыз үлгісі.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері, отставкадағы полковник Шаймұхан Мұқанов 1921 жылы Семей облысы, Абыралы ауданында дүниеге келген. Алматы Есеп- кредит техникумын бітіргеннен кейін, Шаймұхан Мұқанов Журналистика институтына оқуға түседі. «Октябрь балалары» газетінің редакциясында қызметкер, бөлім бастығы болып істеді. 1940 жылы қазан айында Қызыл әскер қатарына шақырылып, Новочеркасск қаласындағы әскери техниктер курсына оқуға жіберілді. 1941 жылы маусымда Солтүстік Кавказ әскери округынан неміс басқыншыларына қарсы майданға аттанды. Шаймұхан Мұқанов 21 жасында батальон командирі болды. Любаньдық 177-атқыштар дивизиясының құрамында Волхов, Ленинград майдандарында шайқасты. Жаумен аянбай күрескен, һас батырлардың ерліктерімен тарихта қалған Ленинград қорғанысына және блокаданы бұзу ұрыстарының қақ ортасында жүрді. Әрі қарай Карель мойнағындағы шайқастарға, 300 мыңдық Курлянд топтарын жоюға, Балтық жағалауларын азат ету ұрыстарына қатысты. Бұл кісінің соғыстағы қысқаша тарихы осылай ғана жазылады. Ал жауынгерлік ордендер мен медальдарына қарасаңыз, оның тегін адам емес екенін бірден түсінесіз.
Соғысқа алғаш кіргенде Шаймұхан аға пулеметшілер ротасының командирі болып тағайындалды. Оның бастамасымен батальонда снайперлер тобы құрылады, өзі де мықты снайпер ретінде танылды. Сол кездерде қазақ батыры туралы жазылған мақалалар газет бетіне көп шықты. Солардың бірі «Боевой поход» деген майдандық газетте «Снайпер Мұханов за один день уничтожил семь фашистов. Учитесь бить врага у бывалого советского воина» деген тақырыппен жарияланыпты. «Счет мести» деген мақалада Ш.Мұқановтың тек 1942 жылы отыз шақты фрицті жер жастандырғаны жазылыпты. Ал оның жасайтын үлкен ерліктері әлі алда болатын.
1942 жылы Шаймұхан Мұқанов атқыштар батальонының командирі болатын. Жиырма бір жасар комбат өзін сауатты, іскер командир ретінде танытты. Кейіннен ол туралы майдандық газет былай деп жазады: «...Во время боев по снятию блокады Ленинграда батальон Муханова Ш. был впереди... У майора Муханова есть чему поучиться всем воинам. Его именем гордиться казахский народ, воспитавший его достойным сыном нашей Родины».
Ленинград майданы және 177-атқыштар дивизиясының алдына сол кездерде Ленинград блокадасын бұзу жөніндегі маңызды міндет қойылған. Любань қаласында бекінген жаудың қорғанысын алу және Мәскеу – Ленинград темір жолын немістерден тазарту керек болды. Любань қаласын азат ету үшін қиян-кескі ұрыстар басталды. Түн қараңғылығын пайдаланып шабуылға шыққан Шаймұхан Мұқановтың батальоны қалаға бірінші болып кіріп, орталығын басып алды. Шабуылды сәттіұйымдастырып, басшылықтың тапсырмасын мүлтіксіз орындағаны үшін, Шаймұхан Мұқанов « Александр Невский» орденімен марапатталды. Любань қаласын азат еткеннен кейін 177-атқыштар дивизиясы «Любанская» деп аталды.
Осы ұрыстағы батальон командирі ШаймұханМұқановтың ерлігінмарапаттау парағынабылайдеп жазылыпты: «27.01.1944 г., в боях за город Любань, преследуя отходящего противника, капитан Муханов Ш. быстрыми решительными бросками и умелыми маневрами не давал возможности отходящим частям оторваться от себя, уничтожал его живую силу и технику и не давал возможности противнику производить больших разрушений на путях отхода. 29 января1944 г. силами свое го батальона окружил и уничтожил группировку противника численностью до 200 фашистов, взяв при этом 4 пулемета, трактор и захватив фуражный склад. Из личного оружия капитан Муханов Ш. уничтожил 6 немецких солдат и огнем из станкового пулемета рассеял и частично уничтожил группу фашистов численностью до 40 человек». Шаймұхан Мұқанов еліміздегі қазақстандық чекистердің ішіндегі осындай жоғары мәртебелі орденмен марапатталған жалғыз батыр. Соғыс біткеннен кейін Шаймұхан Мұқановқа Ленинград облысындағы Любань қаласының Құрметті азаматы атағы беріліп, «Золотая книга Почета Ленинградского военного округа» 177-Любань атқыштар дивизиясының Құрмет кітабына аты мәңгілікке сақталатындай жазылды. Любань қаласын азат ету кезіндегі ерлігі үшін жас комбатты қолбасшылық Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ұсынған. Алдын ала дивизия және полк командирі келіп оны құттықтап та қойған болатын. Бірақ «І дәрежелі Отан соғысы» орденіне ұсынылыпты, госпитальден келгенде оған «Қызыл Жұлдыз» ордені табысталды. Батыр атағын оның қарамағындағы взвод командирлерінің бірі алды. Неге бұлай болғаны белгісіз, оған майдангердің беретін бір ғана жауабы бар: «награда үшін соғысқан жоқпыз, Отанды қорғадық» деп қысқа қайырады.
Шаймұхан ағаны қарулас достары ешқашан ұмытқан емес. Бұдан үш жыл бұрын Астанада өткен 90 жылдық мерейтойына Кеңес Одағының маршалы, КСРО-ның соңғы Қорғаныс министрі Дмитрий Тимофеевич Язов Ресейден арнайы келіп, соғыс кезінде туыстай болып кеткен командирі Шаймұхан ағаның ортасын толтырды. КСРО маршалы әскери атағына дейін өсіп, Қорғаныс министрі қызметіне жоғарылаған, кеңестік әскери және саяси қайраткер Дмитрий Язов соғыс кезінде Шаймұхан Мұқановтың қол астында қызмет еткен. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қан майданда бір-біріне қорған болып, ауыртпалықты бірге көтерген қарулас-бауырластардың арасында айтатын әңгіме көп. Маршал Язов қазақ полковнигінің денсаулығын тілеп, алдағы Ұлы Жеңісті Мәскеуде бірге тойлауға шақырды.
Шаймұхан Мұқанов 1946 жылы майор шенінде елге оралады. Соғыстан кейін партия қызметтерінде, мемлекеттік қауіпсіздік қызметтерінде жауапты жұмыстар атқарды. 1962 жылға дейін Талдықорған, Алматы облыстарының партия органдарында бөлім бастығы, Қаратал, Алакөл, Кеген аудандарының партия комитеттерінің екінші, бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
1962 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне (МҚК) қызметке жіберіледі. Шаймұхан аға мұнда ҚазКСР МҚК 2-басқармасы бастығының орынбасары, Алматы, Жамбыл облыстары бойынша Қазақстан МҚК бөлім бастығы сияқты лауазымды қызметтерде болды. МҚК органдарындағы лауазымды қызметтердің барлығында да мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жоғары біліктілігін, ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Құрметті зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Жалынды күндердің жаңғырығы» атты естелік кітап жазды. Бүгінде Шаймұхан ата Камал апа екеуі немере, шөберенің ортасында бақытты өмір сүріп жатыр.
 
Қайыржан ТӨРЕЖАН
«Айқын» 29.01.2015 ж.

Артқа