Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Лайықтыларға – мемлекеттік наградалар

Ләйла Еділқызы

Өткен сенбіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты. Салтанатты шараны ашқан Елбасы қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен құттықтады.

«Қалыптасқан игі дәстүр бойынша мемлекеттік наградалар сіздерге Отан қор­ ғаушы күні мен Жеңіс күнінің қарсаңында тапсырылып отыр. Бұл мерекелер бізге айрықша қымбат. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы аға буынның ерен ерлігі мен асқан батырлығының үлгісіне айналды. Мұны әрқашан есте ұстауға тиіспіз. Елдің тыныштығын, Отанымыздың ше­ карасын қорғау, сол үшін қызмет ету – баршаңыздың парызыңыз. Береке мен бірлігіміздің арқасында аспанымыз ашық болып, еліміз өркендеп, өсіп келе жатыр», – деді Қазақстан Президенті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдары мен армияның ел қауіпсіздігін және тәуелсіздігін қамта­ масыз етудегі айрықша рөліне тоқталып, олардың адал қызметі мен кәсібилігі жоғары бағалануға, зор құрметке лайық екенін атап өтті. «Сіздер Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келесіз­ дер. Әскери, азаматтық парыздарыңыз­ ды абыроймен атқарып жүрсіздер. Ел сүйсінген ерліктеріңіз, туған жерге деген айнымас адалдықтарыңыз бен ерлік істеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өшпес өнеге. Жастар сіздерге қарап бой түзейді, өседі. Жоғары мемлекеттік марапатқа ие болу сіздер үшін үлкен мақтаныш және үлкен жауапкершілік. Еліміздің әскери қызметшісі және құқық қорғау құрылымының қызметкері атағын ал­ дағы уақытта да абыроймен алып жүре­ тіндеріңізге сенімдімін. Ерліктеріңіз елге үлгі бола берсін. Біз сіздердің қиындыққа толы қызметтегі, халық игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Президент Қазақ­ станда әскери қызметшілердің жалақы­ сы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арта­ тынын айтты. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының және Қарулы Күштер­ дің 25 жылдығының құрметіне орай мен Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Ұлттық гвар­ дияның және Мемлекеттік күзет қыз­ метінің әскери қызметшілерінің лауа­ зымдық жалақыларын бірінші шіл­ деден бастап 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым. Кез келген Тәуел­ сіз мемлекеттің Қарулы Күшінің, құ­ қық қорғау органдарының болуы қа­ жет екендігін білеміз. Сондықтан, мем­ лекет қиындықтарға қарамастан, әскери қызметшілердің материалдық-техникалық базасын күшейту, жағдайларын жасау үшін барлық шараны қабылдап отырады», – деді бұл жөнінде Елбасы. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев марапатталушыларға мінсіз қызметі үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, бақ-береке, жаңа табыс тіледі. «Мен бүгін осы наградаларды сіздерге зор ықыласпен тапсырамын. Бұл – ең­ бектеріңіздің, мінсіз қызметтеріңіздің бағалануының нәтижесі. Әскери қыз­ метшілер, құқық қорғау жүйесі – мем­ лекетіміз бен тәуелсіздігіміздің тірегі. Сіздер награданы елеулі кезеңде – еліміз Қарулы Күштерінің 25 жылдығында алып отырсыздар», – деді Қазақстан Президенті. Бұл күнгі салтанатты шара бары­ сында І дәрежелі «Даңқ» орденімен Сол­ түстік Қазақстан облысының прокуроры Берік Асылов, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Нысандарды қорғау қызметінің бастығы Мұхтар Аюбаев, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы Құрбан Қара­ жанов, Қорғаныс министрінің бірінші орын­ басары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Мұрат Майкеев марапатталды. Ал ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепехаға және Қорғаныс министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы Дәулет Оспановқа тапсырылса, І дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының бірінші орынбасары Денис Бартенов марапатталды. Сонымен қатар, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қалалық департаменті басқарма бастығының орынбасары Іскендір Әуесбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басқарма бастығы Темір Ғиззатовқа, Мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары Евгений Лавренюкке, Қорға­ ныс министрлігі №30212 әскери бөлім­ інің командирі Талғат Сапарбаевқа, Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскері қолбасшысының бірінші орынбасары Талғат Исмайловқа тапсырылды. ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мем­ лекеттік күзет қызметінің Нысандарды қорғау қызметі 0112 әскери бөлімінің салтанатты рәсім батальоны бөлімше­ сінің командирі Нариман Ахметуллин, Қорғаныс министрлігі Кадет корпу­ сының сержанты Мирбек Рахымбеков марапатталды. «Ерлігі үшін» медалі Ішкі істер ми­ нистрлігі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің аға жедел уәкілі Берік Айтеленовке, Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысы бойынша қылмыстықатқару жүйесі КА-168/3 мекемесі жедел бөлімшесінің бастығы Нұржан Жиде­ хановқа, Ішкі істер министрлігі Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті­ нің №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөн­ дірушісі Асхат Сәлкеевке, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жем­ қорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Тәжібаевқа тапсырылды. Сондай-ақ, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Ұлттық қауіпсіздік коми­ теті Үкіметтік байланыс қызметі басқар­ масының бастығы Әбжапар Әзімбаев, Қорғаныс министрлігі №41433 әске­ ри бөлімінің командирі Серік Елубаев, Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубы – Спорт коми­ тетінің нұсқаушы-сержанты Алина Рай­ кова, Қорғаныс министрлігі №55652 әскери бөлімінің авиациялық эскад­ рилья командирінің орынбасары Нұр­ жан Тергеубаев, Қорғаныс министрлігі №32363 әскери бөлімінің десантты-шаб­ уыл батальонының командирі Алмас Төле­ генов марапатталды. Ал «Ерен еңбегі үшін» медаліне Қор­ ғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталі бастығының орынбасары – медицина бөлімінің бастығы Гүлпарида Байділдаева ие болды. Салтанатты шара аясында мемлекеттік награданы иеленген азаматтар да сөз сөйлеп, өздерінің ыстық ықылас-ниет­ терін білдірді. Мәселен, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов: «Бұл орден – маған деген үлкен сенім мен құрмет. Ұлттық ұлан сарбаздары Қазақ елін, Конституциясын және Президентін қорғауға әрқашан дайын», – десе, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы Құрбан Қаражанов Елбасына деген жүрекжарды лебізін былайша білдірді: «Мәңгілік Елімізді, ұлтымыздың бірлігін көздің қарашығындай сақтау – Отан қорғаушылардың парызы. Осы жолда Сіздің сеніміңізді ақтай білу – біз үшін қасиетті борыш». Қорғаныс министрінің бірінші орынба­ сары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Мұрат Майкеев Елбасы қолы­ нан жоғары марапатты алу өзі үшін үлкен абырой екенін жеткізді. «Қазіргі таңда біздің өз еліміздің жоғары әскери мектебінің негізі қаланды. Әскери, қорға­ ныс өнеркәсібі құрылды. Мұның бәрі – Сіздің батыл шешімдеріңіздің нәтижесі. Бүгінде Сіздің қамқорлығыңызбен, дұрыс жүргізілген әскери саясатыңызбен Қарулы Күштеріміз нығайып, дамып келеді. Осы орайда, Сізге Қарулы Күштеріміздің атынан және жеке өз атымнан үлкен алғыс білдіремін», – деді ол өз сөзінде. Жоғары наградаға ие болған Ұлт­ тық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бірінші орынбасары Денис Бартенов қазіргі таңда қауіпсіздік саласында еңбек етіп жүрген қызмет­ керлердің, офицерлердің алдына нақты міндеттер қойылып отырғанын, олар бұл міндетті одан әрі абыроймен атқаруға әрдайым дайын екендіктерін айтты. Ал Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының сержанты Мирбек Рахымбеков: «Мен – Сіздің көреген саясатыңызбен ашылған Кадет корпусының түлегімін. Алғашқы әскери антымды қабылдаған сәттен бастап, Отаныма адал қызмет етіп келемін», – дей келе, бүгінде кәсіпқой сержанттар ел үшін адал қызмет ете беретінін атап көрсетті.
10 мамыр 2017 ж. «Егемен Қазақстан»№ 87
Артқа