Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ЕРЛІГІ ӨНЕГЕ

          Т.Саваровская Павлодар қалалық ком сомол комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарып жүрген кезінде, 1942 жылдың мамыр айында Қызыл армия қатарына өз еркіменсұранған. Павлодар облыстық әскери комиссариаты арқылы КСРО Ішкі істер Халық комиссариаты әскерінде қызмет ат қару үшін, қыздардан жасақталған Москва радио мамандарын дайындайтын мектепке қабылданады. Бұл
жерде ол мото-атқыштар дивизиясының жеке арнайы мақсаттағы бө лімшесіне полковник Орловтың қол астына жіберіледі. Келешекте бұлардың бөлімі - арнайы мақсаттағы жеке отрядтың оқу батальоны деп аталды.
«Осназ» оқу батальонында қыздар ықшам радиостанцияларды мұқият меңгеріп, оқу арқылы жау тылында тапсырмаларды орындауға дайындала бастайды. 1943 жылы 26 тамызда 8 адамнан құрылған же дел топтың құрамында радист Татьяна Сава ровская да әуе жолы арқылы жау тылы ор наласқан Белоруссияның Палик өзенінің маңына «Дядя Коля» партизан отрядына тасталды. Оларға берілген тапсырма - қарсыластар жөнінде маңызды мәліметтер алу үшін жаудың қорғаныс шебіне өтіп қа жетті «тіл» алып келу еді. Ал радистің атқарар міндеті - «маңызды» мәліметтерді дер кезінде радиостанция арқылы жеткізіп отыру. Сонымен қатар қойылатын қатаң талап – аппараттың ретсіз істен шықпауын қадағалау және қолайлы үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Таня үшін ең маңыздысы бораған оқтың астында өзінің өмірін емес, оған берілген тапсырманы лайықты орындау болатын. Қаршадай қыз өз ісіне келгенде аппараттың тетіктерін жақсы меңгергені соншалық , қорқу, сасқалақтау дегенді білмейтін. Оның әр кезде ойында Орталыққа берілетін мәліметтің майдан даласы үшін қаншалықты қымбат екенін, тіптен әрбір жауынгердің тағдыры да байланып тұратындай көрінетін. Талай рет аппаратураны асынып алып партизан отрядымен бірге оның өте қатерлі жорық тарға шығуына тура келген. Әрбір сәті қауіп пен қатерден тұратын партизандардың жағдайы белгілі мекені - орман, қорғаны - жапырақ, жамылғысы - шинелі болатын. Солармен бірге Таня да талай рет мұз жастанып, қар жамылған ауыр күндерді бастан кешірген еді.       
 Жау тылында партизандарға қарсы жүр гізілген жазалау операциялары кезінде радист қыз екі рет қатыгез жаудың қор шауында қалды. Алғаш рет немістер бе кінісінің осал жерлерін анықтау арқылы ша буылдаушы топқа жол ашуға тапсырма ал ған «Артур» партизан отрядымен бірге Таня да қоршауда қалды. Жақындап қалған партизандарды сезіп қалған жау әскері бораған оқтың астына алды. Сөйтіп отрядпен бірге Таняға да беліне дейін балшықтағы суды кешуге, аштықтан қалжыраған бойы үздіксіз атылған жау снаряды мен оғының астында бір ай бойы күн кешуге тура кел ді. Кейбір жағдайда радиостанцияның тетіктеріне су өтіп кетпес үшін, оны жоғары көтеріп тұруға мәжбүр болатын. Бұл жолы партизандарға немістермен қоян-
колтық кездесуге тура келді. Олардың көзін жою арқылы ғана қоршаудан босанудың сәті түскен еді. Кезекті бір тапсырманы орын дау кезінде екінші рет қоршауда қалғанда отрядтағылар екі жақты қызу атыспен ғана босанып шығуға мүмкіндік алды. Өліспей беріспеген отряд мүшелері оққа ұшып, олардың қатары сирей бастады. Мұны сезген немістер тағы да қарсы шабуылды үдете түсті. Алғашқыда Татьяна көз ал дында қанға бөккен жаралылар мен оққа ұшқандарды
көргенде жүрегі қатты қобалжыған еді. Бұл ретте алдыңғы шеп тегілерге жау солдаттарымен  бетпе-бет келіп, күш сынасуларына тура келді.  Дегенмен мықтап қорғанған жауынгерлер жау шабуылына төтеп берді. Кейіннен отряд құрамындағы екі партизанға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мұрағат құжаттарында радист Татьянаға қатысты мынадай деректер келтірілген «САВАРОВСКАЯ Татьяна Николаевна в течение месяца блокады, когда вокруг нее рвались сотни снарядов, мин не бросала ключа и поддерживала связь с Центром. За весь период пребывания в тылу противника добросовестно и бесперебойно обеспечивала радиосвязью. В неоднократных боях и в условиях вражеской блокады мужественно перенесла все лишения и трудности в походах и под обстрелом врага в образцовом состоянии сохраняла материальную часть рации». Бұдан радист қыздың майдан даласында жүріп, радиостанция арқылы хабарлама алмасу бойынша арнайы тап сырмаларды орындауда оның жоғары орындаушылық деңгейін көреміз. Сонымен қатар, мұрағат құжаттарын зерделегенде Татьянаның ұрыс даласында жүріп-ақ шың далғанын көреміз. Себебі, оның талай соғыс операцияларына қатысушы партизан отрядтарымен, жедел топтармен және Ор талық штаб басшыларымен бірге жүріп,
үздіксіз бораған оқтан сескенбей, ерекше жағдайларда оларды маңызды мәлімет ал масумен қамтамасыз еткені дәлел бола алады.
Татьяна жау тылында «Артур» парти зан жасағымен Қызыл армияның жау қолынан Белоруссияны азат еткен кезеңі - 1944 жылдың тамыз айына дейін болды. Оның майдан жолы бұдан соң 1944 жылдың желтоқсанында «Западная» жедел тобының, 1945 жылдың маусымы нан, тамыз айына дейін Батыс Белоруссия мен Литва аумағында астыртын құрылған бандылар тобымен күреске бағытталған «Лесные» отрядының құрамында радист ретінде атсалысуымен жалғасты. Өмір мен өлім арпалысқан майдан даласында әрбір сәт қымбат. Олар төбелерінен жауған оққа қа рамастан атой салып, дұшпандардың атыс нүктелерін жою арқылы жауға жақсылап соққы берді. Ес жиюға шамасы жет пеген немістер бәрін тастап, шегінуге мәж бүр болған еді. Осылай Татьянаның жауын герлермен иықтаса жүріп, сол бір сұрапыл жылдардағы атқарған міндеті - оның же ңісті жақындатуға қосқан үлесінің шексіз екендігін көрсетіп тұрғандай. Бүгінде жаңа ұрпақ ауысқан тұста, сұрапыл соғыстағы майдангерлер ерлігі - 70 жыл соққан Жеңіс қоңырауының үніне бақыт құсы қалықтаған бейбіт аспанымыздың кепілі емес пе?! Сондықтан майданда болған ардагерлердің алдында кейінгі ұрпақ бас иеді, ерліктерін паш етеді.Т.Н.Саваровская жау тылында арнайы тапсырмаларды сәтті орындауда батылдық пен шыдамдылық көрсеткені үшін «Отан соғысының партизаны» II-ші дәрежелі медалімен және «Ұлы Отан со ғысына қатысушы», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «1941-1945 жылдары Германияны жең гені үшін», «КСРО Қарулы күштеріне 30 жыл», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
1945 жылы караша айында Татьяна Саваровская Қазақ КСР мемлекеттік қауіп сіздік комитеті қарамағына жіберіліп, бұл жерде 8 жыл радиооператор болып қызмет атқарды. Ол өзінің саналы ғұмырын қау іпсіздік органы қызметіне арнады. Алайда соғыс зардабы оның денсаулығына да әсер етпей қоймады. Солай бола тұрса да оның майданда өткен жауынгерлік жолы мен қауіпсіздік саласындағы қызметі адалдықтың үлгісі. Осы аталған ерен еңбегі үшін Т.Саваровская КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Еңбек ардагері» медалімен, I-ші дәрежелі «Мінсіз қыз меті үшін» және бірнеше рет бағалы сыйлықтарға ие болды. 1975 жылы 12 мамырда кіші лейтенант Т.Н.Саваровская МҚК органынан зейнеткерлікке шығып, дербес зейнетақы тағайындалған.
 
подполковник Ш.АЛМАХАНОВА
«Отан Сақшысы-Часовой Родины»
22.08.2015ж.
Артқа