Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Жұртшылықты жұмылдыратын жаһандық конвенция қажет

 Олармен бірге 200-ден аса әйелдер, балалар және мерт болған содырлардың жесірлері жүр». Бұл туралы кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев мәлімдеді. Бұл күні Астанада «зорлықшыл экстремизммен күрес жөніндегі азиялық конференция» өз жұмысын бастады. Форум жұмысына Орталық және Оңтүстік Азия, АҚШ, Ресей, Еуроодақ елдерінің құзырлы органдарының басшылары, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Нұртай Әбіқаев Қазақстан азамат­тарының «арбау-арандатуға (вербовка) және экстремизм идеологиясының наси­хатына кең тартылып отырғанын» ашық айтты және бұл жайт өздерін қатты алаң­дататынын білдірді. 
– Біз Интернет арқылы, сондай-ақ елі­мізге заңсыз енген әралуан миссио­нер­лер мен экстремистік әдебиет арқылы жүр­гізіліп жатқан кең ауқымды арбауға, экс­тремизм мен терроризм идеология­сы­ның насихатына маңдай соғып отырмыз! Аза­маттарымыздың жеткілікті діни сауат­тылығының жоқтығы салдарынан бұл идеялар дінге сенушілердің бір бөлігінің радикалдануына ықпал етуде. Адамдардың кейбірі өмірдің қиыншылығы, тауқыметі басқа түскенде, жолдан адасып, «әлемдегі әділетсіздіктің басқы себебін ұғындым» деп біліп, «жихад» деп аталатынға қатысу жай­ын ойлай бастайды, – деді ҰКК төрағасы. 
Ол осы орайда қоғамда да бір сауал ту­ғандығын атап көрсетіп, оған өзі жауап берді:
– Кейде журналистер сұрақ қояды: «егер әлдебіреулер осы жолды өздері таңдаған болса, Ауғанстан, Сирия, Иракта бұған дейін өлген басқа да ондаған қазақ­стандық секілді қаза табуды қаласа, мұн­дайлардың сол жақтарға аттануына тос­қауыл қоюдың қажеті қанша? Бұл олардың өз құқы емес пе?» Бірақ біз азаматтары­мыздың өзге елдерде әскери қылмыскерге айналып, лаң салып, өліп жатуын «қалып­ты жағдай» деп санамаймыз! Оның үстіне әбден адасып, рухани-адамгершілік бағ­дарларын жоғалтқан, сонымен бірге террорлық күрес пен адамды жоюдың кәсіби машықтарын меңгерген бұлар Қа­зақстанға қайта оралуы мүмкін. Және ой-санасы бұзылып, салдары зұлмат болар қарау ниеттермен қайтуы ықтимал, – деді ол. 
Қазақстандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы «Ислам мемлекеті» атауын пайдалануға қарсы шықты. Оның айтуынша, лаңкестер өздерін өздері солай атағанымен, шынында, қанішерлердің бұл құрылымында не исламға, не мемлекетке тән ештеңе жоқ. Өкінішке қарай, сенсация іздеген кейбір ақпарат құралдары лаң­кестерге қызмет етіп жатқанын өздері де түсінбей қалады. 
Мысалы, жақында кейбір ақпарат агенттіктері «ИГИЛ өз қаржысын шыға­руға кірісті» деп жер-жаһанға жар салды. Шынында, терроршылардың «қолөнер» сипатында соққан бұл сөлкебайларын әлем­дегі бірде-бір мемлекет, бірде-бір қар­­жылық институт, тіпті терроршы­лар­дың өздері де мойындамаған. Тағы бір дерек: жақында ресейлік ақпарат құрал­дары «ИГИЛ Орталық Азия шекарасына тақады» деп хабар таратты. Шынында, ау­ған­дық лаңкестік топтардың бірі «Әл-Қаидадан» іргесін аулақ салып, «ИГИЛ-ға қосылатынын» жариялаған. 

Осы орайда Н.Әбіқаев халықаралық БАҚ-ты террорлық ұйымға қатысты «Ислам мемлекеті» атауын қолданбауға шақыр-
ды: «Өзін «Ислам мемлекеті» деп атаған «ДАИШ» террорлық ұйымы әр елдердің ондаған мың өкілдерінің басын қосқан экстремистік интернационалға айналды. Біз саясаткерлер мен журналистердің «ДАИШ»-қа қатысты «Ислам мемлекеті» атауын кең қолдануын дұрыс емес деп са­наймыз! Бұл лаңкесшілердің дегеніне бас шұлғу болып табылады, әрі «мемлекет» терминін қолдану осы қандықол ұйымға «заңдылық-легитимділік» нышанын береді. Өзіміздің арнайы қызметте біз «ДАИШ» аббревиатурасын пайдаланамыз. Террор­шылар өздерін қалай атаса да мейлі, ал біз «мемлекет» терминін таңудан бас тартып, осы қысқарған сөзді жаппай қабылдаға­нымыз дұрыс!» деген кеңес берді Нұртай Әбіқаев. 
ҰҚК ақпарынша, «ДАИШ» болашақта Орталық Азия да кіретін, Солтүстік Аф­рикадан Қытайға дейінгі кеңістікті ен жай­лайтын «Хорасан» халифатын құру идеясын ілгерілетуге жан салуда. Бұл жолда олар ештеңеден тайынбайтын түр танытуда. Де­мек, әсіресе, Оңтүстік және Орталық Азия елдерінің арнайы қызметтері өз аумақ­та­рында лаңкестік актілердің алдын алу ша­ра­ларын күшейтулері тиіс. 
Нұртай Әбіқайұлы зорлықшыл экс­тре­мизмнің «қазіргі замандағы жаһандық ең бір өткір проблемаға» және «жекелеген ел­дерді ғана емес, сондай-ақ тұтас өңірлерді тұрақсыздандыратын факторға» айналға­нын мәлім етті. Бұл қауіпті құбылыс ал­дын­да, тіпті ең ауқатты және дамыған елдер де қорғансыз болып шықты. ҰҚК төрағасы­ның мәліметінше, қатыгездігі бойынша 
«Әл-Қаи­дадан» да асып түскен «ДАИШ» және «Боко Харам» секілді террорлық ұйымдар кейбір елдерде мемлекеттік, сая­си, экономикалық және күш құрылым­да­рына еніп кетуге талпыныс жасап жатыр». 
«Олар жекелеген террактілерден дивер­сиялық-террористік соғыс сипатындағы кең ауқымды операцияларға көше бастады. Ақпараттық-психологиялық ықпал етудің заманауи әдістері қолданылуда» деді Нұртай Әбіқаев. 
Өз сөзінде қазақстандық ҰҚК төрағасы әлемдегі лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізімін құруды және оған кірген құры­лым­дарға көмектескендерге саяси және эконо­микалық санкциялар қолдануды ұсынды. 
Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың ақпарынша, 2014 жылы әлемде 12 мыңнан астам террорлық акт жасалған. 
Форумда сөз сөйлеген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанның «кез келген қалыптағы және көріністегі экстремизмге қар­сы» екенін жариялады. 
– Біз зорлықшыл экстремизммен кү­ресуге дайын барлық конструктивті күш­термен өзара тиімді диалог орнатуымыз қажет. Бұл үшін біз арнайы қызметтер мен ведомстволардың байланысын нығайтып, ын­тымақтастығын ары қарай дамыту жұ­мы­сын жалғастыруға тиіспіз! – деді К.Мәсі­мов. Оның айтуынша, қолданыстағы ха­лықаралық келісімдер «тек экстремизм жә­не терроризмнің жекелеген көрініс­те­рімен күресуге ғана бағытталғ
ан». Сон­дықтан «бұл зұлымдықпен күреске әлем жұрт­шылығын жұмылдыратын жаһандық Конвенция қажет». 

Премьер қолға қару алып, «жихадқа» шығуға шақыру «Facebook» және «Whats­App» арқылы тарала бастағанына назар аудартты: құзырлы органдар тауып, тос­қауылдап үлгергенше, әлемде екі миллион адам оқып үлгерген. 
Бас прокурор Асхат Дауылбаев болса, экстремизм және терроризм қаупінің жа­һандана түсуі барлық әлемдік қауымдас­тықтың күш-жігерін шоғырландыруды, сондай-ақ күрестің тиімді стратегиясын әзірлеуді талап ететінін атап көрсетті. 
– Бұл өте күрделі міндет және әлемдегі қауіпсіздіктің тағдыры оның сәтті болуына тікелей байланысты! Сондықтан бірлескен күш-жігер ең алдымен, радикалдық идео­логияның таралуының алдын алуға және оның жолын кесуге, зорлықшыл экстре­мизммен күресуге дайын барлық сындарлы күштермен өзара тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталуы тиіс, – деп нықтады А.Дауылбаев.

 Айхан ШӘРІП

 «Айқын»

29.06.2015ж.


Артқа