Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Әскери шен – үлкен жауапкершілік

            Салтанатты рәсім барысында Нұр­сұлтан Назарбаев жиналғандарды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Ұлттық армияның ел тәуелсіздігі мен тұтастығының тірегі екенін атап өтті. «Сіздер мінсіз қызметтеріңіз арқылы жас буынға патриоттықтың үлгісін көрсетесіздер, мұны мемлекет жоғары бағалайды. Наградаға ұсынылғандар қатарында Қарулы Күштермен бірге құқық қорғау саласы мен арнайы орган­дардың өкілдері де бар. Олардың негізгі қызметі – елдегі тыныштықты сақтау, ха­лықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Президент бұл орайда.
Мемлекет басшысы, сонымен қатар, жоғары әскери және арнайы атақтар тапсыру жыл сайын жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді. «Жаңа атақ алу, әсіресе, генералдық атақ алу – зор мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл – сіздерге, сіздердің тәлімгерлеріңіз бен қарамағыңыздағыларға, жақындарыңыз бен достарыңызға көрсетілген үлкен құрмет. Сіздер өмірде осы жолды таңдап, тоғыздан кешкі алтыға дейінгі жұмыс күнімен шектелмейтін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Отанға қызмет тәулік бойы қызмет ету деген ұғымды білдіреді. Халық алдындағы борышты өтеу үшін бар күш-жігерді жұмсау, қажет болса, өмірді де қию – бұл сіздердің жауапкершілікке толы міндеттеріңіз. Сондықтан, сіздерді бүгін берілген атақтарға лайық деп санаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осылай деп сөзін қорытындылаған Мемлекет басшысы жаңа әскери шенге ие болған және атақ алған азаматтарды тағы да мерекелерімен құттықтап, олардың Отанға лайықты қызмет ететініне сенім білдірді.
Бұл күні марапатталған әскери аза­мат­тар Президенттің қолынан атақ алу үлкен мәртебе екенін және зор жауап­кер­шілік жүктейтінін айтты. Сондай-ақ, Отанымызға және Қазақстан халқына қызмет ету үшін барлық ерік-жігерлері мен күш-қайраттарын жұмсайтындарына сендірді.
Ақордадағы салтанантты рәсім барысында генерал-лейтенант әскери атағы О.Бижановқа берілді. Ал генерал-майор әскери атағы Қ.Ақтановқа, Т.Дән­дібаевқа, А.Қаскелеңовке, Қ.Мың­жа­новқа, Қ.Садықовқа, М.Таласовқа, Р.Шпек­баевқа тапсырылды. Бұған қоса, авиация генерал-майоры әскери атағына Д.Қосанов, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атақтарына А.Ақшаев, А.Кен­жебеков, С.Құрманалиев, Н.Ма­жи­лов, Н.Нұрсипатов лайық деп танылды.
Бұл күні полиция генерал-полковнигі ар­найы атағы Қ.Қасымовқа, полиция генерал-лейтенанты арнайы атағы М.Де­­меуовке, полиция генерал-майоры арнайы атағы М.Аблазимовке, Ж.Бақ­­ты­баевқа, Б.Бисенқұловқа, М.Қо­жаевқа, М.Ұрымхановқа табысталды. 3-сыныпты әділет мемлекеттік кеңес­шісі сыныптық шені Н.Әбдіровке, М.Иса­диловке, Ғ.Ми­разовқа, Б.Тайымбетовке, Т.Тә­шімбаевқа, И.Тілеуғалиевке, Ғ.Тоғыз­баевқа берілді.
 
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, 
«Егемен Қазақстан»  
7 мамыр 2015 
Артқа