Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Смерш

     Фашистік Германия Кеңес өкіметіне шабуыл жасағанда 170-тен астам мықты қаруланған дивизиясымен қатар өзінің жан-жақты дайындықтан өткен арнайы қыз метіне қатты сенім артты. 40 жылдардың басында ІІІ рейхтың «Абвер» деп аталған арнайы қызметін 130 барлау және қарсы барлау ор- гандары, жау тылында жұмыс істейтін шпиондарды, террористер мен диверсанттарды дайындайтын 60-тан астам барлау мектептері құрады. Гитлер әскерлерінің «Сол түстік», «Орталық» және «Оңтүстік» топтарында Германияның әскери барлау және әскери қарсы барлау «Абвер» органдарының өте үлкен бөлімдері диверсиялық жұмыстарын жүргізді. Соғыс кезінде Қызыл армияның барлау және қарсы барлау органдарына қарсы 10 абверкоманда және оларға бағынышты 45 абвергруппен (5 мыңнан аса кәсіпқой неміс барлаушылары) диверсиялық, бүлдірушілік жұ- мыстарымен айналысты. «Абвердің» жансыздар нақты тапсырмалармен Кеңес одағының тылына, армиясына кіріп алып, іріткі салды.

Фашистік шпиондарды анықтап, жою жұмыстарын майданның алғы шептерінде, армия штабтарында әскери қарсы барлау органы «СМЕРШ» (Смерть шпионам) айналысты. Ал тылдағы аудандарға «лақтырылған» неміс, жапон  шпиондарын ұстау өңірлік мемле кеттік қауіпсіздік органдарына жүк- телді. Осылайша, чекистер майданда да, тылда да көзге көрінбейтін жасырын жаумен алысты. Жан-жақты дайындықтан, партиялық сүзгіден өткен әскери қарсы барлаушылар Отанына, чекистік міндеттеріне адал болды. Олардың ішінде 400-ден астам қазақстандықтар да жүрді. Әрине, олардың ерліктері жөніндегіархивте сақталған материалдарда аса ірі шайқастар туралы  жазылмағанменкейбір чекистердің барлау және оперативтік тұрғыда атқарған операциялары жауды талқандауда үлкен стратегиялық маңызды рөл атқарған.

«СМЕРШ» қызметінде болғанқа  зақстандықтардың біразы майданда қаза тапты, араларында Берлинге дейін жеткендері де бар. Енді бірқатары Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға дайындалып жүр. Фашистік Германияның «абверлік» топтарына қарсы «шпиондарға өлім» деген  ұранмен шайқасқан қарсы барлау қырандарының ерліктері мұра- ғат тардағы сарғайған қағаздарда осы уақытқа дейін сақталған. Соларды хал- қы білсін деген ниетпен жарыққа шығарып отырмыз.

 ІІІ рейх шпиондарына  қарсы күрескен  жерлесіміз лейтенант Шегебай Ұзақбаевтың сүйегі Берлиндегі госпиталь зиратында жатыр. Шегебай Ұзақбаев Ақмола облысы, Алексеев ауданына қарасты №6 ауылда 1913 жылы дүниеге келген. Отызыншы жылдардың басында Алматыдағы байланыс политехникумын бітірген. 1937 жылы Тәжікстанда шегарада әскери қызметте болған. 1938-42 жылдары Степняк қаласында Ішкі істер комиссариатында инспекция бастығы қызметін атқарады. 1942 жылы қыркүйекте Қызыл армия қатарына шақырылып, Ташкенттегі пулемет-минометшілер училищесінде взвод командирінің көмекшісі болды. Оның партиялық, қызметтік мінездемесінде саяси сауатты, моральдық жағынан тұрақты, өзіне де, қарамағындағыларға талабы жоғары деп жазылыпты.

Шегебай Ұзақбаев1943 жылдың маусымынан 1944 жылдың наурызына дейін Ташкенттегі Қарсы барлау бас басқармасының «СМЕРШ» мектебінде оқып, лейтенант шенінде майданға аттанған. Майданда 53 армияның 94 атқыштар дивизиясының және 5 армияның 92 гвардия атқыштар дивизия- сының құрамында «Смерш» қарсы барлау бөлімінде неміс басқыншы- ларына қарсы соғысты. 1945 жылы немістер жіберген жасырын жауларды анықтап, қолға түсіргені үшін ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, одан кейін КСРО Жоғары бас қолбасшысы В.И.Сталиннiң атынан алғыс алады. Сол жылы сәуір айында Берлинге шабуылдау кезінде жауынгерлік тапсырманы орын дау барысында Шегебай Ұзақбаев ауыр жараланап, екі айдан кейін госпитальда қайтыс болды.

1970 жылы 8 мамырда, Жеңістің 25 жылдығына арналған «Черня- ховский» кеңшарының жиынында Шегебайды еске алып неміс достары жасаған альбом оның ұлы Серікбай Ұзақбаевқа тапсырылды. Сонымен қатар неміс әріптестері Берлиндегі Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әкімшілік ғимаратына Кеңес чекисті Шегебай Ұзақбаевтың құрметіне мемориалдық тақта ілген екен.

Соғыс кезінде қарсы барлау органдарында болғандардың ішінде қостанайлық жерлесіміз Григорий Кравцов КСРО Батыры деген жоғары атаққа ие болды. Кравцов 1941 жылы қыркүйекте әскерге шақырылып, Омск авиация мектебіне жіберіледі. Бірақ ол ұзақ ұшқан жоқ, 1943 жылы лейтенант Кравцов Волга округына «СМЕРШ» қарсы барлау бөліміне жедел уәкіл болып тағайындалды. 1944 жылы тамызда оны өзінің сұрауы бойынша, 69 армияның 374-дербес әскери айыпкерлер ротасына ауыстырылады. Лейтенант Кравцовтың барлаушылар тобы сегіз фашисті жойып, екеуін тұтқынға алады. Тұтқындардан алынған құнды құпия мәліметтер үшін Кравцов ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталады.

Польша жерінде  Коханув  елді мекені маңында болған қиян-кескі шайқаста жас лейтенант қаза болған рота командирінің міндетін атқарып, Висла өзенінің оң жағалауындағы жау бекінісін бұзып өтеді. Сол  ұрыста тура түскен снарядтан лейтенант Кравцов қаза болды. Оған 1945 жылы 6 сәуірде КСРО Жоғарғы кеңесінің қаулысымен Батыр атағы және Ленин ордені қаза болғаннан кейін берілді. Қазір оның атында Қостанайда көше бар, бұрынғы Старожиловка ауылы Кравцово деп аталады.

«СМЕРШ» қарсы барлау құрылымында диверсант-фашистермен айқасқан жерлестеріміздің бірі ақмолалық Василий Хорошилов. 1944-45 азат етілген Белоруссия, Шығыс Пруссия мен Померания жерінде 1 және 2 белорусь майданында агентуралық желілер арқылы сатқындарды, дезертирлерді анықтады. Біздің ішімізде жүрген неміс қарсы барлауының агенті қатардағы жауынгер Федоров дегенді ұстаған. Бұрын немістерге тұтқынға түскендердің, фашистердің құлдығына айдалған КСРО аза маттарының ішінен неміс армиясында, власовшылар бөлімдерінде немесе полицияда қызмет еткен он шақты адамды анықтаған.

Соғыс кезінде қарсы барлау органдарында болған жерлестеріміздің көбі елге оралғаннан кейін МҚК Қарсы барлау қызметінде болды. Кәкен Әбенов, Дабыл Қуанышбаев, Нәжікен Қапышев, Қари Абитов сияқты ағаларымыз  полковник шенінде отставкаға кетті. Олардың әрқайсысы аңыз. «Смерштіктердің» қаншама «абверліктерді» ұстап, диверсиялық әрекеттеріне тосқауыл қойғанын олардың кеуделеріне таққан орден, медальдарына қарап-ақ аңғаруға болады. Мысалы, ақмолалық майор Иван Семенцов «Қызыл Ту», екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «За боевые заслуги», «За оборону Кавказа», «За победу над Германией» медальдарымен мара патталған. Капитан Сергей Сахаров «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, капитан Дмитрий Калашников «За победу над Германией», «За победу над Японией», «За боевые заслуги» медальдарымен; капитан Борис Васильев «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «За оборону Ле- нинграда», «За Победу над Германией», «За боевые заслуги» ме- дальдарымен; капитан Александр Осокин «Қы зыл Жұлдыз» орденімен, «За Победу над Германией», «За Победу над Японией»,«За боевые заслуги» ме-дальдарымен наградталған.

Фашистік Германияның арнайы қызметіне қарсы соғысқан майдангер жерлесіміз, КСРО МҚК және Қазақстан ҰҚК құрметті қызметкері полковник Геннадий Никитин Яковлевич қазір Алматыда тұрып жатыр. Ұшқыштар учи- лищесінің курсантынан қауіпсіздік қызметінің полковнигіне дейін көтерілген ақсақалдың соғыстан кейінгі 42 жыл ғұмыры сыртқы барлау және қарсы барлау саласында өтті. Арнайы тапсырмалармен шетелдерге шықты. 1979- 87 жылдарда Қаз КСР МҚК Қарсы барлау басқармасының бастығы болды.

Қарсы барлау қызметінде жүргенде Никитин шет мемлекеттердің бірқатар шпиондық әрекеттерін анықтауға тікелей қатысты. Нәтижесінде, Батыс елдерінің барлау қыз метінің арнайы тапсырмасымен келген агенттің шпиондық әрекеттері әшкереленіп, дәлелденді. Полковник Геннадий Никитин екі мәрте «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Мемлекеттік шегараны үздік күзеткені үшін» тағы басқа КСРО мен Қазақстанның көптеген медальдарымен, мақтау грамоталары мен марапатталған.

Ұлы Отан соғысы кезінде құрылған «Смерш» қарсы барлау бөлімдері жаудың  іштен іріту, арандату, аса маңызды әскери объектілерге жасалатын диверсиялық жұмыстарға қарсы орасан зор жұмыстар атқарды және соғыстың  бағытын  өзгертуге үлкен үлес қосты. «СМЕРШ»-тің құрылуына немістерге тұтқынға түскен жауынгерлер ғана емес, генерал Власов сияқты бірқатар лауазымды тұлғалардың жау жағына өтіп кетуі себеп болды. Бұл құрылым соғыс біткеннен кейін тарады.

 

 Қайыржан Төрежанов

«Айқын» 5 наурыз 2015 ж.

Артқа