Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Атамекенге сапар

Генералдың көз алдынан өткен өмірі құтты кинохроника лентасындай тізбектеліп өтіп жатты. ... Атасы Мәрден жаратылысынан ширақ, шаруақор, жақсы ұйымдастырушы болған. Ауылдастары арасында беделді, сөзіне ауыл ақсақалдарының өзі құлақ асып отырған. Қолында азды-көпті шаруашылығы болды, асыл тұқымды жылқы лар өсірумен шұғылданған. Ісмер ше берлігі де баршылық.Ол кездері немерелер ата мен әженің қолында тәрбиеленетін салт болатын. Жүкен мен одан кейінгі Мағауия немерелерін өзі тәрбиеледі.  Соғыс кезінде ер-азаматтарының тірегінсіз қалған ағайын дарының отбасыларына  қамқоршы болды. Аядай ғана жатаған үйде 14 адам пана- лады. Ағасы Баскенмен бірге Жүкен үлкендерге қолдарынан келгенше септігін тигізуге тырысты.Соғыс жылдарының балалары ерте есейді, бала болып ойын да ойнамады. Жазда ат айдап, пішен дайындауға қатысты. Қол босаған сәттерде қармақ алып, балық ұстаған күндері үйдегілерді бір мәре-сәре қылатын.

Солай буыны бекімей жатып, еңбекке ерте араласқандығы өмірде ширақ, елгезек  болуына көп әсер етті. Әрқашан алдына мақсат қойып, соны қайтсе де орындауға тырысатын болды. Соғыс аяқталып, әкесі елге оралғаннан кейін бар күш-жігерін  білім алуға салды. Ұстаздарынан үлгі алып, солардай білімді боламын деп армандады. Барлық пәндерді құлшына оқығанмен, Жүкенге әсіресе, география қиялына қанат бітіретін. Шіркін-ай, әлемнің көрмеген бейтаныс елдерін аралайтын елші болсам деген қиял оны Алматының шетел тілдері институтына жетелеп әкелді. Арманы орын далып, студент атанып, жастық шақтың ерекше бір қызыққа толы кезеңі басталды.      

Екінші курста оқып жүрген кезде, ауылдан хат келеді. Әкесі: «Оқуыңды қоя тұр, үйге қайт, шешең ауырып жатыр» деген екен. Ананың жолы ерекше ғой, Жүкен әкесінің сөзін екі етпей, елге оралуға бел байлап жолға жиналады. Құжаттарын алу үшін өтінішін жазып деканатқа барады. Декан Баженова Вера Васильевна: «Жукенчик, сен асықпа, мен әкеңмен сөйлесіп, мән-жайды білейін, әзірше оқуыңды жалғас тыра бер, анаң әлі-ақ сырқатынан айығып тәуір болып кетер» деп, ақыл айтты. Декан мен әкесінің арасында қандай әңгіме болғаны белгісіз, іле үйден хабар жетті: «Бізге алаңдама, барлығы жақсы, оқуыңды жалғастыра бер» деген.

... Неміс тілі пәнінің маманы дипломымен елге оралып, Лебяжі ауданы орталығын дағы мектепке өмірлік жары Сақып екеуі мұғалім болып орналасты. Мектепте дәріс берумен ғана шектелмей, бірден ауданның қоғамдық жұмысына да білек сыбанып араласып кетті. Білімді жас ма- манның іс қимылдары назардан тыс қалмады. Бірде аудандық комсомол комитетінің басшылығына, келесі жолы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің облыстық басқармасына қызметке шақырылды. Бірақ Жүкен Баймұхам- бетұлы біреуіне де келісім бермей бас тартып, өмірін ұстаздыққа арнайтын шешімін айтты. Көп уақыт өтпей, мектепте алғашқыда оқу ісінің меңгерушісі, одан кейін директоры болып тағайындалды. Мәрденовті мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметке қайта шақырды. Сөйтіп, 1961 жылдың 17 шілдесінде Жүкен Баймұхамбетұлы Мәрденов мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облыстық басқармасына қызметке қабылданады.

Алғашқы кезеңде аса құштарлығы бола қоймаған бұл қызметпен ол ендігі бар мағыналы 'мірінде 35 жыл бойы айналысып, үлкен дәрежеге жетіп, генерал атағына ие болатынын білмеген еді. Былайғы сырт көзге көріне бермейтін, көпшілікке беймәлім, бірақ мемлекет пен халық үшін маңызы аса зор іс Жүкен Баймұхамбетұлын біртіндеп баурап алды.

Жүкен Баймұхамбетұлы Мәрденов 35 жылдың ішінде ұлттық қауіпсіздіқ комитетінің Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстық басқармаларына басшылық етті. Ұлттық қауіпсіздіқ комитетінің басқармаларында орынбасар, басшы, кейіннен ҚР ҰҚК басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық қауіпсіздік жүйесінде барлау қызметінің негізін қалаушылардың бірі болып, өзі сол басқарманы көп жылдар басқарды.

Сексеннің сеңгіріне жеткен Жүкен Баймұхамбетұлы өмірлік серігі Сақып Төребайқызы екеуі екі ұлы Жұмат пен Мараттан немере, шөбере сүйді. Тұңғыштары Жұмат қазір бизнесмен, кезінде комсомол-партия саласында еңбек еткен. Марат әке жолын қуып, әскери қызмет атқарды, генерал дәрежесіне ие болды.

 

Мұхит ОМАРОВ

«Айқын»  05.12.2014 ж.

Артқа