Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Атырауда 9 лаңкес сотты болды

Құрыш НҰРЫМБЕТ, «Егемен Қазақстан», 12.10.2013ж

Атырауда террористік іске қатысы бар 9 азаматқа сот үкімі шықты. Олар 2009-2012 жылдары Қазақстанда тыйым салынған салафиттік бағыттағы идеологияны насихаттаумен айналысқан. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады.

«Қыркүйек айының аяғында басталған сот процесі жабық түрде өтіп, оған БАҚ өкілдері мен сотталушылардың туыстары қатыстырылған жоқ. Тек жасөспірім балалардың ата-аналары ғана қатысуға мүмкіндік алды. Топ басшылары Роман Баярисов пен Рамиз Ким қыл­мыстық топтың қызметіне жасы кәмелетке толмаған балаларды тарту белгілерімен кінәлі деп танылып, 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды», – делінген хабарламада.

«Рамиз Ким кәмелетке тол­­маған адамға нәпсіқұмарлық си­паттағы күш қолдану, боп­салау жолымен нәпсіқұмарлық сипаттағы еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына мәжбүр ету баптары бойынша сотталды. Қыл­мыстық топтағы кәмелетке толмаған Әділхан Қыдырсихов пен Тұрғанбай Ағорыновтың жастығы ескеріліп, оларға 6 жыл мерзімге бас бос­тандығынан айыру жазасы таға­йын­далды», – деді баспасөз хатшысы.

Жалпы, Атырау облысында тек биылғы жылдың өзінде терроризм бабы бойынша осымен үшінші рет сот процесі өтіп, 25 адам сотталды.

 

Артқа