Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстаннан қашып, Канадада ұсталды

Қайыржан Төрежан, Айқын, 22.02.2012ж.

«Қазақстаннан 20,2 млн долларды ұрлап қашты деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған «Қазатомөндіріс» АҚ бұрынғы вице-президенті Рүстем Тұрсынбаевты Канада полициясы қамауға алды» деп жа­зады канадалық Toronto News. «Ол Канада территориясында иммиграция және бос­қындарды қорғау туралы актінің қылмыс жөніндегі бөліміне сай лайықсыз мінез танытқан» деп көрсеткен басылым.

Бұл хабарды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі полковник Кенжеболат Бекназаров та растады. «Қазатомөндіріс» бас­шысының басына қара бұлт үйірілген кез­де оның орынбасарына халықара­лық іздеу жарияланған. Торонто по­ли­ция­сы мен Шекара қызметі агент­тігі «Қазатомөндіріс» АҚ бұрынғы вице-президенті 49 жас­тағы Рүс­тем Тұрсынбаевты Ка­на­даның им­миграциялық заң­­­на­­ма­сын бұзғаны үшін қамауға алған. Канадалық сот оған қойылған айыптың ауырлығын есепке ала отырып, оны заңсыз кел­ген мигрант деп тануы мүмкін деген болжам бар.

2009 жылы Канадаға біржола қоныс аудар­ған Рүстем Тұрсынбаев Кинг Сити қаласында­ғы әдемі үйлердің бірін 3,6 млн долларға сатып алып, осы уақытқа дейін тып-тыныш өмір сүріп жатыпты. Әйелі Натальямен екеуіне жеті жатын, төрт жуынатын бөлме және үлкен бассейн тиесілі болған. Өзі де жергілікті қор биржасында ойнап, шалқып жүрсе керек. Рүстем Тұрсынбаев болса түбі ұсталатынын іші сезіп, дайындалып жүрген сияқты. Жергілікті детектив Рик Мунидің мә­лімдеуінше, былтырғы тамыз айында Тұрсынбаев Интерполдың қа­рауылына ілінген. Мұны ести салысымен Тұрсынбаев тұ­рып жатқан үйді алып қой­мас үшін әйеліне 2 дол­ларға сатыпты.

Алматы қала­лық эко­номи­ка­лық қыл­мыс және сы­бай­­­­лас жем­­­қор­лық­қа қарсы күрес де­партаменті Рүс­тем Тұрсынбаевқа 2010 жылы іздеу жариялаған болатын. Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырған басқаның мүлкін талан-таражға салды, заңсыз тапқан ірі сома­дағы ақшаны жылыстады, жалған құжаттарды жасап, оларды пайда­ланды деген айып тағылған. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті: «Алдын ала тергеудің басқа мәліметтері ҚР ҚПК 205-бап талабына сай жарияланбайды, себебі оны жариялау тергеуге зиянын тигізіп, басқа тұл­ғалар­дың заңды мүдделері мен құқықтарын бұ­зылуына соқ­тыруы мүмкін деп мә­лім­деді.

Артқа