Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Шифрлау құралдары туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларға жататын болады - Сенат

АСТАНА. 5 сәуір 2012 жыл. ҚазАқпарат -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғалған байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдады.

Аталған құжаттың мақсаты шифрлау жұмысын жүзеге асыру және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл ретте заң жобасы шифрлау құралдары туралы мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуды, шифрлау жұмысы, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс секілді бірқатар ұғымдарды айқындауды көздейді. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шифрлау жұмысын ұйымдастыру, үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін әзірлеу жөніндегі өкілеттігі, сондай-ақ ҚР Президентінің оны бекіту жөніндегі өкілеттігі қамтылады. «Мемлекет басшысының шифрлау жұмыстарын бекітуге, үкіметтік байланыстарды қамтамасыз ету тәртібін бекітуге қатысты өкілеттігі айқындалады», - дейді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Өсер Мизанбаев.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Артқа