Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен діни экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөнінде кеңес болып өтті

Ақ Орда, 14.11.2011

Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаров, Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Бас прокурор Асхат Дауылбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиев, Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Әділет министрі Рашид Түсіпбеков қатысты.

Кеңесті аша отырып, Мемлекет басшысы өткен сенбі күні Тараз қаласында бірқатар ерекше ауыр қылмыстар жасалғанын атап өтті. Қылмыскер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасады, соның салдарынан ҰҚК-нің екі қызметкері, үш полиция қызметкері және екі азамат қайтыс болды.

Президент полицейлер мен өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері Отанға қызмет етудің қалтқысыз үлгісі мен ерен ерлік көрсеткенін айтты. Жол полициясының жеке батальоны қызметкерлері тарапынан жарақаттанған қылмыскер, залалсыздандыруға әрекет жасау кезінде өзін-өзі жарып жіберген. Соның салдарынан оны ұстаған взвод командирі, полиция капитаны Байтасов қылмыскерді денесімен жауып, асқан ерлік көрсетті. Полиция қызметкері жанқиярлық арқылы қарапайым адамдардың опат болуына жол бермеді.

- Ең алдымен, мен қаза болғандардың отбасылары мен туыс-туғандарының қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын. Біз олардың қайғыларын бөлісеміз. Бұлар өздерінің қызметтік борышына адалдық танытты, азаматтарды лаңкестен қорғады. Ішкі істер министрлігіне, облыстағы жергілікті атқарушы органдарға қаза болғандардың отбасылары мен балалары үшін қажетті нәрсенің бәрін жасап, оларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Қайтыс болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өшпес ерлік істері мемлекеттік наградалармен атап өтілетін болады.

Аталған жағдай бойынша «терроризм» және «адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Орын алған барлық деректерге тексеріс жүргізу үшін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов басшылық жасайтын арнаулы ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Топ жан-жақты тергеу жүргізулері тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев терроризм әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде дамыған Еуропада орын алып отырғанын және Қазақстан одан сырт қалмайтынын атап өтті.

- Қазақстанға қарсы жасалынған терроризмді, оны ымырасыз басып-жаншуға мемлекеттің мүмкіндігі жетерлік. Мемлекеттің қолында күш те, қуат та, жігер де бар. Біз лаңкестікті түбірімен жоқ қыламыз. Мен сондай-ақ барлық қазақстандықтарды қырағылыққа шақырамын. Егер лаңкестікке қатысты деректер байқалатын болса, онда дереу тиісті құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Біз деректерді анықтап, барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтеміз, - деп атап өтті Президент.

Кеңесте құқық қорғау органдары басшыларының есептері тыңдалды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Артқа