Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қызылордада арнайы қызмет лаңкесті жойды - прокуратура

АСТАНА, 29 желтоқсан 2011 жыл – Қазақстан жаңалықтары АА. Қызылордада арнайы қызмет лаңкесті жойды, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстанның бас прокуратурасы.

«Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында құқық қорғау органдарымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» арнайы бөлімшесін тарта отырып, Ағжан Хасеннің террористік тобының белсенділерінің бірі, 1971 ж.т. Ерік Аязбаевты ұстау бойынша операция жүргізілді», - делінген прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, топ жетекшісі Ағжан Хасен және топтың бірқатар мүшелері 2011 жылдың 3 желтоқсанында Алматы облысындағы Іле ауданының Боралдай кентінде белсенді қарулы қарсылық көрсетуіне қарсы жойылған болатын.

Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған Е. Аязбаев жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласында: Амангелді көшесі, 3 үй, 80 пәтер мекен-жайы бойынша табылды.

«Ұстау кезінде Аязбаев берілу туралы ұсынысқа қарсы жауап беріп, «Макаров» пистолетінен ату бастады, нәтижесінде қарсы атудан террорист жойылды», - деп хабарлады прокуратура.

Бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға болған жерде күттірмейтін тергеу амалдары жүргізілуде.

Артқа