Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК Алматы аумағында жасауға дайындалған лаңкестік актілердің алдын алды - Бас прокуратура

АСТАНА. 28 наурыз 2012 жыл. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2012 жылғы 24 наурызда Алматы қаласының аумағында жасауға дайындалған лаңкестік актілердің алдын алғандығы туралы хабарлайды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Жоспарланған терактілердің ұйымдастырушысы 2009 жылдан бастап қазақстандық құқық қорғау органдарынан шетелде жасырынып жүрген, 1975 жылы туылған Павлов Александр Владимирович болып табылады.

Павлов 2005 жылдан бастап Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздеу салынған БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Аблязовтың жеке күзетін басқарады, оның жеке құпия тапсырмаларын орындаумен айналысады.

Атап айтқанда, Александр Павлов Мухтар Аблязовке БТА Банктің қаржыларын аса ірі көлемде ұрлауға көмек көрсеткен, ал 2009 жылғы ақпанда Аблязовтың жеке мұрағатын және БТА Банктің Корпоративтік бизнес басқармасының компьютерлерінен қатты дискілерді көшіруді ұйымдастырған, содан соң өзі де Ұлыбританияға шығып, бүгінгі күнге дейін Қазақстанға кірмеген.

2010 жылғы сәуірде Павловқа қатысты біреудің сеніп тапсырылған мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша (ҚР ҚК 176 б. 3 т) қылмыстық іс қозғалдын, ал 2010 жылғы тамызда оған іздеу жарияланды.

Онымен сөз байласа отырып «Алға» тіркелмеген партиясы басшыларының бірі, Мухтар Аблязовтың ең жақын сенімді тұлғаларының бірі болып табылатын және шетелде тұрақты тұратын Кетебаев Мұратбек әрекет еткен.

Терроризм және экстремизм актілерін ұйымдастыру жөнінде жоспарларды олар 2011 жылғы қыркүйектен бері ойластырып келген.

2012 жылғы наурыздың басында олар өздерінің сыбайластарына Алматы қаласының қоғамдық жерлерінде, оның ішінде саябақтар аймағында және әкімшілік ғимараттарының жанында жарылыстар топтамасын жасауды тапсырған.

Атап айтқанда, Павлов орындаушыға Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» кинотеатрының артында «Фэмэли» саябағында жарылысты ұйымдастыруды, сондай-ақ жарылғыш заттарды әл-Фараби даңғылындағы жаяу жүргіншілер өтпелерінде орналастыруды тапсырған.

Лаңкестік актілерді ұйымдастыру үшін Павлов 25 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат бөлген, оның 15 мың доллары орындаушыға берілген. Қалған 10 мың долларын терактілер жасалғаннан кейін беру жоспарланған.

Жедел-тергеу шараларының барысында терроризмнің негізгі мақсаты ретінде халықты қорқыту, аласапыран мен дүрбелең жағдайын тудыру, елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру болғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабының 1-тармағы («Терроризм») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Тергеу аясында құқық қорғау органдарына жоғарыда аталған тұлғалардың шетелдіктерді қоса алғанда радикалды ұстанымдағы діни топтардың өкілдерімен Қазақстанда террористік актілерді бірлесіп жасау, сондай-ақ дінаралық және ұлтаралық тұрғыда қақтығыстар тудыру мақсатында байланыс орнату әрекеттері туралы ақпарат келіп түсті.

Тергеу жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар қазіргі кезде ұсталды және кінәларын мойындап айғақ беруде.

Басқа ақпарат тергеудің мүддесінде жарияланбайды.

Артқа