Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қиын да құрметті қызмет

Мұхтар Тұрғанбекұлы, ҰҚК баспасөз қызметінің қызметкері, Егемен Қазақстан, 13.07.2011

Осыдан 19 жыл бұрын Президент Жарлы­ғымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылд­ы. Содан бергі ұлттық қауіпсіздік органдары Елба­сының тұрақты қолдауы арқасында үнемі даму үстінде келеді. Қазіргі таңда ол егемен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын, барлық жағынан жинақы да ұтқыр құрылымға айналды.

ҰҚК тәуелсіз мемлекеттегі орны мен мақсат-міндеті, атқаруы тиіс істері толығымен жаңартылды. Егеменді елдің тарихында тұңғыш рет өзінің арнаулы қызметіне арналған «Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заң қабылданды. Жеке адам, оның конституциялық құқығын қорғауға басымдық берілді. «Жедел іздестіру қызметтері туралы», «Лаңкестікке қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар тура­лы» және басқа да заңдардың қабылдануы арнаулы қызмет жұмысының аяғынан тік тұруына, өзіне жүктелген міндеттерді толығы­мен атқаруға ықпал жасады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіп­сіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жол­дауында: «Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжі­рибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақ­ты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттар­дың бас­тауын­да оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемле­кет­тілігінің сақталуына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табан­ды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет… Егер біз өз мемлекеттілігімізден айырылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолы­мыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ», деп адамзат баласына, өркениетке төнетін қауіп-қатерлердің барлы­ғы­ның бізге де ортақ екендігін, еліміздің оған қарсы аянбай күрес жүргізе беретіндігін жариялап, алдағы бағыт-бағдарды айқын­дап берді. Осыған орай Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев алға қойыл­ған тапсырмаларды лайықты түрде жүзеге асыру­да ұлттық қауіпсіздік органдарынан қашанда зор жауапкершілік пен іскерлікті талап ететіндігін басты назарда ұстап келеді.

Қазіргі таңда әлемдегі кез келген арнаулы қызметтердің алдында тұрған ең үлкен міндет­тердің бірі – лаңкестіктің алдын алу, бола қалған жағдайда адам шығынынсыз тойтарыс беру деп айтсақ, қателесе қоймаспыз. Алыс және жақын шетелдердегі әріптестермен бірлесе қимылдау, ақпарат алмасу секілді бұрыннан қалыптасқан үрдістер жаңа қалыпқа көтеріліп, өзара сенімділік, ынтымақтастық тұрғысынан екі жақты, көпжақты мүдделерге сай келетін іс-шаралар өткізу, ол бойынша қауіпсіздіктің барлық саласын қамту дәстүрге айналып отыр.

Шетелдерде тамырын жайған халықаралық лаңкестік, экстремистік ұйымдардың, тағы басқа қоғамымыздағы тұрақтылықты шайқауды аңсайтын топтардың жандана түскен іс-қи­мы­лы еріксіз алаңдатады. Қашанда қауіп-қатердің алдын алған дұрыс. Қазақ атамыз «Сақтықта қорлық жоқ» дейді. Қоғаммен тығыз байла­ныс­та болу, оның маңызды мәселелеріне дер кезінде құлақ түру, мүмкіндігінше түйін­делген жәйт­терді оңтайлы шешу кез келген дағдарыстың алдын алуға көмектесетіндігі сөзсіз.

Сонымен қатар ҰҚК төл міндеттерінің бірі – қарсы барлау болып табылады. Шетел арнайы қызметтерінің мемлекеттік құпияларға енуі, түрлі сала бойынша барлау жасау әрекеттері ешуақытта толастап көрген емес. Мемлекет­аралық қатынастарға, дипломатия нормаларына нұқсан келтірмеу үшін қарсы барлау саласын­дағы жанқиярлық іс-қимылдар айтылмай да жатады. Дегенмен, сәтті өткізген іс-шаралары үшін үкіметтік марапаттауға ие болғандар, Елбасының өз қолынан орден, медаль, алғыс хат алған қарсы барлаушылар комитет құрамында жетерлік. Бұл ел басшылығының қарсы барлаушылардың кәсіби біліктілігіне берген лайықты бағасы. Ал әр құпияның өз уақыты келеді, халқымыз өз батырларын сол кезде танып білетін болады.

Есірткіге қарсы күрес жалғыз қазақстандық қоғамның ғана емес, бүкіл адамзат пен өрке­ниеттің ісіне айналып, бүгінгі таңда әрбір мемлекет бұған өзінің хал-қадерінше қарсы тұру мақсатында үлес қосуға тырысуда. Бұл орайда мүдделес мемлекеттердің, бірінші кезекте өзімізді қоршап жатқан көршілес елдер­дің ар­наулы қызметтерімен байланысты арт­тыру күн тәртібінен түсуге тиісті емес. Ресей, Қырғыз, Өзбекстан, Тәжікстандағы әріп­тес­термен сәтті өткізілген іс-шаралар нәти­же­сін­де бірнеше трансұлттық қылмыстық қауым­дастық пен топ жойылып, заңсыз айналымнан жүзде­ген килограмнан астам героин мен опиум алынды.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша ашылған қылмыстардың бірсы­пырасы сыбайлас жемқорлық көрініс­терімен байланысты болып келеді. Бүкіләлем­дік сауда ұйымына мүшелікке енуге қадам жасап жатқан тұста мұндай қылмыс түрлерінің экономикамызда қылаң беруі қауіпті құбылыс. Мұның ішінде, әсіресе, мемлекеттік органдар­дың жауапты қызметкерлерінің қылмыстық жолға түсуі алаңдатады.

Мемлекеттік шекараны күзету де ҰҚК мін­дет­терінің бірі. Мемлекеттік шекара бол­ғаны­мен, шекара дегеніміз қашанда ел тағ­дыры, адам тағдыры екендігін де ұмытпауымыз керек. Қа­зақ­стандық азаматтардың ағайындары көрші­лес елдерде болса, олардың ағайындары бізде тұрып жатыр. Ағайындар, туыстар қашанда арала­сып, құраласып тұрғылары келеді. «Бар­ма­саң, келмесең – жат боласың» дейді. Еліміздің Кедендік одаққа енуі интеграциялық процестерді жан­дандыра түсті. Қарапайым адамдарға бағыт­тал­ған бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенім мол. Демек, жеке адам мен азаматтың Конституциялық құқы­ғын, қауіп­сіз­­дігін, Қазақстан қоғамының құнды­лық­тарын, мемлекет тұрақтылығы мен ел ты­ныш­тығын қауіп-қатерлерден жан-жақты қорғау жолындағы қауіпсіздік органдарының жауапты қызметі тек қана құқықтық шеңберде іске асып келеді.

Артқа