Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Мемлекет басшысы бірқатар әскерилерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жоғары әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер берді


АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берді.

 

«Біз ертең, 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күнін мерекелейміз. Қалыптасқан дәстүр бойынша осы мейрам қарсаңында біз әр уақытта өзінің қызметінде жетістіктерге жеткен, тәлімімен, білімімен Отанымызға қызмет етуде еңбек сіңірген үздік адамдарды марапаттаймыз. Бүгін осы дәстүр бойынша бір топ біздің әскери және құқық қорғау органы қызметкерлеріне жоғары әскери шен - генерал атағын беру үшін жиналып отырмыз»,-деді Президент.

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен генерал-лейтенат әскери атағы - Мұрат Майкеевке, генерал-майор әскери атағы - Бауыржан Әбжановқа, Тұрысбек Әлиасқаровқа, Алмаз Әсеновке, Олег Бижановқа, Алмас Жұмакеевке, Марат Қолқабаевқа, Рысбек Күшербаевқа, Марат Өсіповке, Дәулет Оспановқа, Исатай Сартаевқа тапсырылды.

 

Ал авиация генерал-майоры атағы - Нұрлан Орманбетовке берілді. Контрадмирал шені - Жандарбек Жанзұқовқа, сонымен қатар өртке қарсы қызметтің генерал-майоры арнайы атағы Серік Әубәкіровке, Әділет генерал-майоры арнайлы атағы Сұлтан Кұсетовке тапсырылды.

 

Бұған қоса 2 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені - Асхат Дауылбаевқа, 3 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені - Берік Асыловқа берілді.

«Аталған атақ-шендеріңіз құтты болсын. Әскери адам үшін өзінің ғұмырын осындай жұмысқа арнаған қызметкер үшін бүгінгі күні өте бақытты деп санаймын. Әсіресе, тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында алып отырған шен-атақтарыңыз есте қалады деп санаймын. Иықтарыңызға таққан шенмен бірге мемлекет барлықтарыңызға үлкен міндет жүктеп отыр»,-деді Елбасы.

Артқа