Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ақтөбеде ҰҚК департаментінің ғимаратында қылмыс жасағаны үшін сезікті өзін жарып жіберді

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қылмыстық топтың құрамында бірнеше қылмыс жасағаны үшін сезікті болған Р. Махатов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ғимаратында өзін-өзі жарып жіберді.

 

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

 

«Бүгін мамырдың 17-сі күні жергілікті сағат 9.30. шамасында қылмыстық топ ұсталды. Бірнеше қылмыс жасағаны үшін сезікті болған Рақымжан Махатов жауапкершіліктен бой тасалау мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ғимаратында қолдан жасалған, күші шағын жарылғыш қондырғыны қолдана отырып, өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан Р. Махатов оқиға орнында көз жұмды. Ал ғимарат қасында болған екі азамат жараланды. Ж. Өміралиевтің атап өтуінше, зардап шеккен азаматтардың бірі - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкері. Ал, екіншісі - күзетші.

 

Осы факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ресми өкіл.

Артқа