Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Конституция және қауіпсіздік

Мұхтар Анарбек, ҰҚК баспасөз қызметі бастығының орынбасары, Егемен Қазақстан, 30.08.2011

Тәуелсіздік және Конституция сөздері әрбір қазақстандық үшін қасиетті ұғымдарға ба­ланып отыр. Бұл жөнінде Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жа­сампаздықтың жаңыл­мас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істері­міздің қайнар бастауына ай­налды. Қас­терлі құндылы­ғы­мыздың қағи­даттарын бұл­жытпай орындаудың нәтиже­сінде біз қысқа мерзімде мыз­ғымас мемлекеттігімізді орна­тып, тәуелсіздігімізді тұғырлы етік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұ­тастығымыздың кепілі ретінде біз­дің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды», деп атап өтуінде терең мән-мағына жатыр.

 

«Мемлекеттік биліктің бір­ден-бір бастауы – халық» (3-бап) болып табылатындығы ешқандай талас ту­дыр­майтын ақиқат. Елімізде өткізіліп жатқан әділ де еркін сайлаулар мен референдумдар осының бірден-бір кепілі. Бұл орайда жақында ғана болып өткен Парламент Сенатының сай­ла­уын­да да осы тұжырымның өмір­шең­дігіне көз жетті. Олай болса халықты ұлықтау, олардың мақ­сат-мүддесімен санасу Негізгі За­ңымыздың өзегі болып табылады.

 

Ата Заңда мемлекеттің ұлт­тық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәсе­ле­лері де кеңінен тұжы­рымдалған. Бұл орайда ұлттық қауіп­сіздігімізді қамтамасыз ету­дің кешенді жүйесіне кіретін ҰҚК атқаратын міндеттері мен жауапкершілігінің арта түсе­тіндігі анық. Ата-бабамыз аңсап өт­кен тәуелсіздіктің негізгі қағи­далары: «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қам­тиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғыл­мауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» деген (2-бап) сөйлемдер кез келген азаматтың, мемлекеттік қыз­меткердің патриоттық сезімін оя­татындығы сөзсіз. Сонау Алатаудан Арқаға дейінгі, Алтайдан Атырауға дейінгі қазақ даласын қорғау, он төрт мың шақы­рымнан астам мемлекеттік шекара шебін мығымдау, болашақ ұрпаққа аманаттау ісі осыдан анық көрінеді. Бұл маңызды міндетті бүгінгі ұрпақ абыроймен жүзеге асыруда. Ал осының құрамдас бөлі­гі ретінде жыл сайын елордадағы тәуелсіздік монументі түбінде әскери па­радтың өткізілуі – ұлттық рухымыздың асқақтай түскен­дігінің белгісі. Қай кезде, қай ғасырда қа­зақ халқы әлемге паш етіп, осындай мәртебелі шеру өткізіп еді?! Бұл дегеніміз – ел Прези­дентінің Қазақ­стан халқына Жолдауындағы ұзақ мерзімді мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларындағы №1 басымдық ретінде аталған ұлттық қауіпсіздік идеясының нығая түскендігінің, алдағы кезде де дами беретіндігінің айқын дәлелі.

Артқа