Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Арнайы қызметтердің уран тасымалдау жөніндегі операциясы жаңа қазақстандық телесериал сюжетінің негізін құрады

Алматы. 6-желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстандық режиссер Игорь Вовнянко "Уранды тайфун" деп аталатын телевизиялық сериал түсірді, сюжет негізін Қазақстаннан АҚШ-қа жоғары байытылған уранды тасымалдау жөніндегі арнайы қызметтердің операциясы құраған.

 

"Сериалда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекетаралық (Қазақстан және АҚШ) жобаны жүзеге асыру жөніндегі операциясы көрсетілген, онда МАГАТЭ және депозитарий ел АҚШ бақылауымен елден басқа жаққа бейбіт мақсатта пайдаланылмаған жоғары байытылған уранды әкету жөнінде айтылған", делінген "Қазақфильм" киностудиясының сайтында берілген баспасөз хабарламасында.

 

Телесериалда басты рөлдерде Төлеубек Аралбаев, Тұнғышбай Жаманқұлов, Ерік Жолжақсынов, Нуржұман Ихтымбаев және Фархат Әбдірайымов ойнады.

 

Сериалдың премьерасы сейсенбіде "Хабар" телеканалында басталады және екі апта бойы көрсетіледі, делінген хабарламада.

Артқа