Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Парламент арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» ҚР Заңын қабылдады.

 

Аталған заң мемлекеттік қызметтің ерекше түрі - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтерді заңнамалық реттеуге бағытталады. Бұл ретте құжат арқылы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдардың мәртебесі мен негізгі міндеттері айқындалады, мұндай органдарға қызметке тұрумен, оны өткерумен және тоқтатумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

Сондай-ақ, заң арқылы арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі және әлеуметтік қорғалуы айқындалады.

 

Құжатты талқылау барысында Сенат депутаттары оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Атап айтқанда, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде жеке қарап қарап-тексеру мен оның өзіндегі пайдаланатын қызметтік автокөлігіндегі заттарды тексеру үшін әкімшілік ұстаудан иммунитетін бекітетін нормалар алып тасталды. Бұдан басқа мұндай органдар қызметкерлерінің Қарулы Күштерге, басқада әскери құрылымдарға ауысқан кезінде міндетті түрде қайта аттестаттауды талап ететін тәртіпті бекіту ұсынылды.

 

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

 

Cенат комитеті арнаулы мемлекеттік органдар туралы заң жобасын талқылады

 

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

 

«Қазіргі таңда біздің елімізде мемлекеттік қызметтің бірқатар түрлері заңнамалық тұрғыдан реттеліп отыр және оларға дипломатиялық, әскери және құқық қорғау қызметтерін жатқызуға болады. Осы ретте тоқтала кететін жайт, еліміздің арнаулы органдарының өзінің ерекшеліктері баршылық. Ал олардың қызметінің заңнамалық тәртіппен нақты түрде реттелмеуі мемлекет үшін белгілі бір қиындықтарды туындататыны да рас. Сондықтан да, ұсынылып отырған заң жобаларымен екі маңызды мәселені шешу қарастырылады. Біріншіден, демократиялық үдерістердің дамуы жағдайында олар мемлекет демилитаризациясы үшін ерекше жағдайлар қалыптастырады», - дейді заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмірин.

 

Оның айтуынша, заң жобаларын қабылдау арнаулы мемлекеттік органдарға, атап айтқанда ҰҚК-ға, «Сырбар» Сыртқы бақылау қызметіне және Президенттің күзет қызметіне бөлінген ресурстарды тікелей міндеттерді шешу үшін шоғырландыруға мүмкіндік беретін болады. Бұдан бөлек, құжат арқылы олардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне қарай арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелерін де қамту көзделіп отыр.

 

Аталған заң жобалары палатаның алдағы жалпы отырысына шығарылатын болады.

Артқа