Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Тергеу жалғасуда


Егемен Қазақстан, 2012 жылғы 26 қаңтар


2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жа­ңа­өзен қаласында Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздік кү­нін Орталық алаңда мерекелеу барысында «Өзен­мұ­най­газ» мұнай өндіретін кәсіпорнының бұ­рынғы (жұмыстан боса­тыл­ған) жұмысшылары бұзақы жас­тардың қолдауымен қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұр­ғындар мен полиция қыз­мет­керлеріне күш қолданумен ұш­тасқан жаппай тәртіп­сіз­діктер жасаған.

Нәтижесінде 125 нысан өртеліп, бұзылып, тоналған.

Олардың ішінде Жаңаөзен қаласы мен Теңге кенті әкім­дік­терінің, Зейнетақы төлеу жө­нін­дегі орталықтың ғимараттары, полиция бекеттері, «Өзен­мұ­най­газ» компаниясының офисі, «Аруана» қонақ үйі, «Сулпак», «Атлант» және «Шолпан» сауда орталықтары, 5 банк мекемесі, 9 банкомат, 21 автокөлік, тұр­ғын үйлер, сондай-ақ көптеген кіші және орта бизнес ны­сан­дары бар.

Мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға келтірілген залал миллиардтаған теңгемен есептеледі.

Жаппай тәртіпсіздіктердің жо­лын кесу және бейбіт азамат­тар­ды қорғау үшін облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы оқиға орнына полицияның жиын­тық жасағын аттандырды.

Олар атыс қаруын және суық қаруды, тас, таяқ және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді қол­дан­ған топтың шабуылына тап болды.

Орын алған жағдайда полиция жасағы бірнеше рет алдын ала ескертіп оқ атқаннан кейін тәртіпсіздіктердің белсенді қаты­сушыларына табельдік қару қол­данған.

Қақтығыстардың нәтижесінде 64 адам атыс қаруынан жарақат алып, 14 адам қаза болды. Бұдан басқа екі адамның өлімі жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты емес.

35 полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алған.

* * *

Жаппай тәртіпсіздіктер фактілерін, сондай-ақ олардың туын­дау себептері мен шарттарын тек­серу үшін Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасы бойын­ша арнайы прокурор жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылып, жұмыс істеуде.

Қазіргі кезге жаппай тәр­тіпсіздіктердің 6 ұйымдасты­ру­шысы – Сақтағанов, Жарыл­ғасинов, Ирмуханов, Досма­ғам­бетов, Уткилов және Тө­летаева анықталып, оларға Қылмыстық кодекстің 241-ба­бының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктердің 23 белсенді қатысушысы және бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 адам анықталып, қамауға алын­ған. Олардың басым бө­лігі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын және қатысқандарын растады.

Атап айтқанда, олар жаппай тәртіпсіздіктерге алдын-ала дайындалғандарын, осы мақ­сатта жастар тобын тарт­қанын, олар жанғыш құраммен бөтелкелерді әзірлеп, қолда бар заттармен қаруланғанын көрсетті.

Тергеу барысында арнайы құрылған қоғамдық комис­сия­ның өтініші бойынша жеке ба­сы, кінәсінің деңгейі және от­басылық жағдайы ескеріле оты­рып, 11 адамға қатысты бұл­тартпау шарасы қамауға алумен байланысты емес не­ғұр­лым жеңіл шараға ауыс­тырылды.

Жаппай тәртіпсіздіктердің басқа да ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және іздеу шаралары жалғасуда.

* * *

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ынша қоғамдық тәртіпті ор­на­туға қатысқан полиция қыз­мет­керлері әрекеттерінің заңды­лығы тексерілуде.

Әсіресе, ол қару қолдану мәселелеріне қатысты. Тергеу полиция қызметкерлері бейбіт тұрғындар мен өздерінің өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп-қатер төну жағдайында негізінен заңды әрекет еткенін көрсетті.

Алайда, кейбір жағдайларда полиция қызметкерлері тара­пы­нан қару-жарақ пен арнайы құралдар лайықсыз қолданыл­ған, шабуыл жасаушылардың әрекеттеріне реакция туын­даған қауіп-қатерге сәйкес бол­маған.

Соның салдарынан олар өз өкілеттіктерін асыра пайдала­нып, қаруды құқыққа қайшы қол­данған, ол адам өлімдері мен жарақаттарына әкеп соқ­қан.

Бағынышты қызметкерлер­дің заңсыз әрекеттерінің жо­лын кесуге бағытталған шаралар қолданбай, қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін полицияның жиынтық жасағын басқарған Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Өтеғалиев қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Адамдардың өліміне әкеп соққан қару-жарақты лауазым­дық өкілеттіктерін асыра пай­даланып қолданғаны үшін Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің экс­тре­мизм­ге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бағдабаев; Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орын­басары Бақытқалиұлы; Маң­ғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жедел уәкілі Жолдыбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Тергеу арқылы Базарбай Кенжебаевтың қаза болу фактісіне де баға берілді. Туыс­тарының айғақтары бойынша оның өліміне Жаңаөзен қала­лық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысында келтірілген дене жарақаттары себеп болған.

Аталған факті бойынша Кенжебаевты абақтыда заңсыз ұстауға жол бергені және оның дер кезінде ауруханаға жат­қызылуын қамтамасыз етпегені үшін Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысының бастығы Теміров қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Сонымен қатар, қаза бол­ғанды ұрып-соғуға кінәлі тұл­ғаларды анықтау жөніндегі шаралар қабылдануда.

* * *

Нәтижесінде жаппай тәртіп­сіздіктерге ұласқан мұнайшы­лардың ұзақ ереуіліне және әлеуметтік шиеленістің үдеуіне жергілікті атқарушы органдар мен мұнай кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларының заң­сыз әрекеттері ықпал еткен.

Қаржы полициясы орган­дары аталған тұлғалар, қала тұрғындарының мүдделеріне қарамастан, бірнеше жылдар бойы жергілікті халық пен мұнай-газ саласындағы жұ­мыс­шыларды әлеуметтік-эко­но­микалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлағандарын анық­тады.

Тергеу мәліметтері бойын­ша қаражатты ұрлауды Жаңа­өзен қаласының бұрынғы және қазіргі әкімдері Бабаханов және Сарбөпеев «Жанашыр» және «Жарылқау» қоғамдық қор­лары арқылы жүзеге асырған.

Аталған қорларда «Қазмұ­най­газ» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қала тұр­ғындарына әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған демеушілік көмегінен түскен қаражат шо­ғырланған.

Ақшаның басым бөлігі кейіннен қолма-қол ақшаға ай­нал­дырылып, иемделген.

Көрсетілген лауазымды тұл­ғалар мен аталған қор­лардың басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

«Қазмұнайгаз» Барлау Өн­діру» акционерлік қоғамы мен «Компания Мұнай Эко­логия» серіктестігінің басшы­ла­ры Мирошников пен Бай­мұ­хамбетов­тің үстінен «Қаз­мұ­найгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қо­ғамының 335 мил­лион теңге қаражатын ұр­лағаны үшін Қыл­мыстық ко­декстің 176-ба­бының 3-бө­лі­гінің «б» тарма­ғымен қыл­мыс­тық іс қозғалды.

«Қазмұнайгаз» Барлау Өн­діру» акционерлік қоғамының 127 миллион теңге қаражатын «Бұрғылау» серіктестігінің директоры Сейтмағанбетовпен сөз байласып ұрлады деген кү­дікпен «Өзенмұнайгаз» өнді­рістік филиалының бұрынғы директоры Ешманов пен оның орынбасары Марқабаевқа қа­тысты Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

* * *

Жекелеген тұлғалардың жұ­мыстан босатылған жұмыс­шы­ларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қа­таң қарсы тұруға бейімдеу жө­ніндегі белсенді әрекеттері жап­пай тәртіпсіздіктердің се­беп­терінің бірі болып табы­лады.

Сараптамамен олар тарат­қан үгіт материалдардың маз­мұ­нында әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар екендігі анықталды.

Бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қыл­мыс­тық кодекстің 164-бабының 3-бө­лігімен қылмыстық іс қоз­ғап, тергеуде.

Тергеу шеңберінде әлеумет­тік араздықты қоздыруға қа­тысты бар деген күдікпен «Алға» және «Халық майданы» тіркелмеген қоғамдық бірлес­тіктерінің басшылары мен белсенді мүшелері Козлов, Амирова және Сапарғали ұсталды.

* * *

Шетпе кентінде орын алған жағдайларға жеке тоқтап өткі­міз келеді.

2011 жылғы 17 желтоқсанда Маңғыстау облысының Шетпе стансасында бір топ адам темір жол қозғалысын бөгеп, жол­дар­ды бөлшектеп, көлік инфра­құ­ры­лымының нысандарын бұз­ған.

Осының нәтижесінде көлік­тің қалыпты жұмысы бұзылып, 7 жолаушы және 9 жүк та­сымалдайтын пойыз бірнеше сағатқа тоқтатылды.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу барысында полиция қыз­мет­керлері қару, жанғыш қос­пасы бар бөтелкелер мен тас­тарды қолдануымен шабуылға душар болды; 5 полиция қыз­меткері түрлі дене жарақат­тары мен күйіктер алды.

Бірнеше қайта алдын ала ескерту атулардан кейін полиция қызметкерлері қару қол­дануға мәжбүр болды.

11 адам жараланып, 1 адам қаза болды.

Тергеумен аталған жағдай­да полиция қызметкерлері қа­ру­ды заңды қолданғаны анық­талды.

Бүгінгі күнге жаппай тәр­тіпсіздіктерді ұйымдастыру мен билік өкілдеріне қарсы күш қолданғандары үшін 3 адам Бахытжан, Сабырбаев және Жылқышиев қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Тағы 12 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану және көлік құралдары және қа­тынас жолдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуда.

* * *

Барлық аталған істерді тергеу жалғасуда. Олардың тергеу нәтижелері туралы біз жүйелі түрде хабарлап отыратын бо­ламыз.

Артқа