Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Заң талаптарына сай тексерілуде

Егемен Қазақстан, 14.06.2012ж.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан «Арқанкерген» уақытша шекара бекетінде әскерилер мен аңшылық шаруашылығы қызметкерінің қазасына алып келген қайғылы оқиға орын алғандығы жұртшылыққа белгілі. Осы оқиғаға байланысты Бас әскери прокурор Ерғали МЕРЗАДИНОВ мәлімдеме жасады. Онда былай делінген.

 

Осы факт бойынша қозғалған қылмыстық іс Мемлекет басшы­сының ерекше бақылауында тұр. Тергеу жұмыстарын прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының неғұрлым тәжі­рибелі қызметкерлерінен құрал­ған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жүргізуде.

 

Орын алған оқиғаның барлық жағдайларын, қылмыстың себеп­тері мен шарттарын анықтау бойынша түбегейлі шаралар қабыл­дануда. Осы оқиғаға және тергеу барысына қатысты әртүрлі қо­ғам­дық пікірлерге байланысты тергеу мүдделеріне қарамастан тер­геу амалдарының жекелеген қыр­ла­рын ашып айтуды дұрыс деп шештік.

 

Қазіргі уақытта анықталған­дай, 2012 жылғы 10 мамырда 15 адам, оның ішінде 1 офицер, 3 келісім-шарт бойынша қабылдан­ған әскерилер және 11 мерзімді әскерилерден тұратын қызмет­керлер «Арқанкерген» уақытша шекара бекетінде мемлекеттік шекараны күзету бойынша кезек­ші­лікке түскен болатын. Тергеу мәліметтері бойынша қылмыс 28 мамыр күні таң алдында болған. Қылмыс жасалу сәтінде әскери қызметшілер шекара бекетінде 17 күн, ал қаза болған Ким аңшылық шаруашылықта сәуірдің аяғынан, яғни, шамамен бір ай болған.

 

«Сарыбөктер» шекаралық бе­кетінің бастығы Фомин «Арқан­керген» бекетіне ағымдағы жылғы 30 мамырда байланыстың жоға­луына байланысты кезекші құрам жібереді. Бұрын хабарланғандай, шекарашылар оқиға орнына келгенде өртеніп кеткен казарма, офи­церлік құрам үйі мен шаруа­шылық құрылыстарға тап болған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы өртен­ген казарма жайында 13 адам­ның күйген қалдық­та­рын табады. Бекет аумағына жа­қын жердегі ағып жатқан өзен бойынан тағы бір жанып кеткен мәйітке кезігеді, кейін анықтал­ғандай, ол кезекші сақшы болған. Сондай-ақ бекетке көршілес орна­ласқан аңшылық базасының аума­ғында аңшылық шаруашылық күзетшісі Кимнің бірнеше оқ атумен өлтірілген мәйіті табылды.

 

Геномдық сараптама 11 әске­ри­дің тұлғасын анықтады, қалған үш мәйіттің жеке бастарын анық­тау жұмыстары жалғасуда. Осы жұмысқа шетелдік сарапшыларды тарту да жоққа шығарылмайды.

 

Оқиға орнында капитан Ке­реев­тің «Макаров» тапаншасынан өзге шекарашыларда болған бар­лық қа­рулар табылды. 4 маусымда шекара жасағы «Арқан­керген» бекетінен 24 шақырым қа­шық­тықта орна­ласқан жергі­лікті шопандар қыс­тағының бі­рінде жа­сырынған 1992 жылы ту­ған, қа­тардағы жауынгер Челах Владислав Валерьевич табылып, ұс­талды. Ұстау сәтінде ол Кереев­тің азаматтық киімдерінде болды, сонымен қатар онда бекет басты­ғына тиесілі «Макаров» тапаншасы, екі ұялы телефон, ноутбук, 12 000 теңге, сондай-ақ онда кейбір қаза тапқан әскерилердің үш ұялы телефоны және аңшылық шаруа­шылық күзетшісі Кимнің фото­аппараты болды.

 

Тергеу барысында Челах қаза тапқан бір әріптесінен сақинаны алып кетіп, кейін оны ұстаған кезде тасыған автокөлікте қалдырып кеткені туралы айтты. Сол көлікті қарау барысында сақина табылды, кейіннен сақинаны қаза тапқан Сәрсембаевтың зайыбы таныды.

 

Жұртшылықты, соның ішінде тергеуді де Челахтың осы қыл­мысты бір өзі жасағаны туралы сұрақ толғантады. Ол адвокаттың қатысуымен болған алғашқы тер­геуде-ақ өзінің 14 қызметтесін жә­не қылмыстың куәгері ретінде бол­ған аңшылық шаруашылық күзет­шісі Кимді өлтіргенін мойындады. Өз дәйектерін ол оқиға орнында айғақ­тарды тексеру барысында да растады. Челах сы­байластарының және қылмысқа қатысушылардың болға­нын үзіл­ді-кесілді жоққа шығарып отыр. Челах ұсталған күннен бері қа­зіргі уақытқа дейін мойындауын жалғастырып келеді. Ол өзінің тергеу өндірісіндегі сөзін растап отыр.

 

Тергеу әрекеттерінің нәтижесі мен Челахтың мойындауларын сараптау оның қылмысты нақты жасағанын, яғни болған оқиғаның қалай орын алғанын бүге-шігесіне дейін білетін адамның ғана айтып отырғанын дәлелдейді. Мәселен, сараптау нәтижесі шекарашыларды атқан кездегі олардың қалай жатқандығы Челахтың айтқаны­мен сәйкес келді. Пайдаланылған автомат қаруы оқиға болған жерді қарау барысында Челах көрсеткен тұстан табылды. Ол сақшыны өзен жағасында бекет бастығы Кереев­тің «Макаров» тапаншасымен қа­ра­­­­құстан атқанын айтады. Соған сәйкес сот-медициналық сараптама жәбірленушінің басына 9 мм. калибрлі қарудан атылғанын анық­тады. Оған қоса сот-медици­налық сараптама сақшы өлтіріл­ген жерден табылған гильза бекет бастығы Кереевтің «Макаров» тапаншасынан атылғанын дәлел­деді.

 

Аңшы шаруашылығының кү­зет­шісі Ким, Челах көрсеткендей, автоматтан атылған. Сот-меди­ци­налық сараптама негізінде Кимнің ажалы 5,45 мм. калибрлі қарудың бірнеше мәрте атылуынан бол­ғандығын көрсетті. Оқиға орнынан алынған гильзалар мен оқтар Челах кейін көрсеткен жерден табылған автоматтан атылғанын криминалистикалық сараптама ай­ғақтады. Одан әрі, оның көр­сетуі бойынша, қылмыс жасап болған соң ол «Макаров» тапаншасын, марқұмдардың жеке заттарын алып, өзен жағасында өлтір­ген сақшы денесіне және казарма мен шаруашылық құрылысына бен­зин шашып, өрт қойған да қыл­мыс орнынан тайып отырған. Марқұм болғандардың жеке заттары Челах ұсталған кезде одан табылғанын жоғарыда айттық.

 

Челах тауда жасырынғанда бей­нежазба түсірген. Бұл бейнежазбаларды ол Кимді өлтіргеннен кейін одан алған фотоаппаратқа түсірген. Челахтың мойындаула­рының растығын дәлелдейтін мұндай деректер істе жетерлік. Олардың бәрін жариялауға тер­геудің мүддесі көтермейді.

 

Айта кету керек, Челах өзінің бұл қылмыстарды жасағанын анасымен кездескенде де мойындады. Мұның да бейнежазбасы бар. Ал бәрінен бұрын қылмысты жасау себебін Челахтың өзі айтып берді.

Қазіргі күні қылмыстық жағ­дайдың орын алуының шынайы себебі мен нақты сарынын анық­тау мақсатында тергеу әрекеті әлі де жалғасуда. Челахтың көрсе­тулерін, оның әрбір дәлелдерін тергеушілер тиянақты тексеруде. Сонымен қатар қазіргі уақытта кешенді психологиялық-пси­хиа­тр­иялық сараптама өндірісі үшін тергеу құжаттары дайындалуда.

 

Челахтың аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін айғақ жет­кілікті жиналды. Оған ҚК 96-бабының 2-бөлігінің «а» тар­мағы бойынша айып тағылды, ал оның кінәлі екендігін тек сот қана белгілейді. Тергеушілер тергеудің толық әрі анық жүруі үшін бар­лық шараларды қамтып отыр. Мен Бас әскери прокурор ретінде аталған істің тергеуіне жеке қа­дағалау жүргізудемін, сондықтан ол іс тек заң талаптарына сай ғана қатаң түрде тексерілетініне ке­пілдік беремін.

 

Жоғарыда атап өткенімдей, атал­ған істі тергеу барысы Мемлекет басшысы мен Бас про­ку­рордың жеке бақылауында тұр­ғанын тағы да қайталап айтамын. Бұған қо­сымша айтарым, аталған деректер бойынша Ұлттық қа­уіпсіздік комитеті жүргізген қыз­меттік тергеу нәтижесінде «Шы­ғыс» аймақ­тық басқарма, Үшарал шекара отряды мен «Достық» шекара ко­мендатурасының басшылары лауазымды қызметтерінен босатылды. ҰҚК Төрағасының орын­­басары – Шекара қызметінің директоры генарал-майор Н.Мырзалиев Мемлекет басшының атына өзін қызмет­тен босату туралы рапорт берді.

Артқа