Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ШҰҒЫЛ: Бүгінде экстремизм еліміздің ұлттық қауіпсіздігі үшін айтарлықтай қауіпке айналды - Үйлестіру кеңесі отырысына қатысушылар

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Бас Прокурордың төрағалық етуімен және Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда терроризмге және діни экстремизмге тосқауыл қою мәселелері талқыланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Жиналыс жұмысына сондай-ақ Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, ҰҚК, ЭҚСЖКА, ішкі істер, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Дін істері жөніндегі агенттіктің басшылары қатысты.

Бейнеконференциялық байланыс арқылы өңірлік құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, сонымен қатар облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Отырыста атап көрсетілгендей, бүгінде экстремизм еліміздің ұлттық қауіпсіздігі үшін айтарлықтай қауіпке айналып отыр. Сондықтан қалыптасқан жағдай туындап отырған қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі күш-жігерді одан әрі біріктіруді, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруды, осы бағыттағы жұмыстардың әрекет ететін жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеуді талап етеді.

Осыған байланысты экстремистік діни идеологияның таралуына тосқауыл қою бойынша тиімді әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін қабылдаудың, ақпараттық-ағартушылық іс-әрекеттің белсенділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша терроризмге қарсы іс-әрекетті үйлестіру тетіктерін жетілдіруге, терроризм мен экстремизмнің алдын-алу мен жолын кесудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтар мен қоғамның террористік қауіп-қатерден сенімді түрде қорғалуын қаматамасыз етуге бағытталған бірлескен шешімдер қабылданды.

Артқа