Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Тікелей қауіп

Сұхбаттасқан: Михаил Дорофеев, Мегаполис, 18.11.2004г.

Аударған: «Үш қиян» газеті, 16.12.2004г.

«Мегаполистің» бұдан бұрын хабарлағанындай ұлттық қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері шетелден басқарылатын «Әл-Каида» халықаралық террорлық ұйымының құрамына кіретін террористер тобын анықтап, оларды жойды. Бұл топ Өзбекстандағы биылғы көктемде болған террорлық әрекетке қатысты. Топтың мүшелерінің кезекті терактіні әзірлеу барысында жолдары кесілді. Топтың басшылары және мүшелері тұтқындалды, олардың арасында Қазақстанның – 9, Өзбекстанның – 4 азаматы бар. Оңтүстік Қазақстан облысының жанкешті ретінде дайындаған 4 әйел ұсталды.

Бұл сірә Қазақстан ҰҚК терроризммен күрестегі ең ірі табысы болса керек. Арнаулы қызмет адамдарына алғаш рет әйгілі «Әл-Каидамен» тікелей байланысты топты анықтап, олардың әрекетінің жолын кесудің сәті түсті. Қазақстандықтар терроризм дегеннің әлдеқайдағы бір қауіптің елесі емес, сенің өзің мен туыстарыңа шын мәнінде қауіп төндіретін, тіпті сенің көршің болуы да мүмкін, нақты адамдар екенін енді ғана түсінген болар.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Нартай Дүтбаев «Мегаполис» газетіндегі сұхбатында ой толғайды:

- Нартай Нұртайұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әдетте құпиялылықты сақтау мақсатында өз қызметтерін, әсіресе террорлық және экстремистік ұйымдарға қарсы әрекеттерін жариялай бермейді. Осы аяқталған операция туралы ҰҚК қалайша егжей-тегжейлі мәліметтерді жариялады?

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметінің ерекшелігіне орай жедел қызметі туралы әңгіме айта бермейді және барлық құпияны аша алмайды. Бірақ, сонымен қатар халықаралық терроризм жәни діни экстремизм сияқты маңызды мәселелер жөнінде біз қалың көпшілікті хабардар қылып отыруға тырысамыз. Жүргізілген операция мен әшекереленген террористер туралы айта отырып біз терроризмнің шын бар екенін, олардың қауіптілігін, олардың біздің жерімізде, біздің елімізде әрекет жасап жүргенін, өз қатарларына Қазақстанның тұрғындарын тартып, біздің қауіпсіздігімізге нақты қауіп төндіріп отырғандығын көрсетуге ұмтыламыз.

Біз «Адамдар, сақ болыңдар» деген әйгілі сөзді қайталағымыз келеді. Террорлық топтың мүшелері кәдімгі адамдармен қоян-қолтық өмір сүріп, мешіттерге барады, әңгімелеседі және діни тақырыптарда айтысады, счоларға қарап олардың айналадағылардан өзгеше екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Мұны байқау қиынға соқпайды: олар өздерін негізінен ваххабистік сипаттағы нағыз исламның жолын қуушылармыз деп санайды, олардың түсінігінде Қазақстанның сүнниттері көшпенді ата-бабаларының көптегендәстүрлеріне негізделген жалған дінді ұстанады. Бірақ бұларға ешкім көңіл аудармаған, жай діндарлар да, имамдар да, ешкім оларға тойтарыс жасамаған.

Қоғам, жалпы жұртшылықтың да көңіл ауаны осы ретте: терроризм қаупінің Қазақстанға қатысы жоқ, біз лаңкестерден аулақпыз, алаңдайтын ештеме жоқ. Мұндай бейқамдықты әсіресе терроризм қаупін жұртшылықтың көңілін нақты проблемалардан басқа жаққа аудару үшін билік өкілдері әдейі желпіндіріп отыр дейтін оппозициялық күштердің кейбір өкілдері қуаттап жүр. Олар осындай көзқарастарын әртүрлі «дөңгелек столдар» мен конференцияларда белсенді түрде білдіріп жүр. Бұл қарапайым бұқара халықтың терроризм мен діни экстремизмнің қаупін тиісінше ұғынып,бағалай алмауына жағдай туғызады. Ал біз ұстаған экстремистер өздерінің жақтастарын қарапайым адамдардың арасынан тартты ғой.

Қарапайы бір мысал келтірейін. Таразда біз сенімі үшін емес заңды бұзған әрекеті үшін «Хизб-ут-Тахрирдің» мүшесін ұстадық. Оның анасы ҰҚК қызметкерлерімен әңімелескенде одан ешқандай қауіптенбегендігін, керісінше ол үшін мақтанғанын айтқан: бұрын ол арақ ішкен, төбелескен, есірткі пайдаланған, ал енді ішуді, шегуді де тастады, мұсылманшылықтың барлық жоралғыларын сақтайтын болды. Оның мінез-құлқындағы жағымды өзгерістерге қуана отырып, ата-анасы ұлдарын заңға қайшы әрекеттен сақтандыруға әрекет жасай алмады. Ал ол болса ислам халифатын құруға ұмтылу қажет деп ұдайы айтумен болған,олар оны тыңдап отырған.

Сондықтан да, міне осындай жағдайлар, топтар туралы айта отырып, олардың қауіптілігінкөрсете отырып біз балалары экстремистік бағыттағы діни ағымдардың шылауына түскенәкелер мен аналарды сақтандыруға тырысамыз.

- Бірақ адамдарды сенімінен айыруға, дінді бақылауға алуға бола ма? Біз онсыз да 70 жыл жуыққа атеизмде өмір сүрдік қой...

- Сіз дұрыс айтасыз. Бүгіндері бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі елдер сияқты Қазақстанда да діни қайта өрлеу деп атауға болатын құбылыс байқалады. Бізде шіркеу, мешіт мемлекеттен бөлектенген, ұждан бостандығы жарияланған және оған кепілдік берілген, және ол құқықтарды ешкім де шектегісі келіп отырған жоқ. Бірақ қауіп діндарлықтан шығып отырған жоқ, ол діни экстремизмнен шығып отыр. Біз жойған топтың мүшелері дінге сенушілердің Құранды жақсырақ оқып-үйренгісі, ислам философиясын тереңірек ұғынғысы келетін ұмтылыстарын шебер пайдаланған.Олардың өз қатарларына адам тарту аймағы қазақстанның батысы емес, исламның ежелгі және берік дәстүрлері сақталған оңтүстік облыстары болуы да кездейсоқтық емес. Олар ваххабистердің жолын қуушы, «Таблиғи жамағат» және «тақфыр» сияқты экстремистерге бір қадам ғана қалып тұрғандарды іздейді. Адамдарды тарту нағыз исламды оқып үйренуге адамдар жиналатын «худжраларда» жүргізілді. Ондай адамдарға шахид, джихат идеялары иландырылды, сөйтіп тартылған адамдар оп-оңай әртүрлі лаңкестік актілер жасауға дайын болып шыға келеді.Адамдар өз еріктерімен «Давад»-ант қабылдап, шахидтық акт жасауға уәде етеді. Олар жай ғана дайын емес, оларды соншалықты мықты психологиялық әсерлеуден-жөндеуден өткігеннен кейін лаңкестік акт жасауға өздері-ақ ұмтылады. Егер де ант беруші қандайда болмасын бір себептермен шахидттік актті жасай алмай қалса, топ жетекшісі оны өлтіреді, өйткені ол оны жасауға Алла алдында ант еткен ғой. Адамдар мұны білді және оған саналы түрде барды.

Сондықтан да біз терроризм мен экстремизммен күресіміздің нақтылы нәтижелері туралы айтуға болатын кез-келген мүмкіндікті пайдалануға ұмтыламыз. Біз өзіміздің жастарымыз, ата-аналарымыз бен дінге сенушілерімізді экстремистік бағытпен «психологиялық бас айналдырудың» ықпалынан сақтандыруға және барлық қоғамды, дін қайраткерлерін террор мен экстремизмнің идеологиясына қарсы күресу ісіне белсене қатысуға шақырамыз.

- Мұндай уағыз таратушылардың құрбандары шала сауатты жандар болады деген пікір неғұрлым пікір тереңірек дамыған. Топ мүшелері кімдерді тартып, ылықтырған?

- Жауаптың орнына бір әйелдің тарихын айтайын – оны Өзбекстандық Әмина деп атайық. Ол көп жанұялы мұғалімдердің отбасында тәрбиеленеді. Ол Ташкентте оқыды, оған орыс тілінің мұғалимасы үлкен ықпал етті. Әмина мұғалім болғысы келіп Владимирлегі педагогикалық институтқа оқуға түседі. Оқып жүргенінде Кеңестер Одағы құлады. Өзбекстанға қайтып оралды, бірақ төлқұжат ала алмады. Тұрмысқа шықты, бірақ сәтсіз болды: екі балалы болды, ал күйеуі қыдырды, араққа салынды. Мұсылман заңы бойынша ажырасты: күйеуі үш қайтара «Сен азатсың» деп жариялады. Қолындағы балаларымен, өзі жұмыссыз ол не істерге білмеді. Самса сатып, ілдәлдалап нан мен суға байланып күн көрді. Сөтіп жүргенде «Жамағаттың» бір мүшесі тап болды. Оған көмектесе бастады, оның сүйіспеншілігіне ие болып, өз сеніміне ықылас аудартты. Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, пәтер жалдайды. Сөйткен, Ресейде оқыған білімді адам шахидтікке ант беріп, лаңкестік жасау үшін ташкентке аттанады. Оны кері қайтарды, себебі ол жеті айлық балаға екіқабат еді. Экстремистер өмірдегі кез-келген наразылық пен қиындықтарды өз сенімдеріне тарту үшін пайдаланады. Мұндайда әртүрлі психологиялық әдіс-айлалар, тіпті психотроптық дәрі-дәрмек улар да пайдаланылуы да мүмкін.

- Өзбекстандағы көктем мен жаздағы терактіден кейін сол елдің арнаулы қызмет орындары лаңкес-жанкештілер Қазақстанда дайындықтан өткен деп хабарлады. Сонда Қазақстандық ҰҚК бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Біз әңгімелеп отырған топ лаңкестерді Қазақстанда дайындады. Бұл жерде қарама- қайшылық жоқ па?

- Жоқ. Сіз айтып отырған мәлімдемелерде лаңкестер Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы лагерлерде дайындықатн өткен делінген. Ал біз өз мәлімдемемізде және мен тағы да қайталап айтамын: Қазақстанның территориясында лаңкестер даярлайтын осы сөздің жалпы жұртшылықтың түсінігіндегідей лагерлер жоқ. Әңгіме не туралы екені түсінікті болуы үшін топтардың түпкі тамырларына қысқаша тоқталып өтуге тура келеді. Ол Өзбекстандағы қазіргі құрылымды жойып, оның орнына бүкіл Орталық Азияға таралатын мұсылман мемлекетін құруды алдарына мақсат етіп қойған Өзбекстан ислам қозғалысы (ӨИҚ) мен тікелей байланысты. Белгілі баткен оқиғасынан кейін ӨИҚ Ауғанстанда қайтадан база құрды, терроризмге қарсы операциялар қарсаңында ӨИҚ талібтер жағында соғысты. ӨИҚ лидерлерінің бірі Жұма Наманганидің өлгендігі айдан анық, екіншісі – Тахир Юлдашев тірі болу керек. ӨИҚ ядросы екіге жарылды, сөйтіп оның едәуір бөлігі Әл-каидаға барып қосылды (Орталық Азияның Жамағат моджахеді осылай құрылды). Осы лаңкестік ұйымның лагерінде біз жойған топтың жетекшілерінің бірі – Жақшыбек Баймұрзаев оқу-жаттығудан өткен. Оның әңгімесі бойынша ол Әл-Каиданың көсемдерінің бірі Әл-Месриге ұнап, жару-қопару істері бойынша дайындықтан өткен. Біздің эксперттер оның меңгерген мамандық дәрежесін өте жоғары деп бағалады.
2002 жылы екі адам – Баймұрзаев және Ахмат Бекмұрзаев Қазақстанға жіберілді. Бекмұрзаев өз жақтарына адам тартудың маманы болды. Олардың міндеті Өзбекстан территориясында лаңкестік әзірлеу еді. Сол мақсатпен олар адам таңдап, оларды психологиялық «өңдеуден» өткізді. Жұмыс өте жоғары деңгейде, қазіргі заманғы байланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізілді.

Бір дерек: ең бірінші – оқыту, - бұл Интернетті пайдалана білу. Мысалы топқа көк базарда жұмыс жасайтын етікші де кіреді. Сөйте тұра ол почтаны қабылдауды және жөнелтуді біледі. Интернетті еркін пайдала алады.
Ташкенттегі марттағы терактіні де солар ұйымдастырды. Егер кездейсоқтық болмағанда бәрі де басқаша болуы керек еді. Олар пәтерде шахидтердің белдігін тігіп отырған еді, бір нәрседен қателесті де жарылыс болды. Сосын ұйымға мүшелердің барлығы да жедел Ташкентте жинала бастады, сөйтіп бір күн мен түн ішінде бірнеше жарылыстар жаңғырықтар. Өздерін өздері жарып жіберген жанкештілердің ішінде Иса Еруов және Махира Ибрахимова деген екі Қазақстандық бар. Бекмұрзаев сонда өледі де, ал Биймұрзаев жаңа терактілерді дайындау үшін Қазақстанға қайтып келеді.

- ҰҚК қызметкерлері бұл топтың ізіне қалай түсті?

- Жедел жұмыстың барлық егжей-тегжейін әрине жайып сала алмаймын. Бұл өте құпия жасырын ұйым болды. «Давад» қабылдаған адам көпшілік халықтың ішіне сіңіскен, кәдімгі адам – ерлері сақалдарын қырған, ал әйелдері қысқа етекті. Олар қылмыстық жоспарларын әбден ойластырып алып, оны басқа мемлекеттің территориясында жүзеге асырады. Рас, ақша табу мақсатында олар қарақшылық шабуылдар да жасаған. Шымкентте жанұясы үш адамнан тұратын отбасына қарақшылық шабуыл жасады. Үш адамның бәрін де өлтіріп 25 мың долларды алып кеткен.
Біз олардың әрекеттері туралы әр түрлі мәліметтер алып отырдық, біздің назарымызға топтың жекелеген мүшелері ілікті, бірақ бізге Бимұрзаевтің ең басты звеносы жетіспеді. Ол іс жүзінде азаматтығы жоқ адам, жасырын жағдайда өмір сүрді. Біз оның ізіне оның үш әйелін бақылау арқылы түстік. Олардың бәрі де оның сеніміне ықыласы ауған, бәрі де шахидтік ант қабылдаған, ал олардың біреуі – оны жүзеге асырды.

Біз тек Бий мұрзаевтің ізіне түсе отырып бүкіл топты анықтап, оны жоюға қол жеткіздік. Бұл көрші мемлекеттердің арнайы қызметтерінің көмегі арқасында мүмкін болды.

- Ал Бимұрзаев деген кім?

- Бір таңқаларлығы ол өзін Қазақстанның патриотымын деп атайды. Ол Қырғызстанда туған, онда Талас облысында тұрған, содан кейін оның жанұясы Оңтүстік Қазақстанға қоныс аударып, бес жыл тұрады да сосын Ташкенттің түбіне орналасады. Оның біздің еліміз бойынша «Жамағаттың» әмірі болып тағайындалғаннан басқа Қазақстанға қандай қатысы бар, түсініксіз. ӨИҚ ол Тәжікстанда кіреді, дайындықтан алыс шет елде өткен.

- Басқа елдердегі біздің бірқатар әріптестеріміз Қазақстан қару-жарақ әкелетін лаңкес жауынгерлер өтетін транзиттік аймақ,-деп сендіреді. Сіздің мәліметтеріңіз мұны растай ма?

- Факт бұған керісінше сөйлейді. Әрине, кей-кейде Қазақстанның территориясы арқылы қару-жарақ, лаңкес әскерлерді алып өтуге әрекеттер жасалады, бірақ міндетті түрде олардың жолы кесіліп отырады.

Соңғы төрт жылдың ішінде бірқатар елдердің құқық қорғау органдарына лаңкестік іс-әрекеттері үшін іздестірілудегі 20 шетелдік тапсырылды.

Қазақстанда «Шығыс Түркістанның ислам партиясы» және «ШАТ» сияқты халықаралық ұйғыр сепаратистік ұйымдарымен байланысты бірнеше топтыр жойылды. Өткен жолы ҰҚК қызметкерлері анықтап, ұстаған ШТИП-тің үш мүшесі Алматыда сотталды.

Қару-жараққа қатысыты айтарым; Қазақстан арқылы көп мөлшердегі қару алып өту мүмкін емес. Біздің жақында жүргізген операциямыз оған дәлел бола алады.

Қазақстанға Ингушетиядан технологиялық жүйелеріне гранаттар, пистолеттер және қопарғыштың тетіктерін жасырған Камаз әкелу жоспарланды. Біз қаруды сатушылар мен алушыларды анықтап, Камаз Қазақстанның территориясына өткен бойда қауіпті жүктер тәркіленіп алынып, оған қатыстылар тұтқындалды.

Олай болса Қазақстан арқылы қару-жарақ, лаңкестерді еркін транзиттеу мүмкін емес.

Артқа