Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Еліміздің шекарасы сенімді күзетіледі

Әңгімелесекен Жақсыбай Самрат, Егемен Қазақстан, 19.08.2008ж.

18 тамызда Қазақстан шекарашыларының күні атап өтілді

 

Генерал Болат Қырғызбаев 1959 жы­лы Талдықорған облысының Пан­фил­ов ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Жоғары шекаралық училищені, 1992 жылы М.Фрунзе атындағы Мәс­кеу әскери академиясын бітірген. 2003-2006 жылдары Шекара қыз­метінің РФ-дағы жедел тобын бас­қар­ды. 2006 жылдың шілде айынан бас­тап Шекара қызметі ди­рек­то­ры­ның орынбасары, ал 2008 жылдың 21 мамырынан дирек­то­ры, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орын­басары. Үйленген, 4 баласы бар.

 

Қазақстан Республикасының шекарасы елімізбен жері жапсарлас барлық мемлекеттермен заңды түрде келісіліп, берік шегенделген. Мемлекеттік шекарамызға қазір ешкімнің ешқандай да таласы жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей күш салуының арқасында шегенделген шекараның тыныштығын күзету енді шекарашылардың адал борышы. Біз Шекара қызметі әскерлері күні қарсаңында осы қызметтің директоры, генерал-майор Болат ҚЫРҒЫЗБАЕВПЕН әңгімелескен едік.

 

– Болат Исатайұлы, бұ­рын­ғы кезде айтатындай, шекарамыз қа­зір құлыпта ма, Қазақстан хал­қы оның беріктігіне сенуіне бола ма?

 

– Әбден болады…

 

– Ендеше әңгімемізді шекара қызметінің әскери әлеуетімен танысып көруден бастасақ. Оның қазіргі кездегі жарақталуы осы заманғы талаптардың үддесінен шығып тұр ма?

 

– Жасыратыны жоқ, қазіргі ке­зеңдегі шекара қызметін ат­қару – үдемелі түрде өсіп келе жат­қан трансшекаралық қыл­мыс жағдайында өтуде. Бұлар негізінен контрабандалық қыл­мыс­пен сипат­тала­ды. Соның іш­інде есірткі заттарын заң­сыз та­сымалдаудың күннен-күнге өріс­­теп келе жатқаны да жа­сырын емес. Қала берді көші-қон, еңбек ми­­гра­циясы кө­ле­мінің артып келе жат­қан­дығы, оның ара­­­­сында опе­ра­тив­тік есепке ен­гі­зіл­ген адам­дар­дың да көп болуы, со­нымен қатар Кас­пий теңізіндегі бра­­коньерлік қыл­мыс­­тардың арта түсуі – міне, осы­лар­­дың бәрі бүгінгі ше­кара қызметінің айқын си­пат­тары. Біз өз тара­пы­мыз­дан осы­ларға қар­сы әрекет­те­рі­мізді же­тілдіре түсу үстіндеміз. Ше­кара қызметі қазір зама­науи тех­но­логиялармен жеткілікті дә­режеде жарақ­талған. Мәселен, Қы­зыл­орда ба­ғытында шекара кү­зетін ауы­сым­мен атқару тә­жір­ибесі ен­гізіліп, осының ар­қасында осы бағыттағы барлық зас­тавалар қажетті құралдармен толық­ты­рылды. Шығыс бағытта “Сез­бек” атты жаңа дабыл ке­ше­ні іске қосылды. Пав­лодар ба­ғытында судағы мемлекеттік ше­караны күзету үшін Ертіс өзе­нінде жүре­тін шағын катерлі топ құрылды. Шека­раны тура қа­рау және радиотехникалық ба­қылау жасау үшін инженерлік қон­дырғылар мен биік кедер­гі­лер орнаты­луда. Оңтүстік Ба­тыс­тағы Бейнеу шекара­лық бел­де­уінде құрғақтағы учаскені ра­дио­локациялы жолмен ба­қы­лай­тын автоматты жүйе орнатылды. Бұл алыстан бақылауға жағдай жасап, шекаралық нарядтардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Болашақта осы кешенді же­тіл­ді­ре түсіп, көзге түскен ны­сан­дар­ды дәл анық­тауға мүмкіндік беретін бейнеба­қылаумен қам­та­ма­сыз етпекпіз. Сонымен бірге “Бүркіт” атты біртекті ақ­па­рат­тық жүйенің құрылысы да ке­зең-кезеңмен іске қосылу үс­тінде. Шекараның теңіздегі және өзендердегі учаскелерін ба­­қылай­тын “Сансай-2К” же­тіл­дірілген катерлері мен “Сақ­шы” кораблі суға түсірілді. Үкі­мет бюджеттен шекара қыз­ме­тінің шы­ғынын жеткілікті дә­ре­жеде қаржы­лан­дыруда. Ал енді 14 мың шақырымға жуық ұлан-байтақ шекарамыздың қазіргі жағ­дайына тоқталар болсам, Шы­ғыстық бағытта Қы­тай елін­дегі әріптестерімізбен ын­ты­мақ­тасудың нәтижесінде ше­кара бұзу фактілерінің тө­мен­деу тен­ден­циясы қалыптасып келе жат­қанын атап өтуге бо­лады. Оң­түстік бағытта да қа­рулы күзет санының көбейіп, ин­женерлік жа­рақтар мен ке­дергілердің ар­туы себепті кон­тра­бандалық әре­кеттер азаюда. Ба­тыс бағыт­та Ресей Фе­де­ра­ция­сының шекара қыз­метімен бір­лескен іс-қи­мыл­дар ар­қа­сында Каспий те­ңі­зін­дегі бра­коньерлік мақ­сатта ше­кара бұзу әрекеттері әжеп­тәуір те­желді. Солтүстік бағытта Қа­зақ­стан мен Ресей азаматтары үшін же­ңіл­детілген режімдегі шекарадан өту тәртібі енгізі­л­ген­нен кейін ше­кара бұзу фак­тілері 1,5 есеге тө­мендеді. Ес­те­ріңізге сала ке­тейін, 7,5 мың ша­қырымға со­зы­латын Қа­зақ­стан-Ресей шека­ра­сы құрлық­пен өтетін әлем­дегі ең ұзын ше­кара. Соның бар­лық жерінде де шекара қызметінің қы­­ра­ғы­лығын жеткізуге ты­ры­су­дамыз. Үкімет те бізден осыны та­лап етеді. 2007 жылғы 30 ма­мыр­дағы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов­тің тапсырмасына сәйкес біз ше­каралық облыстар әкім­дік­тері­мен бірлесе отырып, Қазақстан мен Ре­сей арасындағы мемлекеттік ше­карадан өту орындарында жаңа бе­кеттер жарақтадық. Қазір осы ел­мен шекара арқылы өтетін 102 бе­кет бар, соның 59-ында қызметті рес­ейлік әріптестерімізбен бірлесе, ал 34-інде күзетті кезекпен атқарамыз.

 

– Соңғы уақыттарда қанша ше­ка­ра бұзушы ұсталды? Олардың жа­саған қыл­мыс сипаттары қандай?

 

– Егер есептің құрғақ сан­да­ры­на жүгі­нетін болсақ, 2007 жылы 17809 шека­ра бұзушы ұсталды. Соның ішінде, 6470-і өткізу бе­кет­те­рінде ұсталса, 11339-ы бе­кет­тен тыс жерлерде шекаралық наряд­тардың ұс­тағандары. Ал үстіміздегі жыл­дың алғашқы жартысында 8658 шекара бұзушы ұсталды, оның 4164-і өткізу бе­кеттерінде және 4494-і олардан тыс жер­лерде ұсталды. Шекара бұзу қыл­мысы­ның негізгі сипаты заңсыз миграция, кон­трабандалық жолмен айырбас опера­циясын жасау және заңсыз балық аулау­лар болып келеді. Біз шекара бұзушыны ұс­та­ған соң олармен тиісті тексеру ша­ра­ларын жүргіземіз. Осы уақыт ара­лы­ғында ұсталғандардың арасында ха­лықаралық террористік ұйым­дар­дың мүшесі болып табылатындар бол­ған емес.

 

Шекарашылардың қы­рағы көздерімен 2007 жылы заң­сыз жолмен әкетіліп бара жатқан 533 кг. 543 грамм есірткі заттары ұсталып, тәркіленді. Соның ішінде 97 килосы героин, 363 килосы ма­рихуана, 43,5 килосы гашиш, т.б. болды. Өкінішке қарай, есірткі тра­фигі жылдан-жылға өсу үстінде. Үс­тіміздегі жылдың алғашқы жар­ты­сында ғана шекарашылар был­тырғы жылдан асып түсіп, 608 кило есірткі тәркіледі. Соның 67 килосы ге­роин, 410 килосы мари­хуана, 130 килосы гашиш болды.

 

Шекарашылар рейдтік опе­ра­циялар жасау барысында биыл елі­мізден заңсыз жолмен әкетіліп бара жатқан 224 тонна ұн тәр­кі­леді. Каспий теңізінде заңсыз жолмен балық аулайтын 42 құрал-жаб­дық­тар ұсталды. Сондай-ақ 15 тонна ба­лық, 5 кило уылдырық, жалпы ұзындығы 56 шақырымнан астам ау-құралдар тәркіленді.

 

– Бүгінгі күні ТМД аумағында не­месе алыс шетелдерде әскери мін­дет­ін атқарып жүрген шекара­шылар бар ма?

 

– Иә, қазір 1995 жылғы 30 мау­сым­дағы Қазақстан мен Ресей ара­сы­ндағы “Сыртқы шекараны кү­зетуді күшейту бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы” келісім-шартқа сәйкес біздің шекара­шылар Ресей аумағында қызмет етеді.

 

– Былтыр Тәжікстан астана­сын­­­да осы елдің шекарасын қорғау ке­­зінде қайтыс болған Қазақстан ше­­кара­шы­ларына ескерткіш қо­йыл­ғанын білеміз. Тағы қандай жер­лерде қа­зақстандық шека­ра­шылар мерт болды?

 

– Ондай оқиға басқа еш жерде бол­ған емес.

 

– Соңғы кезде өз міндеттерін орын­дау үстінде ай­рықша көзге түс­кен шекарашылар болды ма? Олар­дың ара­сын­да мемлекет наг­­ра­да­ларын ал­ған­­дары бар ма?

 

– Жуырда Ше­кара қызметіне Ре­сей Федерациясының Волгоград облысы губернаторынан алғыс хат келіп түсті. Онда қазақстандық ше­карашы, майор Асуан Айт­мам­бе­тов­тің ерлігіне алғыс ай­тылған. Біз­дің жігіт осы облыстың дема­лыс ор­ындарының бірінде жатқанда ке­неттен пайда болған өрт кезінде бір­неше адамды ажалдан құтқарып қа­лыпты. Мұн­­дай азаматтар біздің қыз­метімізде аз емес. Соның ішінде Шонжы застава­сы­ның шекара­шы­ла­­ры да өздерінің 40 жылдық ме­ре­кесін лайықты табыстармен қарсы алғалы отырғанын айта кеткім келеді.

 

– Шекарашылардың жақсы спорт­шылар екенін білеміз. Биылғы Олимпиа­даға неше жауынгерді жіберіп отырсыздар?

 

– Бұл жөнінен біз орынды мақ­тана аламыз, өйткені, Олим­пиадаға 14 қызмет­керімізді ат­тан­дырып отырмыз. Солардың ішінде мергендеріміз Р.Юнус­ма­метов пен В.Исаченко – мылтық атудан, қыздары­мыз Л.Жи­енбалинова мен Г.Дол­гушина – осы заманғы бес­са­йыс­тан, палуанда­ры­мыз Д.Баях­ме­тов пен О.Жәнібекова, дзю­­до­шыларымыз А.Житкеев, С.Отар­баев, Р.Ибрагимовтар – кү­рестен, Н.Иво­нинская мен Р.Уалиев – жеңіл ат­ле­тикадан, И.Ильин – ауыр атлетикадан, Қ.Нұрмағамбетов – қайықта жүзу­ден, А.Мизуров – вело­спорт­тан ел намысын қорғайды. Осылардың ішінде, алтын алқа тағып, еліміздің байрағын аспанға көтеріп, әнұранымызды шырқатар деп айрықша үміт етіп отырғанымыз, әрине, 20 жастағы Илья Ильин…

 

– Дұрыс-ақ, жұл­дыз­да­рыңыз­­дың жол­дары болсын. Менің ендігі сұрағым мем­ле­кет­­тік тілге бай­ла­ныс­ты. Ше­ка­ра қыз­­­­метінде оның даму қар­қы­ны қан­дай?

 

– Қазір біз­­дің қыз­ме­ті­міз­­де мем­ле­кет­­тік тілге де­ген сұраныс кү­шейді. Әс­кер қатарына ша­­қырыл­ған­дар­дың көбі ауылдың ба­лалары болғандықтан олар­дың қазақ тілінде сөйлеу мүм­кіндігі жоға­ры. Ал мамандар ара­сында тұ­рақ­ты түрде оқып-үй­рету жұ­мыстары жолға қо­йылған. 2007 жылдың 1 шіл­де­сінен бастап шекара қызметінде барлық іс-қағаздары мем­ле­кет­тік тілде жүргізіледі. Бұрын бар­лық пәр­мендер мен бұй­рықтар тек орыс тілінде берілетін бол­са, қазір бәрі де мемлекеттік тілге кө­шірілді. Әскердің ішін­дегі жар­ғы, ереже сияқты құ­жат­тар да қазақ тілінде жа­са­ла­ды. Әрине, кей­бір олқы тұстар да жоқ емес, оларды іс бары­сында оң жолға қойып келеміз.

 

– Шекара әскерлері мен офицерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау саласында қандай нақты жұмыстар жүргізіліп келеді?

 

– Бұл мәселеде шешілмеген жәйттер көп, дегенмен, оларды толық шешу жо­лында біраз шаруалар тындырылды. Мә­се­­лен, біз биыл Үкіметтің “Әс­ке­ри­л­ердің, ішкі істер органдары қыз­меткерлерінің өтілдері зей­нет­ақы тағайындауда жеңіл­де­тіл­ген жағдай болып есептелетін жер­лер тізімін бекіту туралы” қау­лысының жобасына Батыс Қа­зақстан облысындағы Жәні­бек ауданын, Маңғыстау облы­сын­дағы Қарақия, Түпқараған ау­дандарын, Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы Шар­дара мен Отырар аудандарын, Шы­ғыс Қазақстан облысын­д­а­ғы Жарма аудан­дарын да енгізу ту­ралы бастама көтердік. Өйткені, бұл мекендердің табиғаты қатал екенін халық жақсы біледі. Сон­дай-ақ қазір бір айлық қыз­мет өтілдері бір жа­рым айға есеп­телетін құрамалар тізіміне де өзгеріс енгізу әзірленуде. Біз де өзіміз­дің кейбір арнаулы тап­сыр­малар орын­дайтын бөлім­де­рі­мізді сол қатарға енгізуге ты­рысамыз. Бұл әскерилеріміздің ең­бек демалысын 45 күнге жеткізуге және зейнетақыға же­ңіл­детілген мерзіммен шы­ғуы­на мүмкіндік беретін болады.

 

Тұрғын үй мәселесіне келе­тін болсақ, бұл бағытта да ауыз толтырып айтарлық табыс­та­ры­мыз бар. Осы үстіміздегі жылы ғана біз 4 көп пәтерлі үйді сал­дырып, пайдалануға бердік. Атап айтқанда, Ақтау қаласында – 60, Бейнеу кентінде – 12, Қызылорда қаласында 78 пә­тер­лі үй және Астана қаласында 118 бөлмелі шағын от­басыларға ар­налған жатақхана салынды. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да жандана тү­сетін болады.

 

– Әңгімеңізге рахмет, кә­сіби мереке­леріңіз, Илья Ильиннің Олим­пиададағы ал­тын медалі құтты болсын!

Артқа