Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ақтауда есірткіге қарсы үгіт-насихат шарасы өтті

Хабар,  10.02.2007

Маңғыстау облысы ҰҚК департаменті қызметкерлері «Нашақорлық – бүкіл адамзат болашағына қауіпті» атты шара ұйымдастырды. Жастарға Қазақстан мен дүниежүзіндегі есірткі саудасы туралы ғана емес, Маңғыстаудың өзінде біраз жастың нашақорлықтың кесірінен тағдырын қалай бұзғаны жайлы мысалдар келтірді. Дәрігерлердің дерегіне қарасаңыз нашақорлар арасында жастар көп. Тіпті, 13-14 жастағылар бар. Маңғыстаудағы наркологиялық диспансерде кәмелетке толмағандар емделіп жатыр. Сондықтан да Ұлттық қауіпсіздік Департаментінің қызметкерлері алдымен психологиялық тұрғыдан жастарға дәріс оқымақшы.

Болат Шайманов, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД бастығы:

- Ресми есеп бойынша облыста мың жарым адам тіркеуде тұр. Олардың дені жастар, студенттер. Сол себептен де біз студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттап жатырмыз.

Болат Шаймановтың айтуынша ресми дерек толық емес. Шын мәнінде бұл аймақта нашақорлардың саны 5 есе көп. Осы Департамент қызметкерлері соңғы үш жылда есірткі тасымалдаған оннан астам халықаралық жүйені әшкерелеп, 110 келі есірткіні тәркілеген. Соңғы жылдары көңіл көтеретін орындар мен түнгі клубтарда ақ түсті синтетикалық есірткі қаптап кеткен. Ақтауда есірткіге еліріп, ауыр қылмыс жасағандар да бар. Есірткіні студенттер арасына кім таратып, кімнің нашақорға айналып бара жатқанын Департамент қызметкерлері тез арада-ақ анықтайды.

Болат Шайманов, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД бастығы:            

- Біз біліп отырған ақпарат бойынша араларыңыздағы бірнеше студент болашақ қызметін бастамай тұрып, одан күдерін үзуіне болады. Сондықтан Сіздер ойланыңыздар! Өз денсаулықтарыңызды ғана емес, жақын туысқандарыңызды да естен шығармаңыздар!

Шара соңында ұлттың қауіпсіздігі үшін күресетін қызметкерлердің есірткі айналымын қалай жойып отырғандықтары жайлы фильм көрсетілді. Олардың айтуынша, осындай кездесулер жастарды ойландыруы тиіс.

Артқа