Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Еліміздің құқық қорғаушылары ұрланған көліктерді сатумен айналысып келген екі бірдей қылмыстық топты құрықтады. Оларға қазақстандық кеден және жол полициясы қызметкерлері көмектесіп отырған.

Ассалаумағалейкум, қадірлі әлеумет! Тікелей эфирде – «Жеті күн» ақпараттық-сараптау бағдарламасы.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұрланған шетелдік көліктерді Қазақстанға әкеліп сатумен айналысып келген екі бірдей трансұлттық қылмыстық топты құрықтады. Оның мүшелері Белоруссия мен Ресей және Қазақстан аумағында әрекет еткен. Ең қауіптісі бұл ұрлықы іске осы үш елдің де кеденшілері мен полиция қызметкерлерінің қатысы бар. Ал, осындай жолмен елімізге жылына сегіз мыңға дейін ұрладар да таңқаларлық. Өзіміз көп сүйсінетін Еуропа елдерінде де оңай олжаны жек көрмейтіндер бар көрінеді. Ондайлар көлігін ұрлауға өздері көмектеседі. Оның орнын сақтандыру қорының қаржысы есебінен толтырады. Бұл көлікті заңсыз жолмен алып келудің бір тәсілі ғана. Ал, қолды болған автокөліктердің бізге жеткенше нөмірі де, түр-түсі де өзгертіледі, жалған құжаттар жасалады. Қылмыстық топтың ұрлықты қалай жасап келгені туралы тілшіміз Талғат Қарақұлов баяндайды.

Белоруссияның брест қорғаны Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы үшін маңызды рөль атқарды. Бүгінде жарты ғасыр өтсе де Брест Еуропаға шығатын қақпа мен қорғаныс маңыздылығынан арылған жоқ. Дегенмен, қазір қарсыластар да, қорғаныс түрі де басқа. Көптеген азаматтар бұл туралы біле де бермейді. Бірақ, осындай күреске қатысушы мемлекетке келетін шығын мен олардың құқық қорғау органдарына бөлінетін қаржыны есептегенде, қазіргі заманның соғысы деуге әбден болады.

Ержан Рақымбеков, Астана қалалық ҰҚКД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы:

- Бүгінге дейін біз трансұлттық сипаттағы 2 ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтадық. Осындай шаралар Белоруссияда және Ресейде де ұйымдастырылды.

Ұсталған азаматтар немен айналысқа ндегенге келсек. Тергеу барысында белгілі болғандай, олар Қазақстанға ұрланған қымбат көліктерді заңсыз әкелудің 2 жолын ұйымдастырған. Бір қызығы, бұл криминалды бизнеске құқық қорғау органдарының қызметкерлері, яғни кеденшілер мен жол полициясы өкілдерінің де қатысы бар. Сондықтан, іс-Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ресей мен Белоруссияның арнайы қызметтерінің қарауында. Айтпағымыз, сыбайлас жемқорлық кең етек алғандығы. Нақты дәлелдер бойынша, 1 ай ішінде Қазақстан шекарасынан өтіп, елімізде қалып қоятын 300-ден астам көліктің жартысы қылмыстық жолмен әкелінген. Бір сөзбен айтқанда, қазақ жері Еуропа елдерінде ұрланған көліктерді рәсімдейтін және ешкім таппайтын «тұңғиыққа» айналды.

Ержан Рақымбеков, Астана қалалық ҰҚКД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы:

- Біз жол полициясының үш қызметкерін ұстадық. Олардың бірі Астанада басшылық қызмет атқарады. Сондай-ақ, кеден қызметкерлері де ұсталды. Қазір кеден қызметкерлерінің тіклей қылмыстарға қатыстылығын анықтап, дәлелдейтін жедел-іздестіру шараларын жасап жатырмыз.

Криминалдық механизм қалай жұмыс істеген. Барлығы, Қазақстандағы әлде біреудің жаңа және қымбат тұратын көлікті 30-40 пайызға арзан алу туралы қалауынан басталады. Көбіне тапсырыстар BMV-5, Порше Кайэн сияқты жол талғамайтын көліктерге, Тойота мен Ауди, Хонда, Лексус немесе Мерседес маркаларының сирек моделдеріне берілген.

Ержан Рақымбеков, Астана қалалық ҰҚКД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы:

- Негізінен, барлық көлік «тапсырыс» бойынша әкелінген. Яғни, сатып алушы көлік іздеумен, ұйымдастырумен айналысатын Қазақстандағы адамға келеді. Көбіне, бұлар ауқатты азаматтар. Олардың ішінде мемлекеттік қызмет атқаратындары да бар. Жаңа тұлпар иемденгісі келген адам қылмыстық топ мүшесіне керекті көліктің түрін, түсін айтады. Сондай-ақ, көлікті әкелу мерзімі мен қаражат көлемі алдын-ала келісіледі.

Көлікті әкелудің екі жолы бар. Бірінші. Көлік Еуро Одақ елдерінің бірінен ұрланады немесе көлік иесінің келісімімен ұрлап әкету ұйымдастырылады. Болжам бойынша, ол жақта ұрланған көлігі үшін сақтандыру ақысын, бұған қоса қалмыскерден ақша алғысы келетіндерді де табуға болады екен. Кейін көлік Белоруссияға жеткізіледі. Екінші түрі – көлік Мәскеу немесе Мәскеу облысынан ұрланып, тағы да Белоруссияға табан тірейді.

Юрий Лазко, Белорусь Республикасының ІІМ аса ауыр істер бойынша аға уәкілетті қызметкері:

- Көлік біздің елдегі шекара маңындағы қалалардың біріне әкелініп, түр-түсі өзгертіледі. Өзгертулер ең алдымен көліктің электроникасына байланысты. Мұнда тапсырушыға арналып құжаттар жасалады, көліктегі мөрленген нөмірлер өзгертіледі. Белоруссия аумағындағы осы қылмыстық бизнестің көлемі туралы айтатын болсақ, осы елдің қауіпсіздік қызметі анықтаған ақпаратты келтіруге болады. Олар 2 қылмыстық істі тергеу барысында қылмыскерлер тобының бір ай ішінде 200 ұрланған көлікті сатуға дайындағанын анықтаған. Шындығында келгенде, 10-даған мың көлікті сатылуы мүмкін. Осы қылмыс барысында 27 адам жауапқа тартылған. Белоруссияның Қауіпсіздік комитеті құрықтаған 8 белорустік милиционердің осындай заңсыз іс-шараға қатыстылығы анықталды. Бұл жерде де сыбайлас жемқорлық жемқорлық белең алғаны байқалады.

Сергей Пронин, Белорусь Республикасы Брест облыстық Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері:

- Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарын аударған қылмыстық топ заңдастыруды Белорусь аумағында, яғни Брест қаласында бастаған. Қылмыскерлер Ресей, Молдавия, Украина, Польша, Литваның қылмыстық топтарымен тығыз байланыс жасап, солар арқылы осы елдердің бірінде ұрланған көліктің барын немесе сақтандыру ақысын алу үшін қылмыскерлерге көлігін бергісі келетіндерді біліп отырған. Мұндай жағдайлар көп болуы мүмкін.

Қазақстанға жұмыс істеген топ шекараға жақын Бресте орын тепкен. Қазір батыр-қала криминалды автобизнестің астанасы деген атауға ие. Қазақстанға қатысты барлық заңсыз келісімдер қала сыртындағы «Сябры» бақша шаруашылығына тиесілі кішкентай үйшікте жасалған. Көлікке қажетті құжаттарды дайындауды қылмыстық топ 4 мың долларға жасаған. Олар Польша мен балтық жағалауы елдерінде дайындалған. Соңғы жылдары Белоруссияда да бұл іс жолға қойылыпты. Жалған құжаттардың сапалығы сондай түпнұсқадан айыру өте қиын. Тек мамандар ғана арнайы қондырғылармен анықтай алады. Құжаттың барлық түрі жасалған. Бұл ең алдымен, америкалқ немесе еуропалық үлгідегі техникалық паспорт, сатып алу-сату туралы келісім шарт, сенім хат пен сақтандыру құжаты. Нөмірлерді өзгерту технологиясы да қызығушылық тудырады. Яғни, қылмыскерлер көліктің зауыттан шыққан нөмірін өзгерту арқылы жаңа көлік жасаған. Бұл жерде нөмір іздеудегі көліктің нөмірімен сәйкес болмауы керек. Тағ бір жолы, дәл сондай нөмірлі екінші көлік жасалады. Қылмыскерлер интернет арқылы іздеуде жоқ көлікті тауып, сондағы белгілерді ұрланғн көлікке көшіреді. Осылай 10-ға дейін «көлік көшірмесін» жасай алады. Қылмыскер үшін мұндағы басты шарты – екі көлікті бір елге жібермеу.

Сергей Пронин, Белорусь Республикасы Брест облыстық Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері:

- Көліктің 99 пайызы Белоруссияға Украина жағынан кіреді. Өйткені, бұлелмен Беларуссияның Польша сияқты қатаң қорғаудағы шекарасы жоқ. Белоруссияға көліктер ешқандай кедендің органдарда рәсімделмей-ақ, қылмыскерлер Германияның, Голландияның жоғары сапалы техникалық паспорттарын жасаған. Кейін Ресей арқылы көліктер Қазақстанға жеткізіліп отырған. Сіздердің елдеріңізде жұмыс істеген қылмыскерлер көлікті заңдастырып, жол полициясының тізіміне енгізіп, емін-еркін жүре береді.

Белорустік сақшылардың айтуынша, Қазақстандық қауіпсіздік қызметінің мамандары қылмыстық бизнестің бұл түрін әшкерелемейінше, тиімді жұмыс істеген.

Сергей Пронин, Белорусь Республикасы Брест облыстық Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері:

- Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені қолға алғаннан кейін ған және Белоруссия жағымен бірлескен жұмыстың арқасында Балтық елдерінен, Украинадан, біздің елден Ресейге және басқаелдерге әкелінген көліктердің заңсыз екенін анықтадық. Яғни, ТМД елдеріне жалған құжаттар арқылы енгізілген.

Көліктер Қазақстан шекарасына Орал кеден бекеті арқылы «уақытша кіру» тәслі бойынша рәсімделіп өткен. Петропавлдың кеден бекетінен өткенне кейін ған көлік Литвада немесе Германияда сатып алынды делінген жалған құжаттар дайындалған. Өйткені, мұнда қасқыр терісін жамылған кеден қызметкерлері жұмыс істеген. Криминалдық бизнестің соңғы бөлімі көлікті кедендік рәсімдеу және жемқорлыққа берілген полицейлердің қатысуымен жол полициясы органдарында тіркеумен аяқталады. Осыданк кейін ғана ұрланған көлік толығымен заңдастырылады.

Иван Лавриненко, Мәскеу қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға қызметкері:

- Айта кететін жайт, қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы ұсталған жоқ. Трафик әлі де жұмыс істеп жатыр. Қазір топтың қалған мүшелері қымбат көліктерді әкелуге көшті. Қазақстанда сұраныс ұлғайды.

Мәскеу милициясы қызметкерлерінің айтуынша, қалада айына ұрланатын 200-300 көліктің 90 пайызы Қазақстаннан табылды. Өйткені, еліміздегі экономикалық өркендеу мен халықтың әл-ауқатының жақсаруының себебінен соңғы уақытта қымбат көліктерге сұраныс та артты. Оларды жарты бағасына алу туралы ұсыныс түскенде кім бас тартар дейсіз. Қазірдің өзінде көлікті алып-сатумен айналысатын кәсіпкерлер арасында криминалдық көлікті елімізде заңдастыру оңай деген пікір қалыптасқан. Кеден мен полиция органдарындағы жемқорлық қылмыстық топ мүшелеріне еш қиындықсыз криминалды көліктерді рәсімдеп, тіркеуге қоюға мүмкіндік береді. Осылайша, криминалдық автобизнеспен айналысатын қылмыстық топ Қазақстанның экономикалық жағдайына және халықаралық имиджіне нұқсан келтіруде.

Осы репортажда келтірілген барлық деректер Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің көршілес елдердегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынастың арқасында трансұлттық қылмыстық шара кезінде әшкереленді.

Артқа