Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҰҚК қызметкерлері валюта контрабандасына тосқауыл қойды

«Хабар», 26.10.2007ж.

Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіқздік комитетінің қызметкерлері валюта контрабандасына тосқауыл қойды. Қаланың халықаралық әуежайында өткізілген арнайы операция кезінде, шетелге 940 мың АҚШ долларын алып өтпек болған 2 адам ұсталды. Тергеу кезінде бұл қылмысты кеден қызметкерінің ұйымдастырғаны анықталған. Қазақстан Республикасының екі азаматшасы, Алматы-Стамбул бағытымен қатынайтын 911-әуе рейсіне құжаттарын рәсімдеп жатқан сәтте қолға түсті. Тексеру кезінде олардың жол сөмкелерінен бір миллионға жуық АҚШ доллары табылған. Әрекетін жасыру жасыру мақсатында жолаушы әйелдер шетел валютасын қаңылтыр қағазға ұқыптылықпен орап, кәмпиттің қорабына жасырған. Доллар бумаларының беліндегі жазуларға қарағанда, шағын кәсіпкерлерден жиналған пұл көрінеді. Тексере келе, бұл іске кеден қызметкерінің қатысты екені анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, шенеунік өз лауазымын пайдаланып, контрабандалық валютаның ұшаққа тексерілмей өтуін қамтамасыз етіп отырған.

Болатбек Төлетаев, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бөлім бастығы:

- Тергеу кезінде осы қылмыстық топты Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау комитеті қызметкерінің ұйымдастырып, басқарғаны белгілі болды. Қазіргі кезде оның үстінен ҚР қылмыстық істер кодексінің 311-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнында ұсталған екі азаматшаға «Контрабанда» деген айып тағылып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті уәкілдерінің айтуынша, Алматы халықаралық әуежайында мұндай келеңсіздіктер бұдан бұрын да кездескен. былтыр ел қауіпсіздігінің сақшылары, шетелге 2 миллион АҚШ долларын алып өтпек болған Қазақстан Республикасының азаматын қолға түсірген болатын.

Артқа