Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Парақорлар құрықталды

"Хабар", 15.02.2008ж.


Мемлекет басшысының тікелей нұсқауына сәйкес, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жаңа қарқын алды. Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бір күнде екі бірдей пара алу дерегінің бетін ашқан. Жедел шараларды жүзеге асыру кезінде, дәрі-дәрмек сатумен айналысатын кәсіпкерлерді ұзақ уақыттан бері бопсалаған, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Алматы қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасының директоры Дүйсекеев, ақырғы рет пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Оның кабинетін тексеру барысында, жалпы сомасы 1 миллион 600 мың теңге мен 4 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлықтар салынған 11 конверт табылды.

Сондай-ақ, кеше қаладағы әскери бөлімшелердің бірінің қаржылық жағдайына кешенді бақылау жүргізіп жүрген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұстатпақ болған, Қорғаныс министрлігіне қарасты сот сараптама орталығы зертханасының бастығы мен сарапшысы тура қылмыс үстінде құрықталды.

Болатбек Төлетаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметінің бастығы:

– Сыбайлас жемқорлықпен күрес кезінде, соңғы 1-1,5 жылдың ішінде 30 дерек тіркеліп, жауапты мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылып отыр. Оның ішінде 2 адам, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар.

Артқа