Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Алматыдағы алаяқтық

Хабар, 12.08.2008ж.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесе отырып, үлескерлердің қаражаттарын талан-таражға салу деректерін анықтады. Алаяқтық деректері бойынша «Алматыинвестстрой» компаниясының бас директоры Дмитриенкоға қатысты Қылмыстық кодекстің 177 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біраз жұртты уәдеге қарық қылып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған Дмитриенко бірнеше ай іздеуде жүргеннен кейін құқық қорғау органдарына өз еркімен берілген. Ал осы жылдың 31 шілдесінде ҰҚК қалалық департаменті тағы бір қылмыстық іс қозғады. Ол бойынша аталған компанияның басқа да лауазымды тұлғалары қамауға алынды.

Қайыржан Қамзаев, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі аға сарапшысы:

- Олар бас директордың бірінші орынбасары Ермекбаев, коммерциялық директор Яконовқа, бас бухгалтер Примаковаға және бөлім бастығы Нұрбаевағаларға жоғарыда аталған баптың үшінші бөлімі бойынша ірі мөлшерде алаяқтық жасау деген айып тағылуда.

Аталған лауазымды тұлғалар бас директормен бірлесе отырып, заңсыз өз қалталарын толтыру мақсатында тұрғын үйлерді сату-сатып алу туралы жалған келісімшарттар жасасқан.

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Осылайша олар жоспардағы, яғни әлі салынбаған 6 тұрғын үйді «салынды» деп сатып үлгерген. Алты үйдің бесеуі Өтепов пен Тәжібаев көшелерінің қиылысында, ал бір үй Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысында бой көтеруге тиіс болатын. Ал өздеріңіз байқап отырғандай қазір бұл жерде үйдің іргетасы құйылмақ түгілі, ескі үйлер бұзылып та үлгермеген. Осылайша Алматыинвестстрой ЖШС 180 астам үлескердің 1 млрд 209 млн теңгесін заңсыз жымқырған.

Сондай үлескердің бірі Асқар Құрмашев. Жаңа баспанаға қол жеткізсем ба деген ниетпен 127 мың АҚШ долларын Алматыинвестстройға салған.

Асқар Құрмашев, үлескер:

- Мен сіздердің ақшаларыңызды казиноға ұтылып қалдым және де біраз ішімдікке кеткені бар, той-моймен кеткені бар дейді. Содан ақшаның бәрі құртылды, қазір ақшам жоқ, не істесеңдер менімен соны істеңдер деп сөйтіп жауап берген.

Қайыржан Қамзаев, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі аға сарапшысы:

- Бұлардың кінәлері делелденген ретте егер бұл жаңағы алынған ақшаларға заттар алынған болса, жұмсап жіберген болса сол заттарды қайтадан сату арқылы, тәркілеу арқылы заң жолымен бұл үлескерлердің ақшалары қайтарылады.

Тергеу амалдары әрі қарай жалғасуда. Үлескерлер алаяқтардың тиісті жазасын алып, қаражаттарының қайтатынан үмітті.

Артқа