Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне - 18 жыл

"Хабар" телеарнасы, 13.07.2010

 

Еліміздің қауіпсіздігіне қатысты ерен міндет жүктелген Ұлттық қауіпсіздік комитетіне биыл 18 жыл толды. 1992 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Комитет арада өткен аз уақытты Тәуелсіздік тарихына толағай табыстармен жазды. Бүгін сала қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған салтанатты концерт өтіп, оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов келді. Бүгін ұлттық қауіпсіздік саласының бір топ қызметкерін комитет төрағасы Әділ Шаяхметов марапаттады. Елдің ішкі тыныштығы мен қоғамның тұрақтылығын сақтау жолында тер төккендерге «ҰҚК-ң құрметті қызметкері», «Айбын» және «ҰҚК-не қосқан үлесі үшін» мәртебелі төс белгілері берілді. Ал қырағылық танытқан бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын полковник шенін алды.

 

Серікбол Әшімов, ҰҚК құрметті қызметкері:

 

- Елбасы, өзіміздің төраға бүгінгі жиналысымызды үлкен баға беріп, ардагерлердің атынан үлкен алғысын айтып сөзінде тоқталып өтті. Соған қарағанда өзім ойлаймын еліміздің ел болып көркеюіне ҰҚК өзінің үлесін нық жеткізіп, қолдап отыр деп. Бүгінгі өзіміздің төл мерекеміз, кәсіби мерекемізбен әріптестерімізді барлығын құттықтағым келіп өмірде жақсылық, бақыт тілегім келеді.

 

Арқаны кеңге салуға уақыты болмайтын комитет қызметкерлері төл мерекеде төс қағыстырып, бір-бірлерін ақжарыла құттықтауда. Биылғы жылы комитеттің ең жуапты саласының бірі — шекара қызметінде 26 жыл талмай еңбек етіп келе жатқан Аманкелді Абылқанов үшін ерекше. Өйткені, оның кеудесінде бүгін қауіпсіздік саласының ең жоғары марапаты — «ҰҚК құрметті қызметкері» төсбелгісі жарқырады.

 

Аманкелді Абылқанов, ҰҚК шекара қызметі директорының орынбасары:

 

- Осы 18 жылдың ішінде біздің жоғары қолбасшымыздың арқасында мемлекет басшыларының арқасында Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне, Шекара қызметіне үлкен көңіл аударылып жатыр, үлкен қаржы бөлініп жатыр. Сол себептен, ойлап отырмын, шекарамыз берік болып, әрқашанда бізге берілген талаптарды, тапсырмаларды абыроймен орындаймыз.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне арналған мерекелік кештің сәнін отандық өнер жұлдыздары келтірді. Елдің ішкі тұрақтылығын сақтау, лаңкестік, заңсыз қару айналымы және нашақорлық, жемқорлық сынды қылмыстармен күресу саланың басты мақсаты болып қала береді.

Артқа