Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Жасырынбақ ойнағандар жасырына алмайды

Александр Тасболатов, Егемен Қазақстан, 21.04.2006ж.

Елбасы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы үшін негізгі басымдықтар қатарында осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселесін алға қойған еді. Соның ішінде діни экстремизмге қарсы іс-қимылға және халықаралық лаңкестік пен есірткі саудасы күресіне бағытталған шаралардың қарастырылуы туралы баса айтылды. Міне, осы орайда, мұндай маңызы зор жұмысты осыдан екі жыл бұрын тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Лаңкестікке қарсы күрес орталығы жүзеге асырады, - дейді журналистерге берген сұхбатында ҰҚК Лаңкестікке қарсы күрес департаментінің бастығы С.Миненков.

Оның айтуына қарағанда, ҰҚК Лаңкестікке қарсы күрес орталығының үйлестіру жұмыстары арқасында лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күрестің 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асып келе жатқан көрінеді. Лаңкестік қауіп-қатерлерге жауап берудің жалпы мемлекеттік механизмінің тиімділігін тексеру мақсатында лаңкестікке қарсы бірлескен оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Айта кетейік, соңғы жылдары осындай ведомствоаралық оқу-жаттығулар республикамыздың 8 облысында ұйымдастырылған.

Лаңкестікке қарсы орталық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекет ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді үйлестіруші ведомствоаралық құрылым. Оның негізгі міндеттеріне – нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, лаңкестік қаупі төнген жағдайда мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және дайындықтарын қамтамасыз ету, халықаралық ұйымдармен және аймақтық орталықтармен ынтымақтасу жатады. Міне, осы талап тұрғысынан алғанда, ЛҚО тарапынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша бірқатар маңызды шараларды қабылдау барысы қолға алыныпты. Мәселен, өткен жылы «Экстремизмге қарсы іс-әрекет ету» Заңы қабылданды. Еліміздің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экстремистік іс-қызметке қарсы әрекет ету мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде, лаңкестік пен экстремизмді қаржыландыруға және насихаттауға қылмыстық жауапкершілік жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда елімізде бір экстремистік және 11 халықаралық лаңкестік ұйымның қызметіне соттың араласуымен тыйым салынды. Бұдан бұрын да хабарланғанындай, кейбір шетелдік лаңкестік ұйымдар Қазақстанда өз азаматтарымызды қылмыстық мақсатта пайдалану үшін құпия қызметке тарту, оларды содырлар лагерьлерінде дайындау, республика аймағында өздерінің құрылымдық бөлігі және тірек нысаналарын құру ретінде қарастыруды жалғастырып отыр. Мәселен, үстіміздегі жылдың сәуір айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар шетелдік арнайы қызметтермен тығыз өзара іс-әрекеттестікте Қазақстан жерінде лаңкестік сипаттағы қылмыстар жасау ұйымдасқан топтың жолын кесті. Оның көшбасшылары мен белсенді мүшелерін құрықтау барысында ҰҚК және ІІМ-нің 120-дан астам қызметкері ат салысты. Ұйымдасқан топтың Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірнеше тұрмыстық және жұмыс мекен-жайлары болған. Соның бәріне бір уақытта тінту жүргізілді. Олардан қолдан жасалған жарылғыш құралдарды жасау сызбалары және бөлшектері, бүлдіру нысандарының жоспарлары, қару, оқ-дәрілер, экстремистік бағытты насихаттайтын көп мөлшерде діни ұрандағы әдебиеттер, аудио және бейнематериалдар табылып, тәркіленді.

Қамауға алынғандар тарапынан төнуге ықтимал қауіптің қаншалықты қатерлі екендігін оларды құрықтау кезінде табылған, яғни топтың шетелдегі тікелей басшыларынан алған нұсқаулары куә. Оларға Қазақстанда шабуылдауға ең ыңғайлы нысанды табуға тапсырма берілген,-дейді сөз арасында Сергей Григорьевич. Айтса айтқандай, лаңкестіктің шетелдік идеологтары шабуыл нысаны ретінде халық көп жиналатын орындарды және тұрмыстық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін таңдауға ұсыныс берген көрінеді. Қозғалған қылмыстық іс бойынша Қазақстанның он азаматына ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны, діни алауыздықты қоздырғаны үшін, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін айып тағылды. Қамауға алынғандардың төртеуі кінәсін мойындап, өздері қылмыстық қудалау органдарына мойынұсынды. Айыпталушылардың үшеуі кезінде шетелде әскери және діни-идеологиялық дайындықтан өткен көрінеді.

Әрине, бұл келтірілген мысал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лаңкестік әрекеттердің алдын алудағы бірінші немесе екінші жағдайы емес. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Атырау қаласы әкімдігінде лаңкестік акті дайындағаны үшін айыптау бойынша Қазақстан азаматы А.Мироновқа қатысты және республикамыздың батыс аймағындағы нысандарда жұмыс істейтін шетелдік азаматтарға қатысты үкім заңды күшіне енді. Ресей Федерациясы аумағындағы бірқатар лаңкестік актілерді жасауға қатысы бар, өткен жылдың соңында осы елдің азаматы Р.Чагилов лаңкестік акциясын жасауға кезекті тапсырманы күтіп, екі жалған төлқұжатпен Қазақстанда тығылып жүрген. Оның туыстарының тұрған жерлерінен гексогеннің құрамдас бөліктері бар ұңғыастылық гранататқыштың зарядтары, электродетонаторлар, аккумуляторлық батареялар, сағаттық механизм, миналық-жарғыштық іс бойынша конспектілер және жалған құжаттар жасырылған жасырын орын табылды.

Өзге елдің қызметтерімен бірлесіп жұмыс істеу барысы да қарқын ала бастады. Әсіресе, лаңкестікке қарсы іс-шараларды жүргізуде өзара қарым-қатынас, көмек тәсілдері жолға қойылды. Соның бірі ретінде, сәуір айында Ресейге зорлық экстремистік акцияларды орындаушы В.Измайлов экстрадицияланды. Ол Екібастұз қаласында ұсталған еді. Сол сияқты бір ай бұрын Тараз қаласында діни-экстремистік бағытты белсенді жүргізгені үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы табылып, қамауға алынды. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі жоғарыдағы мәселелерді айта келе, қылмыстық қудалаудың және одан әрі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның көмегімен лаңкестік пен діни экстремизмнің жолын кесуде белгілі бір нәтиженің болғанына қарамастан, қылмысқа қарсы іс-әрекет етуде ең бір қолайлы тәсіл қылмыстың алдын алу екендігін мойындау керек деді.

Артқа