Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

«Толқын» операциясының қорытындысы

Хабар, 26.10.2006ж.

Каспийде «Толқын» операйиясы аяқталды. Оған шекара күзетіндегі кемелер, тікұшақтар мен десантты-шабуыл жасақтары қатысты. «Батыс» аймақтық басқармасының шекарашылары 10 қыркүйек пен 23 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы су айдындарында заңсыз балық аулаған 80-нен астам шетел азаматын ұстаған. Браконьерлік өндірістік кеңістікке шығып кетті дейді шекарашылар. Балық аулайтын кемелер мұздатқыш және қара уылдырықты дайындап, қорапқа салатын құралдармен жабдықталған. Ал биылдан бастап браконьерлер «тасымал қайығын» көбірек пайдаланатын болды.

Ахметжан Шоқпытов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» аймақтық басқармасы бастығының орынбасары:

- Яғни теңіздегі аулау, дайындау ісімен айналысатын байдтардан бөлек оларға жанар-жағармай таситын, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ететін кемелер бар.

Техникалық бақылау бекеттері тапқан браконьерлер кемесі көбінесе жалған мәліметтер береді. Ал қолға түскендер теңізге өз достарын іздеп шықтық деп ақталады.

Магамбет, күдікті:

- Бұл кеменің иесі әрине бәрін біліп отыр. Ол маған шекара бұзатын жерге тікұшақтар келіп қалса бірден берілуім қажеттігін ескертті. Бірақ бұлай болмайтынына сендірді.

Операция кезінде тәркіленген ау құралдары мен қайықтар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қолға түскендердің тағдырын енді сот шешеді. Бірақ шекарашылардың айтуынша браконьерлерге қолданылатын жаза тым жеңіл. Заң бұзушылар айыппұлмен-ақ бостандыққа шығып кетіп, қайтадан пайда іздеп, қылмысқа барып жатады. Сондай-ақ шекарашылар браконьерлерге балық аулайтын құрал-жабдықтарын қайтармауды ұсынып отыр.

Ахметжан Шоқпытов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» аймақтық басқармасы бастығының орынбасары:


- Балық аулайтын құрал-жабдықтарын тәркілегеннен кейін қайтарудың қажеті жоқ. Олар біздің шаруашылығымызда болуы және қолданылуы немесе бірден жойылуы керек. Әйтпесе біздің шекарашылардың еңбегі еш кетеді.

Каспийдегі браконьерлермен айқас мұнымен тоқтап қалмайды. Жақында шекарашыларға жаңа екінші рангтағы шабуыл кемесі беріледі.

Артқа